Constructor TPerson Create;
Begin
fname:=‟ „;
faddress:=‟ „;
end;
Ендi объектiнi жариялап, инициялизациялаудан кейiн оны пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандай, объектінің ӛрісіне қол жеткізу үшін объектінің және ӛрістің атын
кӛрсету керек (арасында нүкте тұрады). Мысалы, Proff.fname. Егер белгілі бір объект ары
қолданылмаса, онда жадыны босатуға болады. Осы әрекетті орындау үшін Free - деструктор
әдісін қолдану керек, мысалы: Proff.Free;
Әдістер
Кластың әдістері (кластың анықтамасындағы кӛрсетілген процедуралар және функциялар)
осы кластың объектілерімен жұмыс атқарады. Әдісті қолдануда объектінің атын және әдістің
атын нүктемен ажыратып кӛрсетеді. Әдісті объектке қолдану - процедуранын шақырылуына
ұқсас. Кластың әдістерін анықтау әдеттегі процедуралар және функциялардың анықталуымен
бірдей, тек әдістің процедурасының және функцияларының аты күрделі болып екі бӛліктен
тұрады: иесінің - кластың атынан, нүкте және әдістің атынан.
Инкапсуляция және объектінің қасиеттері
Инкапсуляция деп объектінің ӛрістеріне оның әдістері арқылы қол жеткізу үшін объектінің
ӛрістерін жасыруды атайды. Delphi ортасында объектінің ӛрістеріне қол жетерлік мүмкіндіктерін
шектеуді оның қасиеттері арқылы анықтайды. Объектінің қасиеті оның мәнін сақтайтын ӛрісімен
және осы ӛріске қол жетерлік мүмкіндіктерін анықтайтын екі әдіспен сипатталады. Қасиеттің
мәнін орнатуды қасиеттің мәнін жазу (Write) , ал қасиеттің мәнін қайтару - қасиеттің мәнін оқу
(Read) әдістерімен орындалады. Кластың анықтамасында қасиеттің атының алдына Properties сӛзі,
оның түрі және осы қасиетке қол жетерлік мүмкіндігін қамтитын әдістің аты орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |