Компоненттiң қасиетiн программа орындалу барысында өзгерту
Жоғарыдағы формаға орналастырылған Button1 - компоненттiң атын Label1 сияқты бiрден
Объектiлер бақылаушы терезесiнен ӛзгертуге болады.
Сонымен бiрге, осы әрекеттердi динамикалық түрде, яғни программаның кодын ӛзгерту арқылы
орындауға болады.
Динамикалық түрде компоненттiң атын ӛзгерту үшiн OnCreate (құрастыру барысындағы)
оқиғаны ӛндейтiн программаның үзiндiсiн келтiрейiк. Объектiлер бақылаушысының терезесiндегi
компоненттер тiзiмiн ашыңыз (10-сурет). Тiзiмдегi TForm1 қатарын таңдап, Events бағанасындағы
OnCreate қатарының оң жағын үзiлiссiз екi сырт еткiзiңiз.
10- сурет. Объектiлер бақылаушысының терезесi
Delphi ортасының шығарған дайындамасына бiр қатарды енгiзiңiз:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
Button1.Caption: =‟ ДЫБЫС‟;
//: = меншiктеу операторы, таңбалар арасында бос орын //қалтырмай жазылады. Апостофқа
алынған таңбалар жолы; //таңбалар саны шектелмейдi. Батырманың аты осы жолдың
// таңбаларынан тҰрады
end;
Ендi программа қайтадан iске қосылғанда, Button1 батырмасының аты ДЫБЫС - қа
ӛзгертiлгенiн кӛруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |