сектор көлеміне тең. Деректердің физикалық түрінен логикалыққа
ауысқан кезде физикалық блоктар файлдық жүйе жұмыс істейтін
кластерлерге біріктіріледі.
Осылайша, файлдармен жұмыстың барлық жүйесі негізгі төрт
деңгейге бөлінген: жоғарғы екеуі деректердің логикалық ұсынысын
анықтайды, ал екі төменгісі – физикалық түрлерін анықтайды.
Қолданбалы бағдарламалаушының UNIX-жүйесіндегі негізгі
жұмысы файлдық жүйе деңгейінде жүретіндіктен жоғарыда тізілген
файлдық жүйенің барлық қызметтерін біріктіру қажет:
■
Ақпарат жинақтауышында деректерді ұйымдастыру туралы
келісімді анықтау;
■
Деректерге қолжетімділік жолдары туралы келісімді анықтау
(тізбекті және еркінше);
■
Файлдардың атауы туралы келісімді анықтау;
■
Деректердің логикалық құрылымы туралы келісімді анықтау;
■
ОЖ ядросы құрамына кіретін және жоғарыда көрсетілген келісімдер
бойынша жинақтауыштардағы мәліметтермен жұмыс жасауға
арналған тәсілдер жинағын анықтау.
КАТАЛОГТАР
Файлдарды реттеу және ұйымдастыру үшін операциялық
жүйелерде каталог түсінігі бар. Каталог файлдар туралы және басқа
каталогтар туралы жазбалардан тұрады. Қандай да бір каталогта
жазбалары бар файлдар мен каталогтар осы каталог ішінде орналасқан
деп саналады. Бұл анықтаманың рекурсивтілігі каталогтар өзегі
туралы, сонымен бірге файлдарды ұйымдастыру үшін қызмет ететін
иерархиялық жүйе туралы айтуға мүмкіндік береді (сурет-2.6).
Суретте келтірілген атауы dir деп басталатын элементтер
каталогтар, ал атауы file деп басталатын элементтер — файлдар. Егер
бір каталог екінші каталогтың ішінде орналасатын болса сыртқы
каталог бірінші каталогқа аталық деп аталады немесе шағын каталог.
Ішінде орналасқан каталог ішкі каталог деп аталады. Мысалы, dir3
каталогы dir5 каталогы үшін аталық, ал каталог dir2 —dir1
каталогының ішкі каталогы. Аталық каталогы жоқ, иерархияның
жоғары деңгейінде орналасқан каталог түбірлік каталог деп аталады.