Каталогтарға қолжетімділік үшін операциялық жүйе шамамен
файлдармен жұмысқа арналған қызметтерді жүзеге асыратын жүйелік
шақыртулар жинағын ұсынады (кесте-2.2). дегенмен каталог ішіндегі
ақпаратты мәтін секілді оқу мүмкін болмағандықтан айтарлық
өзгешеліктер бар.
Жүйелік шақырту
Сипаттама
Append
Бұл жүйелілік шақырту Write шақыртуының қысқартылған
пішінін білдіреді. Оның негізгі қызметі — файл соңына
деректерді қосу.
Seek
Файлдағы ағымдағы позицияны белгіленген орынға апаруға
арналған шақырту. Әдетте позиция файл басынан басталған
байттар санымен беріледі.
Файл атауын өзгертуге арналған шақырту. Бұл шақырту ОЖ
әруақытта бола бермейді, өйткені файлды жаңа атаумен
көшіріп, ескісін кезде де немесе деректер жинағына қатты
сілтеме жасап, ескі қажет емес сілтемені өшіру арқылы осы
нәтижені алуға болады.