дағдарыстық)
концентрациясы (МТКК) деп аталады. Мицелла түзілу
нәтижесінде полярсыз тізбектер суға қараған полярлы топтармен экрандалған
(перделенген) көмірсутектік тамшы түзгендей болады. Мұндай жағдай бос
энергияның минимумына сәйкес болады. Мицеллалардың мөлшерлері
ионогенді топтар арасындағы электростатикалық тебілу күштерімен
шектеледі.
Концентрацияны әрі қарай арттырғанда сфералық мицеллалар арасында
әрекеттесу жүреді де табақша (диск) тәрізді, цилиндрлік, пластинка тәрізді
мицеллалар және ең соңында сұйық кристалдар түзіледі.
Мицелла түзілудің өтпелі (критикалық) концентрациясы көмірсутек
радикалының құрылымы мен ұзыдығына, полярлы топтың табиғатына,
ерітіндіде электролиттің болуына және температураға тәуелді. МКК
шамаларын
ерітінділердің
физика-химиялық
қасиеттерін
(электр
өткізгіштікті, беттік керілуді, жарықты шашыратуды немесе жарықты
сіңіруді) БАЗ концентрациясына байланысты зерттеп, эксперимент (тәжірибе)
жүзінде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: