жүйелер коагуляциялық және конденсациялық-кристаллизациялық болып екіге бөлінеді. ДФ бөлшектері бір-бірінен дисперсиялық ортаның қабатшасы арқылы
бөлінген коагуляциялық құрылымдар-гельдер ван-дер-ваальс күштері
есебінен түзіледі және беріктігі төмен болады. Бұл құрылымдар үшін
тиксотропия және синерезис қасиеттері тән. Белгілі бір жағдайларда гельдер
зольдарға айнала алады.
Конденсациялық-кристаллизациялық құрылымдар бөлшектер арасындағы
тікелей химиялық әрекеттесу нәтижесінде түзіледі. Олар қатты дисперсиялық
орталы байланған дисперстік жүйелерге тән және оларға қаттылық және
омырылғыштық береді. Коагуляциялық құрылымдардың конденсациялық-
кристаллизациялық құрылымдарға айналуы қайтымсыз процесс болып
табылады.
Құрылымданған
жүйелер
механикалық
салмақтың
әсерінен
деформациялануға қабілетті болады, кейбір жағдайларда олардың ағуы
жүреді. Мұндай жүйелерді оларда құрылымдардың бар болуы және олардың
сипатын анықтау мақсатында зерттеу деформация және материалдық жүйенің
аққыштығы туралы ғылым реология әдістерімен жүзеге асырылады.
Құрылымсыз жүйелер, сұйық тәрізді коагуляциялық және қатты тәрізді
жүйелер бір-бірінен құрылымдық-механикалық қасиеттері (тұтқырлық,
серпімділік, беріктік және иілгіштік) бойынша ажыратылады.
Құрылымсыз коллоидтық жүйелер сұйықтар сияқты Ньютон, Пуазейль
және Эйнштейн заңдарына бағынады. Олар тұтқырлық тұрақты және әсер
ететін салмаққа тәуелсіз болады. Олар ньютондық сұйықтар деп аталады.
Сұйық тәрізді құрылымданған жүйелер ньютондық емес сұйықтар деп
аталады. Олардың ағуы Ньютон заңына бағынбайды, ал тұтқырлығы қозғау
кернеуіне тәуелді болады. Шекті деп аталатын белгілі бір жылжыту
кернеуінде құрылым толығынан бұзылады да жүйе ньютон сұйығына ұқсас
ағатын болады, сонымен бірге жүйенің тұтқырлығы минималды болады.
Қатты бейнелі құрылымдық жүйелер жылжытудың бірінші (статикалық)
шекті қысымның болуымен сипатталады. Оған жеткенше сұйық ақпайды және
жылжулық қасиет көрсетпейді. Көптеген қатты пішінді денелер үшін
құрылымның бұзылуы аққыштық шегінен төменгі қысымда жүреді.