Физика-химиялық механика (ФКМ) негіздері. Дисперстік жүйелердегі құрылым түзілу. Зат химиялық және физикалық қасиеттер жиынтығымен, ал материал-
оларды іс жүзінде қолдануды анықтайтын қасеттермен сипатталады. Бұл
мағынадан қарағанда маңызды болып мықтылықтың (беріктіктің),
серпімділіктің, созылғыштылықтың, иілімділіктің және т.б. механикалық
қасиеттердің жиынтығы табылады. Бұл қасиеттер құрылыммен тығыз
байланыста болатындықтан құрылымдық-механикалық қасиеттер деп
аталады. Бұл қасеттер қандай да болмасын құрылымдық жүйелерді құрылыс
және конструкциялық материалдар ретінде қолдану мүмкіндігін анықтайды.
Қазіргі заманғы коллоидтық химияның осындай қасиеттерді зерттейтін