2. ЖМҚ ерітінділері ЖМҚ макромолекулалары бірімен-бірі химиялық байланысқан жүздеген
және мыңдаған атомдардан тұратын аса ірі түзілімдер болып табылады.
Барлық ЖМҚ-ды шығу тегі бойынша биохимиялық синтез арқылы
түзілетін табиғи және полимерлену немесе поликонденсациялану жолымен
жасанды түрде алынатын синтетикалық деп бөлуге болады.
Полимерлік тізбек құрылымына байланысты ЖМҚ сызықты,
тарамдалған және кеңістіктік болып бөлінеді.
Төменгі молекулалы заттардың шын ерітінділері сияқты ЖМҚ-дың
ерітінділері өзінен-өзі түзіледі және термодинамикалық тұрақты болып
табылады. Олардың лиофобты коллоидтық жүйелерден өзгешелігі осыған
байланысты. Термодинамикалық тұрақтылықтың болуы энтальпиялық және
энтропиялық факторлардың қолайлы қатынаста болуымен байланысты.
ЖМҚ дисперстік жүйелерге тән бірқатар қасиеттерге ие: олар мөлшерлері
зольдер бөлшектерінің мөлшерлеріне (1-100 нм) шамалас ассоциаттар түзуге
қабілетті; жарықты шашыратады; эмульсиялардың, суспензиялардың және
көбіктердің түзілуіне қолдау көрсетеді; олар үшін диффузия және броун
қозғалысы тән. Осыларға қарамастан лиофобты зольдардан өзгеше ЖМҚ
ерітінділерінде гетерогенділік жоқ, яғни оларда үлкен фазааралық бет жоқ.
Тек ЖМҚ-ға ғана тән ерекше қасиет болып олардың еріткішпен
әрекеттескенде ісінуі жатады. Ісіну шектелген және шектелмеген болып
бөлінеді. Соңғысы полимерлердің еруіне жеткізеді.
Ерітіндіде жоғары молекулалы иондар түзе диссоциацияланатын көптеген
ЖМҚ бар. Олар полиэлектролиттер деп аталады.
Полимерлік топтардың табиғатына байланысты полиэлектролиттер