Программа кодының терезесі. Delphi ортасы программист жұмысының ӛте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта



Pdf көрінісі
бет16/122
Дата27.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#28970
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122
Байланысты:
Дәріс (2)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Begin
 

Жобаның құрылымы 

 

 Жобаның  файлы  -  Object  Pascal  тiлiнде  жазылған  және  компилятормен  ӛңделетiн  программа.  Бұл 

программаны Delphi автоматты түрде құрастырады (2-сурет)  және ол бiрнеше жолдардан тұрады. 

 Delphi ортасын iске қоссақ, Project=>View Source опцияларын орындау арқылы келесi терезе шығады: 

 

 

 



 

 

2- сурет. Жобаның құрылымы 



 

Программада  арнайы  сӛздер  жуандатылып  жазылған,    программа  Program  сӛзiмен  басталып,  



End  сӛзiмен  және  одан  кейiн  қойылған  нүктемен    (терминатормен)    аяқталады.    Object  Pascal  тiлiнде 

кӛптеген  арнайы  сӛздер   әртүрлi  нұсқау  ретiнде қолданылады, компилятор  оларды  солдан  оңға және 

жоғарыдан тӛмен қарай оқиды. Жүйелi жақшаға алынған таңбалар түсiнiктеме ретiнде қолданылады. 

Сонымен қатар, түсiнiктеменi кӛрсету үшiн ―(*    *)‖ немесе ―// ― белгiлерiн қолдануға болады. 




 

13 


Бiрақ {$R *.RES}  жолы (жақшадан кейiн бiрден  “$” белгi тұрған) түсiнiктеме емес, бұл жол  

компиляторға  берiлген  нұсқау.  Мысалы,  жоғарыда  келтiрiлген  {$R  *.RES}  жолы    программаны 

ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендiгi туралы баяндайды. 

Program  сӛзi  және  онан  кейiн  анықталған  программаның  атауы  программаның  тақырыбы  деп 

саналады.  



Uses  (пайдалану)  сӛзiмен  басталған  сӛйлем  программаны    осы  сӛзбен  анықталған,  басқа 

файлдарда орналасқан модульдердi қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң 

программаның  денесi  орналасады,  ол  Begin  сӛзiмен  басталып,  End    және  одан  кейiн  қойылған 

нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесi орындалатын үш 

операторлардан құралады. 

Әр оператор Application объектiмiнiң белгiлi бiр әдiсiн шақыру жұмысын атқарады. 

Object  Pascal-да  объект  деп  арнайы  даярланған  берiлгендер  мен  оларды  ӛңдеуде 

қолданылатын,  iшкi  программалардың  жиынтығынан  тұратын  және  бiртұтас  болып  саналатын 

программаның үзiндiсiн  айтады. Объектiнiң берiлгендерiн  ӛрiстер деп атайды және олар  кез-келген 

түрде анықталуы мүмкiн. Объектiнiң iшкi программаларын әдiстерi деп атайды.    

Объектiлік типтердiң   негiзгi ерекшелiгi -  объектiнiң ӛрiстерiмен бiрге оларға   қолданылатын 

әртүрлi  iс-әрекеттердiң  жиынын    iшкi  программалар  (процедура    және  функциялар)    арқылы 

анықтауға  болатындығы.  Берiлгендердiң  осындай  қасиетiн  инкапсуляция  дейдi.  Инкапсуляция-  ол, 

берiлгендердi және оларды ӛңдеудегi алгоритмдердi бiр бүтiн құрылымға бiрiктiру деген тұжырым. 

 Объектiк  типтердiң    негiзгi  қасиеттерi  –  функционалдық  толықтығы  және  ӛрiстер  мен 

әдiстердiң  бiр-бiрiнен  ажыратылмауы,  оларды  программаның  бӛлек  бiр  тәуелсiз  бӛлiгi  ретiнде 

қолдануға  болады.    Мұндай  объектiлердi  бiр  программадан  екiншiге  оңай  алмастыруға  болады.  Бұл 

принциптi объектiге бағытталған программалау тәсiлдерi деп атайды.  

Жалпы  Delphi  ортасы  кез-келген  жаңа  жобаның  Application  объектiлiк    программасын 

автоматты түрде құрастырады.  

Initialize    әдiсi  арқылы  программа  Windows-тiң  басқаруымен  әртүрлi  кӛмекшi  жұмыстарды 

орындайды. Application.Initialize әдiсi шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан 

Delphi ортасының даяр бiр үзiндiсiн орындауын сұрайды. Осы үзiндi орындалғаннан кейiн (немесе iшкi 

программадан шыққаннан кейiн) келесi жолдағы CreatForm  әдiсi орындалады және   т.с.с.   

CreatForm  әдiсi негiзгi терезенi құрастырып, оны экранда кӛрсетедi. Ал Run әдiсi берiлгендердi 

және  оларды  ӛңдеу  туралы  Windows  -  тан  келген  хабарларды  қабылдайды.    Close  батырмасы 

басылғанда  программаға  Windows  -  тан  жұмысты  тоқтату  және  жүйелi  ресурстарды  (жадыны  және 

процессорды) босату туралы нұсқау берiледi.  

Жобаның  коды,  жоғарыда  айтылғандай,  Delphi  ортасымен  құрастырылады  және  кӛптеген 

жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлi ӛзгерiстердi 

енгiзiп,  араласса,  онда  Delphi  ортасы  осы ӛзгерiстердi  алып  тастауға  тырысады.  Сондықтан жобаның 

файлында ерекше кеңейтiлу қолданылады және әдетте бұл код кӛрiнбей тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет