114
А
Ә
3-сурет.
Құстың жұмыртқада дамуы (а) және сүтқоректінің (ә) жатырда дамуы.
Тауық, үйрек, саңырау құр, бөдене және тағы басқа да көптеген құстардың балапандары
жұмыртқадан көзі ашық, денесінде мамығы бар болып шығады. Бұл балапандар үсті сәл
дегдіген соң өздігінен қорек іздеп,
анасына еріп, жүгіріп кетеді. Осындай балапан
шығаратын құстарды
ширақ балапан шығаратын құстар деп атайды (4-сурет).
Торғай, бозторғай, қарлығаш,
қараторғай, көгершін, жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға,
қыран және т. б.), қара қарға сияқты құстардың балапандары жұмыртқасынан әлі көзі
ашылмаған, мамығы жетілмеген, құлақ саңылауы жабық, дәрменсіз күйде шығады.
Мұндай құстарды
қызылшақа балапан шығаратын құстар деп атайды (4-сурет).
Құстар өз балапандарына көп қамқорлық жасап, баулып өсіреді.
Ал кесіртке, жылан, тасбақа сияқты жорғалаушылар жұмыртқаларын қолайлы жерге
көміп кеткен соң өз «ұрпақтарын» іздемейді. Олар жұмыртқадан шығып, өз алдына
тіршілік ете береді.
Сүтқоректілердің жұмыртқалары мөлшері жағынан онша үлкен емес. Мысалы, үйқоян
жұмыртқажасушасының мөлшері 0,2 мм, микроскоппен ғана көруге болады. Ұрықтануы
115
аналық ағзадағы жұмыртқа жолында жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа жатырға жұмыртқа
жолымен келеді. Жұмыртқа жолымен қозғалып келе жатқанда бірнеше рет бөлініп,
көпжасушалы
ұрыққа айналып, жатырға түседі. Ұрық қабығы жатыр қабырғасымен тығыз
түйіседі. Осы жерде ұрық қабығының бүртіктері жатыр қабырғасына жабысып, тығыз
байланысады.
Сөйтіп ұрықтың ана ағзасымен байланысын қамтамасыз ететін мүше
–
ұрықжолдас (плацента) пайда болады. Ұрық ұрықжолдасқа кіндік арқылы байланысады.
Кіндікті қан тамырлар торлап жатады. Осы қан тамырлар арқылы ұрық ана қанындағы
қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіледі. Ұрық денесіндегі
зиянды заттар мен
көмірқышқыл газы ана қанына кіндік арқылы тасымалданып, оның зәршығару мүшелері
арқылы сыртқа шығарылады (3ә-сурет).
Баласын тірі туатын жануарлардың ұрықты құрсақта көтеру кезеңі
буаздық деп аталады.
Ұрықтың жатырда даму ұзақтығы сүтқоректілердің барлығында бірдей емес. Мысалы, сұр
тышқанның буаз болу мерзімі – 18 күн, арқардыкі 150 күн болса, піл баласын 600 күндей
көтереді.
Ін қазатын кемірушілер мен көптеген жыртқыштардың ұрпақтары көзі ашылмаған, терісі
түксіз, дәрменсіз болып туады. Мәселен, мысықтар мен иттің жаңа туған күшігін көрген
боларсыңдар.
Ал ін қазбайтын кемірушілердің (үйқоян, қоян, сазқұндыз және т. б.), арқар, бұғы,
бұлан
сияқты сүтқоректілердің, үй малдарының (сиыр, қой, ешкі және т. б.) төлдері көзі ашық,
терісі түкті, ширақ болып туады. Олар туып, сәл денесі кепкен соң енесіне еріп жүре
береді. Дегенмен белгілі бір мерзімге дейін енесі төлдеріне қамқорлық жасап, оларды
сүтімен асырайды.
Жайылуға, қорегін аулауға, жауынан қорғануға және тағы басқа
тіршілік етуге қажетті әрекеттерге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: