Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Дыбыстардың  өзгеруі  мен  үндесуі



Pdf көрінісі
бет12/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

 
Дыбыстардың  өзгеруі  мен  үндесуі.  Тіл  дыбыстары,  әдетте  жеке-дара 
күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тірксіп, 
сөз  ара  тізбектелген  түрде  қолданылады.  Сөздердің  құрамындағы  немесе 
сөздердің  аралығындағы  дыбыстар  біріне-бірі  ықпал  етіп,  бірімен-бірі  өзара 
үндесіп  айтылады.  Сөз  құрамында  дауысты  дыбыстардың  бір-бірімен  өзара 
үндесіп  айтылатыны  сияқты,  дауыссыз  дыбыстар  да  бір-біріне  әсер  етіп  өзара 
үндесіп  айтылады.  Дыбыстардың  өзгеріп үндесуі  олардың  айтылуда бір-біріне 
артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтежесінде іске асады. 
        Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы 
бар буыннан кейін, соған сәйкес жуан дауыстының келуі  (тау-лар,  тоғай-лар), 
жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған  орай жіңішке дауыстының 
келуі  (көл-дер,  өзен-дер)  түрінде  болады.  Ал  түбір  сөздің  соңындағы  қатаң 


 
17 
дауыссыздан  кейін  қосымшаның  да  қатаң  дауыссыздан  басталуы  (қонақ-
қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да  ұяң дауыссыздан 
басталуы  (қаз-ға,  қаз-дар)  дауыссыздың  бір-біріне  ықпал  етіп,  өзара  үндесуі 
болып саналады. 
        Дауыстылардың  бір-бірімен  өзара  үндесуі  сингорманизм  деп  аталады  да, 
дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет