Қарақоңыз (Tenebrionidae) – өңделген дəн өнімдерінің
зиянкесі. Олар дəн өңдеуші кəсіпорындарда тіршілік етеді. Оның
түсі қара. Біздің елімізде кіші, үлкен ұн заузалары мен кішкентай
қара зауза неғұрлым кең тараған.
Кішкентай ұн заузасы (Tribolium confusum Duv.) кең
тараған. Ол өнімнің ең қауіпті зиянкестерінің бірі болып
табылады.
Кішкентай ұн заузасы сау, бүтін дəндерді зақымдайды,
кепкен нан, кептірілген көкөніс пен жеміс зиянкесі ретінде де
белгілі.
Қоңыз қызғылт қоңыр түсті, денесі ұзынша, арқасы
жапырайған, ұзындығы 3,5 мм, (110-сурет), қанаттары жақсы
жетілген, бірақ ұша алмайды. Өте өсімтал, ұрғашы қоңыз
дəндерге, ұнға, қапқа немесе ағашқа 500-ге жуық жұмыртқа
салады. Американдық зерттеушілердің мəліметтеріне қарағанда,
ұнға түскен бір қоңыздан ғана қолайлы жағдайда тіршілік еткен
уақытта 150 күннен кейін миллионнан аса ұрпақ тарайды жəне
олар қоректі де көп пайдаланады. Ал дəндерде олар оның ұрығын
жейді.
448
110-сурет. Ұн заузасы
1-қоңыз; 3-құрт
Кішкентай ұн заузасы температурасы 21-33
0
С кез келген
ылғалдықтағы ұнда көбейе алады, температура 15
0
С-тан төмен
жəне 40
0
С-тан
жоғары
жерде
жұмыртқа
салмайды.
Жылытылмайтын орындарда жыл бойы екі, ал жылытылатын
орындарды төртке дейін ұрпақ береді. Қоңыздар төмен
температураға аса сезімтал келеді. 0
0
С температурада 10-12
тəулік, - 5
0
С температурада 5, ал – 15
0
С температурада 2-5 сағат
қана тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |