Дәріс 14 Тақырыбы: Дисперсті жүйелердің агрегаттық және седиментациялық тұрақытлығы. Коагуляция, оның кинетикасы мен түрлері. Гидрофобты зольдердің электролиттік коагуляциясы. Шульце Гарди ережесі. ДЛФО теориясы. Жоспар: 1. Дисперсті жүйелердің агрегаттық және седиментациялық тұрақытлығы 2. Коагуляция, оның кинетикасы мен түрлері. Гидрофобты зольдердің электролиттік коагуляциясы. 3. Шульце Гарди ережесі. ДЛФО теориясы. ДЖ-лердің тұрақтылық мәселесі КХ-ның өзекті мәселелерінің біріне
жатады.
Салыстырмалы тұрақтылық(САТ) – бұл ДЖ-нің белгілі бір уақыт
аралығында өзінің құрылымын өзгермейтіндей, яғни бөлшектердің мөлшерін
және олардың жүйе көлемінде біркелкі таралуын сақтау қабілеті.
Н.П.Песков 1917 ж. ДЖ-лердің САТ-ғын седиментациялық (кинетикалық)
және агрегаттық деп ажыратуды ұсынды.