Fname: integer; //1 - ші өрісінің аты
Faddress: string[35]; //2 - ші өрісінің аты
Constructor Create; // құрастырушы
Public
Procedure Show; // Show - әдісі
End;
Объектілер қалай құрылады және жойылады?
Объект конструктор деп аталатын арнайы тәсілдің негізінде пайда болады да, басқа бір
тәсіл- деструктордың кӛмегімен жойылады:
AMyObject := TMyObject.Create;
{ құрылған объектіге қолданылатын амалдар }
...
AMyObject.Destroy;
Класстың бірнеше конструкторы болуы мүмкін. Конструктордың жалпы аты create.
Деструктордың типтік аталуы — Destroy.
type
TMyObject = class(TObject)
MyField: Integer;
Constructor Create;
Destructor Destroy;
Function MyMethod: Integer;
end;
Ӛрістер, қасиеттер және тәсілдер
Класстың ӛрістері - класстың ішінде сипатталған айнымалылар. Олар класстың
объектісінің жұмысы барысында деректерді сақтауға арналған.
Класстың сипаттамасында ӛрістер тәсілдер мен қасиеттерден бұрын келуі керек.
Әдетте ӛрістер класстың ішіндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін
қолданылады.
Деректер алмасу үшін класста қасиеттер қолданылады. Қасиеттерді сипаттау үшін класста
property сӛзі қолданылады.
Мысалы, қосымша терезесіндегі қарапайым батырманың түс, ӛлшем, алатын орны сияқты
қасиеттері болады.
Қасиеттер сыртқы ортамен дерек алмасуды қамтамасыз етеді.
Сондықтан оның мәнін пайдалану үшін класстың арнайы тәсілдері пайдаланылады.
Әдетте қасиет үш элемент арқылы анықталады: ӛріс және оқу/жазуды жүзеге асыратын
екі тәсіл:
type
65
TAnObject = class(TObject)
function GetColor: TSomeType;
procedure SetColor(ANewValue:
TSomeType);
property AColor:
TSomeType read GetColor write
SetColor;
end;
Егер қасиет тек оқылатын немесе жазылатын болса, онда оның сипаттамасында сәйкес тәсіл
жазыла алады:
type
TAnObject = class(TObject)
property AProperty: TSomeType
read GetValue;
end;
Объектінің берілгендеріне орын бӛлу - құрастырушы Create әдісін қолданудың нәтижесін
меншіктеу арқылы орындалады, мысалы:
Proff:=TPerson.Create;
// proff объектінің берілгендеріне қажетті орын бөлу
Сонымен қатар, Consructor кӛмегімен объектінің берілгендеріне бастапқы мәндерін
меншіктеуге, яғни объектіні инициялизациялау әрекетін орындауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |