~ 205 ~
отырып, өз кезеңімен қалыптасты. 1991 жылы жаңа курстың әдіснамасы халық музыка
факультеттерінің студенттеріне арналған Б. Айманов, А. Мухамбетова, С. Раймбергенова, С.
Утегалиева, Г. Омаровалардың бағдарламаларында негізін тапты. 1988 жылы «халық әні»
мамандығының ашылуына байланысты А. Байгаскинаның еңбектеріне сүйене отырып, дәстүрлі ән
орындаушыларына
арналған
С.
Райымбергенова
мен
А.
Байбектің
жетекшілігімен
этносольфеджио курсы құрастырылды» [2]
Егер дәстүрлі кәсіби ән өнеріне байланысты, соның ішінде Батыс Қазақстан дәстүрлі ән
өнерін қамтитын қазақ материалына негізделіп құрастырылған этносольфеджио жинақтары
толығымен дерлік қамтылса, жоғарғы оқу орындары мен колледждерде, оқушылар мен
оқытушыларға, сондай ақ кәсіби әнші-орындаушылар да өз қажетін табар еді. Сондықтан біз
жалпы Батыс Қазақстан өңірін қамтитын дәстүрлі өлең-ән, (фольклолық және кәсіби жанрлар)
саласындағы бүкіл қолда бар басып шығарылған материалынан таңдап отырып, жұмысымызды
этносольфеджио курсына арналған жинақ ретінде қарастыруды көздейміз.
Достарыңызбен бөлісу: