~ 132 ~
3. сабақтар қызғылықты, сапалы, нәтижелі болады;
4. оқушының бағасы мұғалімнің ойына тәуелсіз және әділ болады;
5. оқушыда оқуға деген құлшыныс артады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
сабақта
пайдаланудың
тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсенділігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы
жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық,
интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс,
ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы
іске асырылуда.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті
мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі
есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат
оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Физика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету –
әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты. Жаңа ақпараттық
технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, олардың білім, білік дағдыларын
қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығартып, оны
талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа
қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта
алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбие беру барысында мен үнемі интерактивті
тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланамын, бұл оқушылардың бойында ынтымақ-
тастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды
психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: