51
Бұл қызметтік блоктар бұтақ тәріздес құрылымға ұйымдастырылған,
яғни әр блок басқа қызметтік блоктарға және пайдаланушы деректері
блогына сілтеме жасалады (сурет-2.9).
Бұтақ тамыры индекстік блок (i-node), ол жерде файлдар
атрибуттары
(модификация
уақыты,
соңғы
жүгіну
уақыты,
қолжетімділік құқығы, файл типі және т.б.) және деректер блоктарына
сілтемелер массиві сақталады.
Сілтемелер массивінің көлемі шектелген. Егер блоктар саны массив
көлемінен асып түссе жалаң сілтемелік блок жасалады да i-node
элементтерінің біреуі соған сілтемені жасай бастайды. Жалаң сілтемелік
блок деректер блогына сілтеме жасайды.
Сілтемелер массивінің де көлемі шектеулі болғандықтан индекстік
блокта және жалаң сілтемелік блокта барлық сілтемелерді толтырып
тастаған жағдайда қос сілтемелік блоктар жасалады. Дара блокқа
жасалған сілтемелер екілікке ауысады да, индекстік блок қос блокқа
сілтенеді.
Осылайша, сілтемелер ағашының тереңдігі өседі. Егер барлық
деректер блогының сілтемелік блоктарына жинақтың ішіне кіретін
еселік сілтемелер жетпесе,
Сурет-2.9 UNIX-файлдық жүйесінде
деректер жинағының құрылымы