Жалпы қажеттіліктерге қолданылатын кластар
Object Pascal құрамындағы барлық кластар TObject класының - ең түпкі буынның
туындылары болып саналады. TObject класы стандартты SYSTEM.PAS модулінде орналасады
және кӛптеген қасиеттер және әдістермен қамтылған. Әдістердің арасында ClassName -
анықталған объектінің алғы буынының атын қайтарады, ClassType - кластың туындысы туралы
мәлімет қайтарады, Create - объектінің данасын құрастырады, Free - объектіні жояды және қажет
болса объект орналасқан жадының аймағын босатады т.с.с.
1.TPersistent класы ӛзінің Tobject - алғы буын мүмкіндіктерін ұлғайтып, берілгендерді
файлда сақтау, файлдан оқу әрекеттерін ―орындай‖ алады, нәтижесінде оның барлық туындылары
аталған әрекеттерді ―орындайды‖.
2.TControl класының бірнеше қасиеттерін қарастырайық. Мысалы, Align - тегістеу тәртібін
орнатады, Caption - компонентің бетіне жазу шығарады, Color - компонентің түсін анықтайды,
Enabled - компонентің екпінділігін кӛрсетеді жіне т.с.с. Бұл класс кӛптеген әдістермен қамтылған.
Олардың арасындағы бірнеше әдістерді атап шығайық: Click- сырт еткізудегі оқиғаны ӛңдеуші
үзіндіні шақырады, DblClick - екі рет сырт еткізудегі оқиғаны ӛңдеуші үзіндіні шақырады, Hide -
копонентті жасырады, Show - компонентті кӛрсетеді, Refresh - компоненттің бейнесін қайтадан
сызады және т.с.с. Оқиғалары: OnClick, OnDblClick және т.с.с.
Негізгі әдеюиеттер: 2 [380-401бет]
Қосымша әдебиеттер: 6 [201-256 бет]
Бақылау сұрақтары
1. Объекті-бағдарлы программалау дегеніміз не?
2. Объекті-бағдарлы программалаудың негізгі тәсілдері.
|