2. Катионактивті БАЗ-дар (КАБАЗ). Бұларға беттік активтілікті ұзын
тізбекті катион көрсетеді.
3. Амфолиттік (амфотерлі) АБАЗ-дар–құрамында қышқылдық та (әдетте
карбоксил, сульфаттық немесе сульфотоптар) және негіздік те (әдетте бұлар-
әртүрлі дәрежеде орын басқан амин топтары) топтар бар заттар. Олар рН<4
болғанда КАБАЗ-дар қасиеттерін, рН 9-12 болғанда ААБАЗ-дар қасиеттерін
көрсетеді, ал рН 4-9 болғанда өздерін ионогенсіз зат түрінде білдіреді.
4. Ионогенсіз БАЗ-дар-бұлар қышқылда да, сілтіде де еритін, суда
ерімейтін этилен тотығының қосылыстары.
Б. Әсер ету механизмдері бойынша П.А.Ребиндер ұсынған топтпмаға
сәйкес БАЗ-дар 4 класқа бөлінеді:
сулағыштар,
диспергаторлар,
стабилизаторлар (тұрақтандырғыштар),
жуушы заттар.
1. Сулағыштар–бұлар суда шын еритін, сұйық–ауа(газ) шекарасында ғана
(көпшілігінде) беттік активті, не көлемде, не адсорбциялық қабатта құрылым
түзбейтін төменгі молекулалы заттар.
4>