Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет230/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Күріш  бізтұмсығы  (Sitophilus oryzae L.)  ауа  райы  жылы 

елдерде  тараған.  Қамба  бізтұмсығына  қарағанда,  өте  ұқсас (3,5 

мм-ге  дейін  ғана),  денесі  күңгірт  қоңыр  түсті,  үстіңгі 

қанаттарында  төрт  симметриялы  қызғылт  сары  немесе  қызыл 

түсті теңбілдері бар (109-сурет). 

 

 



109-сурет. Күріш бізтұмсығы 

а - қоңыз;  б - жұмыртқа;  в,г,д,е - балапан  құрттар;  ж,з – 

қуыршақтар. 

 



 

447


 

Қоңыздың  қанаттары  жақсы  дамыған,  сондықтан  олар  ұша 

алады,  сөйтіп  тек  қоймадағы  ғана  емес,  егістіктердегі  дəнді 

дақылдарды зақымдайды. Күріш бізтұмсығы қамба бізтұмсығына 

қарағанда,  өсіп-өнгіш  жəне  жылу  сүйгіш.  Ұрғашысы 300-500 

жұмыртқа сала алады.  

Еліміздің  оңтүстік  өңірлерінде  ол  жылына 4-5, ал  кейде 

жетіге дейін ұрпақ береді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан 

сайын  ұрпақ  саны  үшке  дейін  жəне  одан  да  əрі  кеми  береді. 

Қолайсыз  температураға (-5

0

С) 4-5 күн  ғана  шыдайды. 



Сондықтан  дəндермен  бірге  орталық  аудандарға  түскен  ол,  өліп 

қалады.  Əйтсе  де  күріш  бізтұмсығы  жылы  жақтарда  қалдықтар, 

сабандар  секілді  жағдай  бар  жерлерде  жыл  бойы  тіршілік  етіп, 

жаңа өнім дəндерін зақымдауы мүмкін. 

Күріш  бізтұмсығының  тəуір  көретін  қорегі – қауызы 

аршылған күріш. Бірақ, ол қамба бізтұмсығы тіршілік ететін өзге 

де барлық дақыл дəндерінде көбейе алады. Күріш бізтұмсығының 

жауы да шаншар.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет