198
1 - ш о ғ ы р:
Тырнақтай меңі
болған соң,
Тарлан тартып
оңған соң,
Түріне
кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз,
кіршіксіз,
Шаңқан болмай,
қылаң ба?
Мұның ұйқасы – болған соң, оңған соң, қонған соң.
2 - ш о ғ ы р:
Ту ұстап, тұлпар
жаратпай,
Алдынан топ
таратпай,
Елді аузына
қаратпай,
Жай
отындай оқ атпай,
Анадан
тудым дегенмен,
Бастамаса ел,
ұлан ба?
Мұның ұйқасы өз алдына: олар да – тұлғалас етістіктер:
жаратпай, таратпай...
Және бір ерекше көрсететін нәрсе – әр шоғырдың ең соңғы
тармақтары өзара ұйқасып
(қылаң ба, ұлан ба, Тұранда, қараңға,
мұнан да, бұлан да, құлан да, қыран да) өлең тұтастығын жа-
сайды. Бұл – нағыз жазба поэзияның белгісі. Мұның жүйеге
айналып өте айқын көрінген тұсы – Абайдың өлеңдері. Абай
шоғырды тек сыртқы көрінісі – ұйқас бірлігі арқылы емес,
мағыналық- экспрессивтік, яғни модальдық реңкі жағынан өз
алдына дербестік сипат беру арқылы да жетілдірген (мысалы,
«Болыс болдым, мінекей» деген өлеңін алыңыз).
Шумақсыз (астрофикалық) дүниелердің мұндай мазмұндық-
композициялық тұтастықтарға
157
ажыратылуы Дулатта едәуір
кездеседі. «Жау көргенде көздейсің» деген өлеңі – 3 шоғыр,
олар өз ішінен бір ұйқаспен шоғырланса, әр шоғыр соңғы
ұйқастары
арқылы байланысып, өлең тұтастығын құрап тұр.
Ал бірқатар өлеңдері шоғырларға бөлінгенмен, әр шоғыр-
дың соңғы жолдары ұйқаспайды, демек, бұл арқылы өлең
тұтастығы берілмейді (ол – әрине, шарт та емес). Мысалы,
«Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңі, біздіңше, 4 шоғырдан тұрады.
«Күнәм жойқын, тәубем аз» деп басталатын жыры 6 жол –
бір шоғыр, әр шоғырдың мағыналық та, ұйқастық та тұтас-
157
Бұл да – біз ұсынған термин: орыс филологиясында «синтаксическое целое» дегенді
Достарыңызбен бөлісу: