Қулықшыл қоңыз (Ptinidae). Бұл тұқымдастар өкілдері
мұндай атқа өздері тіршілік ететін дəндерді жəне басқа да
өнімдерді қозғалтқан жағдайда өтірік өлген сияқты болып
қалатын (аяқтары мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп
қалатын) қабілетіне байланысты ие болған.
Қулықшыл-ұры (Ptinusfur L.) ең көп тараған зиянкес
жəндіктер өкілдерінің бірі. Қоңыз бен балапан құрт көп қоректі
қажет етеді, олар дəндерді, дəндер өнімдерін жəне олардан
жасалған бұйымдарды зақымдайды, пішенде, қураған емдік
шөптерде дамып жетіледі.
Еркегі мен ұрғашысының сыртқы пішіндері əртүрлі.
Еркегінің денесі ұзынша, 4,3 мм-ге дейін жетеді, түсі қоңыр.
Ұрғашысының пішіні сопақша, ұзындығы 3,1 мм шамасында,
қара қоңыр түсті, үстіңгі қанатында симметриялы орналасқан
төрт ақшыл дағы бар. Қоңыздың аяқтары ұзын, талтақ, бұл оны
өрмекші секілді етіп көрсетеді. Денесі түк басқан.
Қулықшыл-ұры суыққа төзімді жəндіктер қатарына жатады.
Орта Азияда, Беларусияда, Ресейдің орталық облыстарында,
Сібірде, Қиыр Шығыста кездеседі. Қоңыздың дамуы үшін
қолайлы температура 23
0
С. Ұрғашысы 170, жұмыртқаға дейін
453
салады. Температураның қандай болғанына қарай қоңыз жылына
бірден үшке дейін ұрпақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: |