Резюме
В данной статье рассматриваются особенности воспитания подростков с девиантными
характеристиками, которые выявляются особенно в переходном возрасте.
Summary
This article considers the peculiarities of education of adolescents with deviant characteristics,
Which are detected especially in transition age.
ӘОЖ 801.365.7
ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗЫҒҰРТ ТАУЫ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕР
Орман Ұлданай Бахытқызы
6М050800-Есеп және аудит мамандығының 2-курс магистранты
Шымкент университеті
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде
орналасқан Қазығұрт тауы Тянь-Шань тауларының сілемдері болып табылады. Өркениеттен
бар-жоғы 40 шақырым қашықтықта,инфрақұрылымы дамыған Ташкент-Шымкент-Самара тас
жолының бойындағы Қазығұрт тауын көрген жан ертегі әлеміне енгендей күй кешеді.
Әлемнің кез келген мемлекеті мұндай жердің туристік әлеуетін барынша пайдаланар еді.
Дүниенің түкпір-түкпірінен сан түрлі саяхатшылар келіп,қазір бұл мекенде ине шаншыр жер
таппас едік. Өкінішке орай, біз өзімізде бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз.Әйтпесе
Пайғамбардың кемесі қалған Қазығұрттай қасиетті тау әлемде санаулы ғана. Палестинада-
Синай тауы, Араб әмірлігінде Аль-Жуди,Арменияда-Арарат және түркі әлеміне ортақ киелі
Қазығұрт тауы. Бүгінде осы аталғандардың ішінде Синай мен Арарат тауы әлемдік деңгейде
~ 236 ~
туризмнің орталығына айналып, атағы алты қырдан ары асып отыр. Ал біздің Қазығұт болса
әлемдік турис назарынан тыс қалуда. Тек жергілікті тұрғындар мен бауырлас көрші
мемлекеттерден келетін бірлі-жарым адамдар болмаса, адамзаттың түп-тамыры тараған киелі
тау. Қазығұрт туралы аңызға сүйенер болсақ, жер жүзін топан судың басуына байланысты
аңыздың сан түрлі нұсқасы ба.Соның ішінде бізге белгілісі; Нұх пайғамбар апат басталған
кезде кемесіне мініп жеті ай, жеті күн, жеті сағат жүріп Қазығұрт тауының басына келіп
тоқтайды. Пайғамбар кемесіне балалары мен жақын туыстарын және түрлі аң-құстарды
отырғызған.Кеме таудың басына келіп аялдаған кезде адамдар тіршілік белгісі бар ма,жоқ па
білу үшін ең бірінші құстарды жіберген екен.Сол сәтте босатылған құстардың барлығы ұшып
кетіп,қайта оралмапты. Тек қарлығаш қана бұтақтың жасыл жапырағын тістеген күйі ұшып
келген екен. Міне осы кезеңнен бастап,қарлығаш қазақ халқы үшін адалдық пен
молшылықтың, бірлік-берекенің символы болып қалған.Сондықтанда халқымыз қарлығаштың
ұясын бұзбайды және бұл құс ұя салған жерге бақ қонады деп білген. Міне, осылайша
Қазығұт тауында адамдар жаңа өмір бастап, ұрпақ таратқан.
Аңыз бойынша кемеге мінген халықтың ішінен тек Нұх Пайғамбардың үш ұлы мен үш
келіні ғана аман қалған екен.Бүгінгі адамзат солардан таралады.Бар әлемді топан су басқаннан
кейінгі өмірдің бесігіне айналған тауға әділдікті ту еткен қасқырдың есімі берілген
деседі.Ежелгі аңыз бойынша топан судан кейін аштық кезеңі болады.Міне осы тұста тірі
жыныдыны өлтіруге болмайды деген тиымға қарамастан қасқырдың ұрғашысы жыртқыш-
тығына басады.Бұған ашуланған қасқырдың еркегі оны жазалайды.Бұл оқиғадан кейін тау
тұрғындары оны әділ қасқыр яғни Қазығұрт деп атап кеткен екен.
Бүгінде Нұх Пайғамбардың ағаш пен металдан жасалған кемесінің макетін Қазығұрт
тауларының бір шыңынан байқауға болады.Тас жолда көлікпен кетіп бара жатқан жолаушыға
Пайғамбар кемесі алыстан мен мұндалап тұрады. Әсіресе түнде жарықпен көмкерілген сәттегі
кеменің жұмбаққа толы көрінісі ерекше әсер қалдырады. Тау биігіндегі кемеге арнайы
жасалған баспалдақ арқылы көтерілетін көпшілік,шыңдарын қар басқан Тянь-Шань
тауларының ғажайып көрінісіне куә болады. Дегенмен, Пайғамбар кемесіне айлақ болған тау
бүгінгі Кемеқалған шыңынан жырақта орналасқан.
Киелі таудың сыртқы пішінінде ауыз толтырып айтарлықтай,өзгешелік жоқ,тек алыстан
қарағанда екі өркешті түйеге ұқсайды.Қазығұрт шыңына шыққан адам алыстан Ташкент,
Шымкент, Сырдария, Түркістан және Тараз сынды қалалардың сұлбасын көре алады.
Қазығұрттың басындағы кемеден бөлек бұл тарихи өлкеде келушілердің назарын өзіне
аударар көптеген архитектуралық мәдени ескерткіштер бар. Қасиетті таудың биік шыңы да,
бөктері мен баурайы да ежелгі тарихтан сыр шертеді. Мұнда Ақ бура,Тамшы бастау,
Қазығұрт ата мазары, Қырық қыз сынды киелі орындар көп.Бұл жерге саяхаттап келетін
туристер міндетті түрде үңгірдегі мешітті көріп,Шелтір ата мен Әңгір ата және Оспан ата
мазарларына барып құран бағыштайды. Өз заманында еліне сыйлы қария,данышпан тұлға
болған Қошқар атаның бейіті де осы маңда.
Адам ата мен Хауа ана жартасы Тау басына шыққан сәтте айналаңа көз жіберсең,
ортасынан қақ бөлінген жартасты бірден байқайсың. Бұл-Адам ата мен Хауа ананың жартасы.
Мұнда келушілер үшін ең қызығы осы қос жартастың ортасынан өту. Ал бұл екі кәрі тастың
арасынан кез келген адам өте алмайды. Тек жүрегі таза, денсаулығы мықты жандар ғана
кедергісіз өтіп кете алады екен. Жартас жүрегінде қорқынышы бар адамдарды өткізбейді.
Және қуыстан өткен кезде ең алғаш оң иықтан бастау керек. Бұл аралықтан тек
Он үш жастан асқан жандарға ғана өтуге рұқсат етіледі. 15 жасымда жартастан өттім өте
ерекше сезімде болдым,еш кедергісіз өттім,оған қуаныштымын. Қазығұрт тауына жасаған
сапарда көпшіліктің айтуы бойынша ең ерекше әсерді осы жартас қуысында тұрып сезінесің.
Ені 14см, ұзындығы 30 метрлік бұл қуыста ең бастысы –тоқтап қалуға болмайды. Үнсіздікте,
тек жүрегінің дүрсілін ғана сезініп бір демде жүріп өтесің.
Қазығұрт тауының адам жанын сынаққа салатын бұдан да бөлек жерлері көп. Тау биігіне
көтерілген сайын жұмбаққа толы тылсым табиғаттың қыр-сырына тереңірек үңіле түскің
келеді.Бірақ биікке көтерілу барысында өте сақ болған жөн.Мұнда жыландар тым
көп.Әсіресе, «ана құрсағы» деп аталатын тау бөлігінде бауырымен жорғалаушылар жиі
~ 237 ~
кездеседі.Ертеректе ата-бабаларымыз тіл-көзден сақтайды деп бұл кішігірім қуысқа
балаларын кіргізген екен.
Қазығұрттың қойнауына жасырған таңғажайып құбылыстары мұнымен аяқталмайды.
Тау етегінде көк шалғында жұп болып құрылған түрлі жануарлардың мүсінін байқауға
болады. Мұнда пілден бастап тасбақаға дейін жануардың барлық түрі бар. Бір таң қалдырары
–бұл мүсіндердің барлығы табиғаттың өзі жасаған,яғни адамның қолы тимеген.
Ақбура әулие кесенесі. Ақбура бабамыз х11 ғ өмір сүрген, яғни Қ.А.Йасауидің
заманында өмір сүріп, оның шәкірті болған, дін таратқан, дін жолындағы пенде боған деседі.
Ақбура бабамыздың азан шақырып қойған аты-Ақберген, бірақ жүрген жерінде зікір салып,ол
уақытта аузынан ақ көбігі ағып,ақ жалын шашып,адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие
болып кететін болған,екі езуінен аққан көпірік екі шығын омырауын жібереді екен және ел
үнемі ақ бураның үстінен ақ көбігі ағып,ентелеп жеткенде алдынан Иасауи шығып -
Ой,айналайын Ақбурам, келдің бе -дейді екен.Ал жұма намазды Меккеде оқыған дейді.Бұл
жердің киелілігі бабамыз мекендеген жер болғандықтан.Бұл жердің киелілігіне бас игендер
еліміздің әр жерінен келіп бабаға бағыштап құран оқытып,ниет етеді,одан қалды емдік қасиеті
бар бұлағы тағы бар,ниет етушілер бұлақтан су ішіп өздерімен алып әкетіпте жатыр.Бұл
мекеннің өзі қасиетті Нұқ Пайғамбардың кемесі қалған Қазығұрт тауының етегінде
жайғасқандықтан жәй жер емес.Бұл кісі қайтыс болғанда «бурасының көзінен жас көл болып
ағып,басына шөге кетіп,содан қайта тұрмай тасқа айналған»екен.Қазығұрт тауының тарихына
үңіліп,қалам тартушылардың арасында жергілікті ақан-жазушы,журналистер бар,атап
айтқанда жазушы Аманбек Ахаев, журналистер Құралбек Ергебеков,Рүстем Бекзаттар әулие
бабаға қатысты деректермен қатар Қазығұрттың тарихын зерттеушілір қатарында. Жалпы,
Қазығұрт тауларының адам сенгісіз тылсым сырларын айтвп тауысу мүмкін емес.Сондықтан
бұл өлке жайлы аңыз әңгімелер ғасырдан-ғасырға жетіп,ел аузында жатталып қалған.Орталық
Азия халықтары үшін икиелі атанған Қазығұрт тауының бізге беймәлім тұстары,ашылмаған
сырлары әлі де көп.Сондықтан да,адамзаттың тал бесігі атанған бұл мекен Оңтүстік өңірдің
туризм орталығына айналуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстан Облысындағы жер-су,елді мекен атауларының қысқаша тарихы атты
жинақта Қазығұрт тауының көптеген елді мекендері зерттелген.Көкібел-Қазығұрт ауданы
мен Төле би ауданының табиғи әрі ресми шекарасында орналасқан елді мекен. Асудың
жотасында Өгем тауына және Алатаудағы Кіші, Орта,Ұлы жұрт деп аталатын жайылымдарға
апаратын жол бар. Елді мекеннің атауы Көкі бидің есімімен байланысты.Көкі бидің өмірі
Төле бидің заманымен тұстас келеді.Көкі өзінің батырлығымен,әділдігімен халық алдында
үлкен беделге ие болады.Төле бидің шаруасымен ұзақ сапарға аттанғанда,ел арасындағы
билікті Көкіге тапсырады екен. Ауылдың батысында Кемербастау, Жербастау, Үшбастау,
Сасықбастау, Жалғызбастау, Есбұлақ, Қарабұлақ, Жылқыбай бұлақ, деген су арналары бар.
Табиғи байлығы мол,жазы салқын,қысы жылы. Дауыл, боран,ызғырық жерлерден Қазығұрт
тауы қорғап тұрады.
Шарбұлақ ауылы-Шарбұлақ атауының шығуы әулие Ысмайыл Ата жайындағы аңызға
тікелей байланысты.Аңыз бойынша жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алғаннан
кейін,ауыр алым-салықтарына қанағат тұтпай,тіпті су ішкені үшін де салықтар салған.Су
шығатын бұлақ көздерін бақылау қиын болғандықтан қалмақтар су көздерін киізбен жауып
тастайды.Осы кезде Ысмайыл Ата қалмақтардың тұтқынынан шығып келген еді.Келгеннен
соң,елдің ауыр халін көрген Ысмайыл Ата таяғын төрт жерге сұққан екен.Ысмайыл Ата
таяғының орнынан төрт бұлақ қайнап шаққан,-дейді аңызда.
Көктөбе елді мекені Қақпақ ауылынан 15 шақырымдай қашықтықта.Тянь-Шань
тауларының етегіндегі жазық аймақта орналасқан. Үй басы сайын бұлақ,суы мөлдір, ауасы
таза, шөбі қысы-жазы жап-жасыл.Төбе басындағы жазық тегістіктегі жемісті, саялы ағаштар
көкпеңбек болғандықтан, Көктөбе деп атап кеткен. Жері құнарлы,жауын-шашыны мол
Көктөбе ауылы егіннен мол өнім алады,жеміс ағаштарына бай.
~ 238 ~
Елімізді,қасиетті жерімізді әлемге таныту жолында қазақ халқының тұңғыш президенті
Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңғыру мақаласындағы қанатты сөздерін тілге тиек етсек болады;
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз
мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жерің де, елдің де
иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Достарыңызбен бөлісу: |