4. Жуушы заттар-бұлар құрамында дамыған көмірсутек радикалдары
және күшті гидратталған топтар бар, жоғары беттік активті және
гидрофильдеуші әсер ететін заттар. Бұл топтағы БАЗ-дар судағы
ерітінділерінде мицелла түзілудің өтпелі (критикалық) концентрациясы (МКК-ККМ) деп аталатын белгілі бір концентрациядан жоғары
концентрацияда агрегаттар-лиофильдік зольдердің мицеллаларын, сонымен
бірге құрылымдалған адсорбциялық қабаттар түзетін ерекше қасиеттері бар
заттар. Сондықтан оларды мицеллатүзуші БАЗ-дар–МТБАЗ-дар деп атайды.
Жуушы БАЗ-дар сонымен бірге іс жүзінде ерімейтін лиофобтық (майлы)
кірлерді (ласты) мицеллалар ядроларында коллоидтық еру-солюбилизация тудырады. Барлық БАЗ-дар арасында жуушы заттар көлемі бойынша іс
жүзінде қолданылуы жағынан әлемде бірінші орын алады.
Коллоидтық БАЗ-дардың маңызды сипаттамасы болып, гидрофильдік-