Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
Байланысты:
1-том, 113-240

Ключевые  слова:  косметика;  химия;  аллергия;  красота;  здоровье;  уход;  внешность; 
вещество; состав; продукция; реакция 
 Summary 
The  article  reveals  the  concept  of  decorative  cosmetics,  the  influence  of  its  chemical 
composition on the human body. 
Keywords:  cosmetics;  chemistry;  Allergy;  beauty;  health;  care;  appearance;  substance; 
composition; products; reaction 
 
 
ӘОЖ 811.512.81.2 
 
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БҮГІН МЕН ЕРТЕҢ 
 
Мамашова Перизат Бахытқызы, 
№117 Алтынтөбе жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі  
 
"ХХІ ғасыр  - компьютерлік сауаттылықты дамыту ғасыры" 
Н.Ә.Назарбаев 
ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технология  мен  ақпараттандыру  ғасыры.  Тәуелсіз  Қазақстан  да  сол 
ғасырға нық қадам басты.  Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту 
білім  беру  саясатының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Біз  «ақпараттық  жарылыс» 
дәуірінде өмір сүріп отырмыз. 
Ғылыми  білім  мен  ақпарат  көздерінің  мөлшері  тез  өсуде.  Қазіргі  заман  талабы  – 
оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеру.  Оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  – 
ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай 
білімді,  әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып 
табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа 
технологияны  меңгерген  жеке  тұлға  қалыптастыруды  талап  етеді.  Қазақстан  Республика-
сының  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  еліміздің  даму  стратегиясының  негізгі 
бағыттарының  бірі,  себебі  XXI  ғасыр-білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың  ғасыры. 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-  коммуникативтік  технологияларын  меңгеру  –  қазіргі  заман 
талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін  дамытуда  ақпараттық-коммуникативтік технология-
лардың  маңызы  зор.  Білім  беруді  ақпараттандыру  және  пәндерді  ғылыми  –  технологиялық 
негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. 


~ 129 ~ 
 
 Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті 
жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады.  Қоғамдағы 
ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа  технологияны  меңгерген 
жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11-бабының  9-тармағында 
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам 
мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, 
қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  енгізу  және  тиімді 
пайдалану міндеті қойылған. [1.б   .] 
Ал  бұл  сауаттылықтың  алғашқы  баспалдағы  мектептен  басталады.  Мектептi  
модернизациялаудың маңызды компоненттерiнiң бiрi  - білім беруді ақпараттандыру, ол үшін 
болашақ  мектептiң  мұғалiмдерiн  дайындауда  компъютерлік  және  коммуникациялық 
технологияларды өз кәсiби қызметiнде  еркін пайдалана білуге  әзiрлеу болып табылады. 
Қазіргі  білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен 
білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  өз  бетінше  өрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Бiлiм  беру 
саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден  өз  мінез-құлықтарын, 
ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. 
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды 
ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайда-
лану.  Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық 
кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, 
дағдының  көлемі  күннен  күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Білім  беру  саласында 
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану  арқылы білімнің сапасын арттыру, 
білім  беру  үрдісін  модернизациялаудың  тиімді  тәсілдері  пайдаланылуда  және  одан  әрі 
жетілдірілуде. 
Физика  пәнін  оқытуда  интерактивті  технологияны  пайдалану  білім  сапасын  арттыру 
құралы  атты  баяндамамда  қазіргі  заман  талабына  сай    ақпараттық  технологияларды, 
электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру 
үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады. 
Физика  сабақтарында  ақпараттық-  коммуникативтік  технологияларды  пайдаланудың 
тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы; 
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы 
жүзеге асыру; 
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
• экономикалық тиімділігі; 
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 
• қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  құлақ  пен  есту  мүмкіндіктері 
болмайтын  табиғаттың  таңғажайып  процестерімен  әр  түрлі  тәжірибе  нәтижелерін  көріп, 
сезіну мүмкіндігі; 
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Күтілетін нәтиже: 
• Қызығушылықты оятады; 
• Сабақ беру әдісі өзгереді; 
• Оқушылар ізденуге үйренеді; 
• Уақыт тиімді пайдаланылады; 
• Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз. 
Оқытушы  сабағында  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  арқылы 
оның  тиімділігін  жүйелі  түрде  көрсете  біледі.  Ақпараттық-  коммуникативтік  технологияны 
пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. 


~ 130 ~ 
 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 
1.  Олар  оқытудағы  тақырып  шеңберіндегі  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
2.  Білімге  бір-бірінен  үлкен  ара  қашықтықта  орналасқан  әр  түрлі  оқу  орнында  отырып 
қол жеткізуге болады. 
3.  Оқытудың  жүйесінің  көп  деңгейлі  жетілдіруі  олардың  таралымдалуы  мен  оқу 
сапасын арттырады. 
4.  Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік 
алады. 
5.  Оқушының  танымдық  іс-әрекеттері  күшейіп,  өзіндік  жұмыстарды  тез  орындау 
мүмкіндіктері артады. 
Физикалық  процестер  мен  құбылыстарды  модельдеу  оқу  процесін  дамыту  мен 
жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін 
арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. 
 Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың 
мағынасын  тереңірек  ашуға,  оқушыларды  физиканың  қазіргі  эксперименттік  базасымен 
таныстыруға,  физикалық  құбылыстармен    зерттеу  әдістерін  толық  түсіндіруге  мүмкіндік 
береді. [7.б.28.] 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті-ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика  жетістіктері  негізінде,  жеке 
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар 
жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  
ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген. 
 Осыған  орай  бүгінгі  ұстаздардың  алдында  оқушыға  білім,  білік  дағдыларын  игертіп 
қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, 
өз бетімен, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. 
 Қазіргі  оқыту  барысында  қолданылып  жүрген  көптеген  технологиялар  жеке  тұлғаның 
жетілуіне,  оқытудың  тиімділігінің  негізін  құруға  бағытталған.  Соның  бірі-ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып 
отыр. 
 Ақпараттық-коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен 
жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық 
оқулықтарды,  интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 
оқыту бағдарламаларына негізделген. 
 Жаңа коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың 
оқу материалдарын толық меңгеруі үшін  оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді 
ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру 
программалары,  оқыту  программалары  сияқты  программалық  өнімдер  қызмет  етеді.  Білім 
саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. 
 Қазіргі  таңда  білім  жүйесінің  барлық  саласы  компьютерленген  сондай-ақ,  ақпарат-
тандыру  тәсілінің  тиімді  жетістіктерінің  бірі-интерактивті  тақтаның  қолданылуы  көп 
мүмкіндікке жол ашуда. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар 
мұғалімнің  оқу  процесінде  уақытын  үнемдей  отырып,  оқушыларға  көптеген  ақпараттарды 
беруге  көмектеседі.  Интерактивті  тақтаның  керемет  мүмкіндіктері  оқушыларды  таңғалды-
рады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында 
олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз. 
 Білім  жүйесін  ақпараттандыру  және  мәселені  шешу  құзыреттілігін  әрі  қарaй  дамыту 
барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінeң оқу процесіне енгізу арқылы оқу 
жүйесін  жаңа  сатыға  көтеру  болып  табылaды.  Міне  осыған  байланысты  тұлғалық  өзекті 
тақырыптың мақсаты: 
 Оқу  танымдылық  коммуникативтік  құзіреттіліктің  және  ақпараттық  оқу  технология-
ларын  жетілдіре  отырып,  математикаға  деген  қызығушылығын  арттырып  оқушылардың  ой-
өрісін кеңейту. 


~ 131 ~ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет