50
Жүйелік шақырту
Сипаттама
CloseDir
OpenDir шақыртуымен оқылған, каталог параметрлеріне
арналып белгіленген жадыны босатады
ReadDir
Каталог элементін оқуға арналады.
Файлға арналған Read шақыртуымен салыстырғанда бұл
шақыртудың ақпарат бірлігі файлдардың қасиеттерін
анықтайтын деректер құрылымы
Rename
Файлға арналған Rename шақыртуымен бірдей
Link
Каталогтағы файлға қатты сілтеме жасау
Unlink
Каталогтағы файлға арналған қатты сілтемені өшіру. Егер
файлға соңғы сілтеме өшірілсе, бұл файлдың деректер
жинағына қолжетімділілк жоғалады, ал деректер қоры алып
жатқан дисктегі кеңістік бос болады.
2.2.
кестенің соңы
Файлдармен жұмыс жасау үшін пайдаланушы қандайда бір
белгіленген тіл қолданады. Тілдің иілгіштігіне байланысты
пайдаланушыға жоғарыда көрсетілген жүйелік шақыртылуға сәйкес
тілдің синтаксикалық құрылысы ұсынылады немесе жүйелік
шақыртулар бөлігі тіл құрылысымен жасырынады.
UNIX-жүйелерінде
файлдармен жұмыс жасаудың әдеттегі
тәсілдерінің бірі осы мақсатта UNIX командалық түсіндіруші және
оларға ұсынылатын команда тілін пайдалану. Командалық түсіндіруші
мүмкіндіктеріне келесі тарауда шолу жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: