§ 3. Тілдің даму барысында жаңа сапалық
белгілердің көріне бастауы
Қазақтың төл жазба әдеби тілі – бір жылдың (бір мерзімнің),
бір-екі адамның еңбегі немесе бір-екі баспасөз органдарының
шыға бастауы арқылы тұтқиылдан пайда болған құбылыс емес.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің бастауы Абай, Ыбырай
сияқты қаламгерлер есімімен, «Түркістан уалаяты газеті»,
«Дала уалаяты газеттерінің» шығуымен байланыстырыла сөз
етіліп жүргені мәлім. Бірақ бұл – осыларға дейін ұлттық жаз-
ба әдеби тіліміздің алғашқы нышандары болмады деген та-
ным емес. Ұлттық жазба әдеби тілге келу үшін тілде сапалық
өзгерістер мен дамудың жаңа белгілері болуы шарт. Мұндай
белгілер қазақ топырағында өткен ғасырдың орта тұсынан
бастап айқын және молынан көріне бастады. Атап айтқанда,
тілдік, стильдік, поэтикалық жаңа сипаттар пайда болды.
197
Достарыңызбен бөлісу: |