13
бала – Кешубай, Қашқын, Әйтеке тарайды. Бұл шежірелер әлі де болса,
салыстыра, анықтай түсуді керек етеді».
2. Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
3. Мәтіннен он сөз жазып, сол сөздердің қайсысында
У әрпі дауысты
дыбыстың, қайсысында дауыссыз дыбыстың таңбасы екенін ажыратып
айтыңыздар.
Әлім ауылының бір аяулы қариясының кенже баласы жауменен шайқас
кезінде найзаға ілігіп мерт болады. Сонда көңіл айтуға батылы бармай тұрған
көпшілікті Әйтеке би бастап барып, әлгі қарияға:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Тамыры суда болса да,
Уақтысы жеткенде,
Қуармайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ, тұрақ жоқ.
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын,
Түнде жанған шырақ жоқ,
Артта қалған тұяқ жоқ,
Шүкіршілік етіңіз, -
дегенде, ол кісі: «Әйтекембісің»- деп басын көтеріпті деседі ел
(Әйтеке би).
2-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерден жіңішке дауысты дыбыстарды
тауып, астын сызыңыздар.
Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі
жазып жүр. Қазақ Кеңес энциклопедиясының 1-томында: «Айтық, Әйтеке-
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында
Самарханды билеген атақты Жалаңтөс батырдың немересі» деп көрсетілген. Ел
аузында айтылып жүрген бір шеджіре – аңызда Қаражігіт би Ташкент
шаһарының қасындағы Келес өзені бойында туған. Ташкентті билеген Төле
биден 18-19 жастай кіші еді дейді. Бұл дерекке қарасақ Әйтеке би 1681-82
жылдары туылған боп шығады. Ш.Серікбаевта жоғарыдағы мақаласында
Әйтеке биді 1683 жылы туылған деп жазыпты.
Ал, Әйтеке би жөнінде белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев өзінің «Егеменді
Қазақстан» газетінің арнайы тапсыруы бойынша жазған «Әйтеке би» атты
мақаласында жан-жақты зерттеп толғана отырып, Әйтеке би қақында көптеген
жайларды анықтай түскен.
2. «Ә» әріпі қандай сөздерде сөздің соңғы буынында жазылады?
3. Мәтіндегі сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстарды теріп жазып,
әрқайсысының артикуляциялық қасиеттерін көрсетіңіздер.
Шежіре, Жалаңтөс, Қаражігіт
Е – жіңішке, езулік, ашық, жалаң
І – жіңішке, езулік, қысаң, жалаң
А – жуан, езулік, ашық, жалаң
15
Құм ү...тінде ине ...абақтама,
Тү...іп кет...е табылма...
Қонған үйді бір күнде адақтама,
Қоналқы ертеңге табылма.
2. Дауыссыз дыбыстар жайында не білесіздер? Олар қалай бөлінеді? Толық
талдау жасаңыз.
3. «Бай» сөзіне талдау жасап, антонимін атаңыздар.
5-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп, сөздердегі қатаң дауыссыздарды
сызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: