диффуздық бөлігіндегі φ δ потенциалдың құлауынан тұрады. Дзета-потенциал (ζ) ҚЭҚ-тың ең маңызды параметрлерінің бірі-осы нақты
бөліну шекарасының электрлік қасиеттерінің мағыналы сипаттамасы болып
табылады.
Штерн теориясы Гуи-Чепмен теориясына қарағанда эксперименттік
байқаулар нәтижелеріне жақсы сәйкес келеді. Иондар мөлшерін есепке алу
және адсорбциялық потенциал туралы көзқарасты енгізу арқасында ол әртүрлі
электролиттердің ҚЭҚ-қа және дзета-потенциалға әсерлерінің бірқатар
ерекше ерекшеліктерін түсіндіре алады. Бірақ-та Штерн теориясы да әбден
жетілген толық теория бола алмайды, себебі ол бірқатар болжамдарға сүйеніп
жасалды және онда көптеген анықталмағандықтар бар, мысалы, адсорбциялық
потенциалдың концентрацияға тәуелсіздігі туралы болжамды қабылдау қиын.
ҚЭҚ-тағы жылжудың жазықтығы туралы көзқарас тіптен де шартты болып
табылады. Шын мәнінде Штерн ойлағандай жылжу жазықтығы анығында жоқ,
тек қатты фазаның бетінен белгілі қашықтықта басталатын сұйықтың
фазааралық беттен ерітінді тереңіне (ішіне) жылжуы орын алады.
Бұл коллоидтық жүйенің өте маңызды сипаттаушысы болып табылатын
және потенциалдың ҚЭҚ-та құлау сипатына ғана емес, сонымен бірге
сұйықтың қатты бетке тақау жерде қозғалысының сипатына да тәуелді ζ-
потенциалға әсер етеді.