Сурет-2.8. «Білімді
бақылау»
жүйесінің негізгі
каталогтары
ерекшеленеді. UNIX-жүйесінің стандартты каталогтар құрылымы
туралы толықтай 7.1- бөлімде қарастырылған.
Біздің «Білімді бақылау» қолданыстағы тапсырмамызды
шешу үшін деректерді ұйымдастыру құрылымын анықтау қажет.
Ол үшін жүйелік файлдар UNIX қалай орналасса соған ұқсас
жасауға болады — мәліметтер мен бағдарламаларды бөлек
каталогтарға орналастырып, қосымша жіктеуді қажет ететін
мәліметтерді
деректер
каталогының
ішкі
каталогына
орналастырады.
«Білімді бақылау» қосымшасының бағдарламаларын және
барлық деректерін сақтайтын каталог түбірлік каталогтың ішкі
каталогы болсын (сурет-2.8), және атауын check деп алайық.
Қосымшаның деректері екі каталог бойынша жіктеледі —
check каталогында студенттердің (students) және оқытушының
(teacher) жұмыс үстелдерін сақтауға арналған каталог
орналасады. Жүйедегі басты әрекеттерді орындауға арналған
тапсырмалар
scripts
каталогына
орналастырылады.
Каталогтардың толық атаулары төмендегідей болады:
/check
/check/students
/check/teacher
/check/scripts
Әр студенттің жұмыс үстелі каталог болып табылады, оның атауы
студенттің жүйедегі тіркелу атауымен сәйкес келеді. Әр студенттің
каталогында орындалған жұмыстарға арналған бөлек ready ішкі каталогы бар.
Оқытушының жұмыс үстелінде әр тақырыпқа бір каталогтан арналады,
тақырыптар нөмірленеді, ал каталогтар атаулары themel, theme2 және т.б.
түрлері болады. Студенттерден жиналған жұмыстар үшін оқытушының жұмыс
үстелінде арнайы бөлек каталог works болады.