Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Байланысты:
1-том, 113-240

ӘОЖ(371.044) 
 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ  
ПАЙДАЛАНУ ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Балтабай Балауса Жұмабайқызы  
Шымкент Университеті 2 курс магистранты 
 
 «Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  -  деген  бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ертеғі  біз 
тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне 
еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала 
бойындағы  ынта  мен  ерік,  жігерді  ары  қарай  ұштай  білу  әр  ұстаздың  алдында  тұрған  үлкен 
міндеті.  Ұстаз  балалардың  танымдық  оқу  іс-әрекетін  инновациялық  әдістерді,  ақпараттық 
технологиялады қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес,  өйткені  инновациялық  технологиялар    өзі 
дамытып, оқу тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 
технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық  қағидасына  мұғалімдердің  өзіне  ыңғайлы  нұсқаны 
қолдануына  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  білім  сапасының  алдында  шығармашылық 
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға 
қалыптастыру міндеті тұр. 
Шығармашылық  әрекет  –  оқушының  өз  жеке  шығармашылық  бағытын  таңдау 
қажеттілігін  және  шығармашылық  өнім,  нәтиже  туғызуға  бағытталған  жауапкершілігін 
қамтитын әрекет. 
Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім 
бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы  бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, 
оқушының  өз  тарапынан  белсендік,  дербестік  көрсетуі  өзіне  деген  сенімділігі  арқылы  ғана 
шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.  
Интербелсенді  оқыту  моделін  пайдалану  -  өмірлік  ситуацияларды  моделдеуді,  ролдік 
ойындарды  қолдануды,  мәселені  бірлесіп  шешуді  қарастырады.  Оқу  үдерісінің  қандайда  бір 
қатысушысын  немесе  (яғни,  жақсы  оқитындарға  ғана  назар  аудару  сияқты)  ерекшелеуді 
шектейді.  Бұл  моделге  адамгершілікпен,  демократиялық  жолмен  келуді  үйретеді.  Интербел-
сенді оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың 
өзара  әрекеіне  негізделген,  оқу  үдерісіне  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын 
оқытуды ұйымдастыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет