Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет89/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   131
Байланысты:
1-том, 113-240

Ключевые  слова:компетентность,  профессиональная  компетентность,  профессио-
нально-ориентированная  компетенция,  учитель  иностранного  языка,  развитие  профессио-
нально-ориентированной компетенции 
 
 
ӘОЖ 357.27 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ДӘСТҮРЛІ ӘН МЕКТЕБІНІҢ  
МЕТОДИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мухамбетжанова Айжан Абухановна  
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
Дәстүрлі орындаушылық өнер мамандығы  бойынша оқытушы-магистр  
 
Дәстүрлі  музыкалық  мұраны  қаз-қалпында  бұзбау  –  ол  ежелгі  дәуір  музыкасының 
мазмұнын,  дүниесін  және  қазақ  халқының  дәстүрлі  музыкасының  қалыптасуына  себепші 
болған,  қайталанбас  қасиетті  мұра  қалдырған  өткен  өнер  тұлғаларын  танып-білу  және  өмір 
кешкен  рухани  әлемді  сақтау  болып  табылады.  Ең  бастысы,  ол  дәстүрлі  өнердің  негізі  –  
сабақтастығын,  жалғастығын  және  халықтың  музыкалық  өнерінің  барлық  стилін  сақтай 
отырып, дамуын қалыптастырады.  
Казакастандағы кәсіби оқу жүйесінің пәрменді түрдегі даму сатысы бүгінгі күннің өзекті 
мәселелерінің  бірі.  Соның  ішінде  дәстүрлі  ән  өнерді  терең  меңгеруде  халықтық  музыкалық 
терминалогияны  сабақтастырып,  сабақ  берудегі  бұрын  соңды  зерттелмеген  кейбір 
методикалық мәселелерді қозғауды қажет етеді.  
Қазақ  халқының  дәстүрлі  музыкасы,  соның  ішінде  дәстүрлі  ән  өнері  ең  жоғары  кәсіби 
өнеріміздің  бірі.  Бізге  жеткен  әндердің  әуен  ырғағы,  тақырыбы  мен  мазмұны,  халықтың 
көкейкесті  ой-арманынан  туған.  Ал,  халық  ән  орындаушылары  сол  әндерді  сақтап,  келесі 
ұрпаққа  жалғастырды.  Соның  арқасында,  қазіргі  бізге  жеткен  әндер  өмірдің  тар  жол 
бұралаңдарынан өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр.  
Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, 
тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың ән өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын 
анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, қазақтың дәстүрлі өнерінің 
түрлі жанрларының  даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. 
Дәл  осы  кезеңде  біз  табиғи  қалпы  сақталған,  әуен  ырғағы  бұзылмаған,  бұрынғы  нұсқасы 
өзгермеген  әндерді  студенттерге  үйретуге  міндеттіміз,  әрі  мұны  болашақта  жас  дәстүрлі 
әншіні  тәрбиелейтін  музыкалық  білім  көзінің  қайнар  бұлағына  айналдыруға  тиіспіз.  Өйткені 
ән – қазақ халқының рухани асыл қазынасы. 
Қазақта  әншілік  өнердің  сан  ғасырлық  даму  тарихы  бар.  Ендеше,  қазақтың  өнер 
тарихында  өткен Мұхит, Біржан сал, Ақан серілер бастаған ұлы қазақ әндері өзінен-өзі пайда 


~ 203 ~ 
 
болмағаны  белгілі  жай.  Олардың  тәлім-тәрбие  алған  ұстаздары  болғаны,  сол  ұстаздардың 
арасында  қазақтың  әншілік,  жыршылық,  күйшілік,  шешендік,  ақындық  сияқты  өнер  түрлері 
қалыптасқаны  мәлім.  Өнерді  көріп,  әдісін  тауып  баптайтын  шынайы  бапкер  болғанда  ғана 
шеберліктің  шыңына  көтерілуге  болады.  Қазақта  ән  өнері  тәжірибесі  өте  жоғары  дәрежеде 
болғанын  дәлелдейтін  жүздеген  әндер,  ән  жанрының  дәстүрлік  сипаты,  ән  жанрының 
мектептері  т.б.  сапалық  дамуы  тарихи  шындық.  Халық  өнерпаздарының  өздері  жасаған 
әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз. 
Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Б. Тұрмағамбетова озінің 
«Қазақстанның  Батыс  аймағының  ән  мәдениеті»  атты  еңбегінде:  «Фольклортанушылар  мен 
музыка  зерттеушілері  қазақтың  дәстүрлі  ән  өнерін  -      ғұрыптық  әндер,  халық  әндері  және 
кәсіби  әндер  деп  жіктеп  қарастырып  жүр.    Ғұрыптық  әндердің  өзі  –  бесік  жыры,  тойбастар, 
беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең 
өріс  алған  кезінде  пайда  болған  кәсіби  ән  өнері  –  халық  әндері  (анонимды-авторлық)  және 
кәсіби  халық  композиторларының  әндері  болып  сараланады.  Ғұрыптық  әндердің  түрі:  бала 
жұбатқанда  айтылатын  –  бесік  жыры,  қыз  ұзатылғанда  айтылатын  –  сыңсу,  аужарлар,  той 
кезінде айтылатын – тойбастарлар, ораза кезінде айтылатын – жарапазандар, бұрынғы заманда 
малдың ауруына байланысты айтылған – күләпсан, науқастың дертін аластау үшін айтылған – 
бәдік, бақсы сарындары, бір-біріне сәлем жолдағанда айтылатын – хат-өлең, кісі қайтыс бол-
ғанда  айтылатын  –  дауыс,  жоқтаулар  бар.  Көшпелі  өмірден  отырықшылық  тұрмысқа 
бейімделе бастағаннан кейін ел ішінде ғұрыптық әндер сирек айтылатын болды. Қазіргі кезде 
мүлдем  айтылмайтындары  –  бәдік,  күләпсан,  хат-өлең  т.б.  Негізінен,  Қазақстанның  Алматы, 
Қарағанды,  Маңғыстау,  Павлодар,  Қостанай,  Шығыс  Қазақстан  облыстарында,  және  Қытай, 
Моңғолия, Ресей, Өзбекстан жерінде тұратын қазақтар айтатын ғұрыптық әндердің үлгілері де 
баршылық. Ал Батыс Қазақстан әншілік дәстүр, Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі жыршылық 
дәстүр  негізінде  дамыған.  Батыс  өңірдегі  жыраулық-жыршылық  өнердің  жергілікті  әншілік 
мектептің  қалыптасуы  мен  өркендеуіне  зор  әсері  болғаны  анық.  Ғұрыптық  фольклор,  қара 
өлеңдерден  бастау  алып  дамыған  мәтөк  әндер,  күлдіргі  әндер,  сағыныш  әндер,  қоңыр  әндер 
деп аталатын лирикалық туындылар батыс өлке дәстүріндегі ән жанырының кең тақырыптық 
ауқымын көрсетеді» - дейді.  [1] 
Қазіргі  ән  үйрену  әдістемесі  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  күй  үйрену  тәжірибесінің 
қағидаларымен  тығыз  байланыста  болуы  керек.  Халық  әншілері  қалдырған  әнмен  қоса  күй 
үйрену  тәжірибесінің  негіздерін  жинақтап,  қазіргі  домбыра  үйренудің  жүйелі  әдіс-тәсілдерін 
жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп 
отыр.  Ал,  әнге  келетін  болсақ,  халық  әншілері  қалыптастырып  кеткен  әннің  негізгі  айтылу 
нақышынан  адасып  қалмау  керек.  Әннің  мазмұнын  түсініп,  әр  мектептің  дәстүрін  бұзбай, 
мәнерлеп  жақсы  айту    үшін  шеберлікті  қажет  етеді.  Ән  айтудың  барлық  сырларын,  оның 
тұнып  тұрған  әдістерін  жүйелі  түрде  үйрену  үшін  ұстаздық  үлкен  тәжірибе  керек,  ғасырлар 
бойы қалыптасқан әнді орындау өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек. Ал 
соның  ішінде  Батыс  ән  мектебінің  қалыптасқан  ән  дәстүрі  бойынша,  мұнда  әнді  дұрыс 
орындау  үшін,  орындаушыдан  дауыс  күшінің  зор  әрі  диапазонының  кеңдігін,  сондай-ақ 
күрделі  әрі  екпінді,  төкпе  күйлерде  кездесетін  шеберлікті  талап  етеді.  Сондықтан, 
халқымыздың  рухани  талап-тілегін  қанағаттандыра  алатындай  дәрежеде  Батыстың  дәстүрлі 
ән  өнерін  өз  нақышына  келтіріп,  сол  Батыс  ән  мектебіне  тән  домбыра  қағыстарын  меңгеру 
үшін,  сол  әдістемені,  домбыра  шеберлігін  жан-жақты  зерттеген  еңбек  қажет.  Көнеден  келе 
жатқан  Батыс  ән  өнерінің  тарихы  жайлы,  дәстүрлік  түр-сипаты  және  мектептері  туралы 
жүйеленген  бағыттары  айқындалуға  тиіс.  Батыс  Қазақстан  мектебінің  орындаушылық 
дәстүрінде  домбыраның  барлық  техникалық  дыбыс  мүмкіншілігін  пайдалану  салалары  көп. 
Соның бірі оң қол мәселесі.  
Домбыра  өнерінде  Батыс  Қазақстандық  төкпе,  Шығыс  Қазақстандық  шертпе  тәрізді 
дәстүр қалыптасса, сол екі мектептің айырмашылығы қағыс түрлерінде. Шығыс Қазақстандық 
шертпе дәстүрінің ерекшеліктерінде күйлердің ән тектес әуенді,  сазы мен жұмсақ нәзік үнді 
болып  келуін  саусақ  басымен  шертіп  тарту  әдістері  қалыптасса,  Батысқа  тән  күйлер  оң 


~ 204 ~ 
 
қолдың сермей соғуымен орындалып, «қара қағыс», «ілме қағыс», «бөгеме қағыс» т.б. болып 
сан түрге бөлінуі сол аймақта қалыптасқан ән дәстүріне де өз ықпалын тигізбей койған жоқ.  
Қазақ  халқының  домбыра  үйрену  мектебінде  аспапты  меңгеруде  түрлі  әдіс-қағыстарды 
суреттейтін  көптеген  түсініктер  бар.  Осы  сөздердің  көбі  дәстүрді  сақтау  және  алға  алып 
барудың керектігінен туған және күні бүгінге дейін ауызша үйрету жүйесінде белсенді түрде 
қолданылып келеді. 
Қалыптасқан Батыс ән  мектебіндегі домбыра қағыстары, әннің мазмұнын түсіндірудегі 
ең басты құрал, қысқаша айтқанда домбыраның қағысы – әннің тілі. Сондықтан да, оң қолдың 
қағысының неше бір түрлерін көрсететін, тіпті төкпе күй дәстурінде кездеспейтін белгілі бір 
өзіне тән техникасы бар (ол әдіс жалпы батыс ән орындаушылар арасында «теріс қағыс» деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет