Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет236/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Қысқа  мұртты  ұн  жегіш(Cryptolestes ferrugineus Steph) 

еліміздің 

оңтүстік 

аудандарында 

тараған. 

Табиғат 


қалдықтарында,  қырман  маңайында  тіршілік  етеді,  егістегі, 

қырмандағы  дəндерді  зақымдайды.  Астықта  топ-топ  болып 

жиналып, оның өздігінен қызуына себепкер болады. 

Дəн құрттары (Bruchidaeқатты қанаттылар тобындағы ең 

көп  тараған  жəне  бұршақ  тұқымдастар  дəндердің  қауіпті 

зиянкестерінің  бірі.  Оған  бұршақ,  жасымық  жəне  фасоль 

қоңыздары жатады (111-сурет). 

 

 

 



111-сурет. Дəн құрттары 

 

Бұршақ  қоңыз  (Bruchus pisorum L.)  еліміздің  оңтүстік 

аудандарына  тараған.  Ол  монофаг  қоңыздарға  жатады,  яғни 

бұршақ  дақылдарында  тіршілік  етіп,  сонымен  қоректенеді,  оны 




 

451


 

егістікте тамырынан жейді. Бұршақ қоңыз құрамасы мен дəндерді 

зақымдау түрлері 112-суретте бейнеленген.  

Денесі  сопақша,  ұзындығы 5 мм-ге  дейін  жетеді,  түсі  қара 

қою  сұр  түгі,  көлденең  ақ  жолақтары  бар,  үстіңгі  қанаттары 

денесінен  қысқа.  Құрсағының  төменгі  жағын  ашық  түсті  түк 

басқан,  айқасып  түскен  екі  қара  дағы  бар.  Қоңыз  жақсы  ұшады, 

бұршақ  егісінде  өсімдіктің  гүлдеу  кезеңінде  пайда  болады.  Ол 

гүлдердің тозаңы жəне күлтесімен қоректенеді. Бұршақ байланар 

кезеңде ұрғашы қоңыздар орта есеппен екі жүзге дейін жұмыртқа 

салады. 

 

 



 

112-сурет. Бұршақ қоңызы 

1-қоңыз; 2-балапан  құрт; 3-қуыршақ; 4-қоңыздың  бұршақ 

дəндерін зақымдау түрлері 

 

Жұмыртқадан  шыққан  балапан  құрт  бұршақ  қабырғасын 



кеміріп  жеп,  ішіне  өтеді  (бір  тұқымда  бір  құрт)  де,  сонда  өсіп, 

жетіледі.  Балапан  құрт  қуыршақтанар  алдында,  кейін  қоңыздың 

шығуы  үшін  қабықты  тесіп  жол  салады.  Өнім  жинағанға  дейін 

балапан  құрт  қуыршақтанып,  қоңыздың  одан  əрі  өсіп  жетілуі 

қоймаларда  бұршақ  ішінде  өтеді.  Қоңыздар  қысқы  ұйқыдан 



 

452


 

көктемде ауа температурасы 10-12

0

С болғанда оянып, бұршақты 



тастап  ұшып  шығады  да,  егістікке  оралады.  Қоңыз  зақымдаған 

бұршақ  салмағы 35%-ға  дейін  кемиді,  себуге  де,  тамаққа  да 

жарамайды,  өйткені  оған  балапан  құрттар  мен  қуыршақтардың 

нəжісі мен қабығы араласады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет