Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қоңыздар  (қатты  қанаттылар,  Coleoptera



Pdf көрінісі
бет228/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Қоңыздар  (қатты  қанаттылар,  Coleoptera).  Сақталып  жатқан 

астық қорына мына төмендегідей қоңыздар көп зиян келтіреді. 



Бізтұмсықтар  (Curculionidae).  Бұлардың  өкілдерінің  басы 

ұзын  түтік  секілді  болып  келеді,  қоңыздың  бізтұмсық  деген  аты 

да  осыдан  шыққан.  Бұлардың  ең  қауіптісі  қамба  күріш  жəне 

жүгері бізтұмсығы; өйткені, олар дəндерді жасырын зақымдайды. 

Ұрғашылары жұмыртқаларын тұмсығымен ойған арнайы ұяларға 

салып, оның аузын өзі бөліп шығаратын жабысқақ сұйық затпен 

бітейді. Бізтұмсықтар жұмыртқаларын ылғалдығы 10%-дан төмен 

дəндерге  салудан  қашады,  бірақ,  жарма  мен  қатты  нығыздалған 

ұнда да өсіп-өне алады. 

Дəндер ішінде жатқан жұмыртқадан эндосперммен қоректену 

арқылы  балапан  құрт  өсіп  шығарады.  Оның  денесі  терең 

көлденең  қатпарлардан  тұрады,  аяқтары  жетілмеген,  денесі  ақ, 

басы  қоңыр.  Тіршілік  ету  кезінде  балапан  құрт  төрт  рет  қабық 



 

445


 

түсіреді,  белгілі  бір  шамаға  жеткенде  ақ  немесе  ақшыл  қоңыр 

түсті  қуыршаққа  айналады.  Қуыршақтан  шыққан  жас  қоңыз 3-4 

күн  дəндер  ішінде  жатып,  эндосперм  қалдығымен  қоректенеді, 

одан соң қабықты тесіп, сыртқа шығады. 

Бізтұмсық түскен бидай дəндері салмағының 50%-ға жуығын, 

сондай-ақ тағамдық қасиеті мен өнгіштігін жоғалтады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет