Сурет-2.6. файлдарды каталог
бойынша орналастыру мысалы
Каталогтарды заманауи операциялық жүйеде пайдалану үш
факторға негізделген:
1) Каталогтар операциялық жүйенің файлды іздеуін жылдамдатады.
Дарақта іздеу немесе бірдей шарттарды іздеу әдетте сызықты тізімге
қарағанда тезірек жүреді;
2) Каталогтар файлдар атауларының бірегейлігінен кетуге рұқсат
береді. Әр файлдың атауы бірегей болуы керек, бірақ бұл бірегейлік
каталог шеңберінен тыс болуы керек;
3) Каталогтар жинақтауыштардағы файлдарды жіктейді. Әдетте бір
каталогқа қандай да бір ортақ сипатпен біріктірілген файлдарды
орналастырады, мысалы, кітап тараулары немесе операциялық жүйенің
жүктелген файлдар.
Сақтау тұрғысынан қарағанда файлдық жүйедегі каталог — бұл
өзінің ішінде сақталған файлдар мен каталогтар атаулары мен
атрибуттары жазылған арнайы түрдегі файл. Қарапайым файлдардан
ерекшелігі каталогтарға тізбектей қолжетімділік мүмкін емес —
каталогтармен жұмыс файлдармен жұмысқа қарағанда басқаша
ұйымдастырылған. Каталогпен жұмыс жасаған кезде біз олардың
ішіндегі бөлек жазбалармен жұмыс жасаймыз, яғни осы каталогта
орналасқан файлдар мен каталогтар туралы ақпараттардан тұратын
ақпараттық блоктармен жұмыс.
Қарапайым операциялық жүйелер тек бір каталогпен жұмыс
істейтін файлдық жүйелермен жұмыс жасай алады. Ол файлдар
сақталатын түбірлік каталог. Анағұрлым күрделі операциялық жүйелер
шектелмеген тіркеме каталогтар тармағымен жұмыс жасайды.
Каталогтар бұтақтарының тіркеме тереңдігін шынайы шектеулігі