тiлiнiң негiздерiн келтiру қарапайым мысалдарды қарастырумен iске асады. Аталған қарапайым
әрекеттердi программалау үшiн әртүрлi интерфейстiк (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған
форма құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгiсi ретiнде қолдану үшiн,
12
Example формасы
Формадағы екi батырманы, енгiзу жолын және белгi компоненттерiн бiрiктiру және әрдайым
терезенiң тӛменгi жағына (тiптi терезе толық қкрандық тәртiпте ашылса да) орналастыру үшiн Рanel1
элементi контейнер ретiнде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгiзу жолындағы берiлгендердiң даярлығы туралы
хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның ӛндеушi үзiндiсiн жазу- бiздiң мақсатымыз.
Екiншi батырма –Close терезенi жауып, программаның жұмысын тоқтатады.
Батырмалардың тӛменгi жағында белгi орналасады және де ол кӛрiнбей тұрады. Белгiде
программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.
Кӛпжолдық хабарлар TMemo аймағына шығарылады.
құрастырған форма File =>Save as… => Example деп сақталады.
Жобаның файлын
File=>Save project as …=> Project1 түрiнде қалдырамыз.
Delphi тiлiндегi программаның құрамына келесi файлдар кiредi: . dpr кеңейтiлуi бар жобаның файлы
және . pas кеңейтiлуi бар бiр немесе бiрнеше модульдер файлы.
Достарыңызбен бөлісу: