ФАЙЛДАР МЕН КАТАЛОГТАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАР Файлдарға қолжетімділік үшін операциялық жүйе файлдармен
жұмыстың негізгі қызметін жүзеге асыратын жүйелік шақыртулар
жинағын ұсынады (кесте-2.1) [16].
Кесте- 2.1.
Файлдармен жұмыс жасауға арналған жүйелік шақыртулар
Жүйелік шақырту
Сипаттама
Create
Шақырту кезінде ішінде деректер жоқ бос файл пайда болады.
Шақырту файлға бірінше жазба жазылар алдында жасалады.
Delete
Файл атауын өшіреді. Егер деректер блогымен байланысты
басқа файл атаулары жоқ болса, онда деректер блогы өшіріледі
де, дисктік кеңістік босайды.
Open
Бұл шақырту кез-келген файлмен жұмыс басталар алдында
жүргізілуі керек. Шақыртудың негізгі мақсаты — оперативті
жадыға файл параметрлерін оқу, файлға кіріс-шығыс дисктік
буфер бөлігін алып қою, және файлды ашқан бағдарлама
жұмысы барысында файлға уақытша пайдаланушы
идентификаторын тағайындау.
Close
Кіріс-шығыс буферіндегі, файл деректер жинағын сақтайтын
дисктегі мәліметтерді жояды, буфер ресурстарын босатады,
уақытша пайдаланушы идентификаторын өшіреді.
Read
Файлдан жалпы аумағына берілген байттар санын оқуға
арналған. Оқу файлдағы ағымдағы позициядан басталады.
Оқытылғаннан кейін ағымдағы позиция оқылған деректер
соңынан баратын байтқа көшіріледі.
Write
Ағымдағы позициядан бастап мәліметтерді файлға жазуға
арналған. Егер ағымдағы позиция файл соңымен сәйкес келсе
деректер жинағы артады. Егер ағымдағы позиция файл
ортасында орналасса, онда бар деректер жоғалады.