Жалған сұйылу-бұл ұнтақ қабатының жүйеге өрлеме газ ағыны әсерінен қалқыңқы күйдегі қатты бөлшектердің сұйық тәрізді жалған сұйық қабат түзуі. Сыртқы түрінен қайнаған сұйыққа ұқсастығына байланысты жалған сұйықтық қабатты жиірек қайнаушы қабат деп атайды. Сусымалы материалдарды газдың әсері арқылы қозғағанда құбырда жүргізу транспортының түрі пневмотранспортты қолданады. Белгілі мөлшердегі және пішіндегі, алдын-ала белгіленген қасиеттері бар қатты бөлшектерді (гранулаларды) қалыптастыру үшін гранулалауды (грануляциялауды) қолданады. Гранулалар мөлшері материалдар түріне, оны әрі қарай өңдеу әдісіне және қолданылуына байланысты болады. Гранулалау түрлеріне құрғақ гранулалау, ылғалды құйындыру, престеу жатады.