Программа кодының терезесі. Delphi ортасы программист жұмысының ӛте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта



Pdf көрінісі
бет5/122
Дата27.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#28970
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
Дәріс (2)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Properties
 

 

 

Объектілер тармағының терезесі 

Бұл  терезе  екпінді  формада  немесе  мәліметтердің  екпінді  модулінде  орналасқан  жеке 

компоненттер арасындағы байланысты кӛрнекі бейнеулеге арналған. Терезедегі кез келген компонентті 

белгілеу  формалар  терезесіндегі  сәйкес  компонентті  екпінді  жасайды  және  объектілер  инспекторы 

терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді.  

 

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. 

Форма  құрастырушысының  немесе  форманың  терезесi  -  болашақ  программаның  Windows 

терезесiнiң  жобасы.  Алдымен  бұл  терезе  бос  болады,  дәлiрек  айтсақ,  Windows-тiң  стандартты 

интерфейстiк  элементтерiнен:  жүйелi  менюдi  шақыру,  терезенi  үлкейту,  кiшiрейту,  жабу 

батырмаларынан, тақырып қатарынан  және қоршаған шегiнен тұрады. Бұл терезенiң   жұмыс   аймағы   

координаттық тордың нүктелерiмен реттелген.  

Формадағы  орналасқан  әр  компоненттер  ӛзiнiң  мекен-жайымен,  мӛлшерiмен,  түсiмен  т.с.с. 

анықталады.  Форманы  құрастыру  File  =>  New  =>  Form  опциялары  арқылы  орындалады.    Шығып 

тұрған  бос  формаға    бiр      компонентті,      мысалы    Standard        парағының    Button    батырмасын   

орналастыру үшiн   компоненттер жинағындағы Standard   белгiсiн сырт еткiзiп,  парақты екпiндi күйге 

келтiру керек.  

Компоненттің  формадағы  орнын,  мӛлшерiн  форма  терезесiнде  бiрден  ӛзгертуге  болады,  ол 

үшiн компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгiлеу керек (кiшiгiрiм тӛртбұрыштылар пайда 

болады).  Ендi  белгiленген  компонентті  тышқанның  сол  жақ  батырмасымен  басып  тұрып,  форма 

аймағының  кез-келген  жерiне    жылжытуға    болады.  Мӛлшерiн  ӛзгерту    үшiн  тышқанды  элементтi 

қоршап  тұрған    кез-келген  тӛртбұрышқа  орналастырсаңыз,  пайда    болған  қос  бағытты  тiк  сызықты 

тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшiн оны белгiлеп, 

Delete пернесiн басса жеткiлiктi. 

Компоненттің  басқа  параметрлерiн  ӛзгерту  әрекеттерi  Объектiлер  бақылаушысы  арқылы 

немесе программаның денесiнде орындалады. 

Объектілер  инспекторы  объектілер  қасиетін  орналастыру  мүмкіндігін  береді  және  программа 

құру  кезінде  әдістерді  тағайындайды.  Объектілер  инспекторы  терезесі  екі  жасырмадан  тұрады: 

Properties және Events. 

 

Properties  жасырмасында  екі  баған  бар.  Сол  жағындағы  бағанда  редакцияланып  отырған 

компонент  үшін  жобалау  кезінде  қажет  болатын  барлық  қасиеттердің  тізімі  орналасқан.  Оң  жақ 

бағанда сол қасиеттердің мәнін ӛзгертуге болады. 

 

Events  жасырмасының  сол  жағындағы  бағанда  компонент  оқиғасын  ӛңдеушілер  тізімі 

келтірілген. Оң жағындағы оқиғаны ӛңдеушілердің сәйкесінше аттары орналастырылады. 

Объектiлер  бақылаушысының      терезесi  екi  парақтан  құрылады:  Properties-  қасиеттерi  және  



Events  –оқиғалары.  Properties  парағы  арқылы  компоненттің  қасиеттерi  –параметрлерi  анықталады,  ал 

Events парағы арқылы компонентті әртүрлi оқиғаларға сәйкес сезiндiру анықталады.

  

Объектiлер  бақылаушысы  екi  бағанадан  құралған  кесте:  сол  жақ  бағанасында  параметрдiң  



немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдiң  мәнi немесе оқиғаны ӛңдейтiн iшкi программаның 

атауы орналасады.   




 

Кестенiң  кез  келген  жолын  тышқанды  сырт  еткiзу  арқылы  таңдауға  болады.  Бұл  жолдағы 



параметр  қарапайым  немесе  күрделi  болуы  мүмкiн.  Қарапайымдарға  бiр  мәнмен  анықталатын  -  сан, 

символдар  жолы,  True  немесе  False  мәндерiн    қабылдай  алатын    және  т.с.с.  компоненттің  қасиеттерi 

жатады.    Мысалы,  Caption  (тақырыбы)  қасиетi бiр  символдар жолымен,  Enabled (қол  жетерлiк)-  True 

немесе  False мәндерiмен,  ал  Heigh (биiктiгi)  және  Width (ұзындығы) нақты бiр сандық шамалармен 

анықталады. 

Компоненттің күрделi қасиеттер құрамына  бiрнеше мәндер тiзiмi кiредi. Олардың сол жағында 

―+― белгiсi тұрады, мысалы             

                        .               

      

Осы  тiзiмдi  ашу  үшiн    ―+‖  белгiсiн  тышқанмен  сырт  еткiзсе  жеткiлiктi.  Тiзiмдi  жабу  амалы 



қасиеттiң  ―-― белгiсiн басқанда орындалады. 

Жолдың  оң  бағанасын  сырт  еткiзу  арқылы  қасиеттiң  мәнiн  шығаруға  болады,  кейде    шыққан 

кӛрiнiс 

келесi  түрлерде  де  

болуы 

мүмкiн:    



 

 

Суреттегi  бiрiншi  кӛрiнiстегi  ―‖    белгiсiн  басқанда    қасиеттiң  мәнiн  анықтауға  мүмкiндiк 



туғызатын  сұқбаттасу  терезесi  шығады.      Екiншi    кӛрiнiстiң                    белгiсiн  басқанда    қарапайым 

қасиеттiң болуы мүмкiн мәндерiнiң тiзiмi  ашылады.  

Объектiлер  бақылаушысы  терезесiнiң  жоғарғы  жағында  форманың  атауы  және  формадағы 

орналасқан  барлық  компоненттер  және  оларға  қолданылған    оқиғалар  тiзiмi  орналасып  тұрады  (7-

сурет). 

                 

 

 

 



 

 

 



 

Объектiлер  бақылаушысының      терезесiн        тышқанның    оң  батырмасымен  сырт  еткiзгенде  

локальды  меню  шығады.  Меню  құрамындағы  бiрнеше    опциялар  терезенi  икемдеуге  мүмкiндiк 

туғызады,  мысалы  Stay  on  Top  оциясы  екпiндi  болса,  онда  Объектiлер  бақылаушысының      терезесi   

әрқашанда   басқа   терезелердiң үстiнде орналасып тұрады. 

Delphi  ортасында  бағдарламалау  форма  бетіне  компоненттерді  "түсіруге"    және  олардың 

арасындағы әрекеттестік күйді келтіруі: 

·   компоненттердің қасиеттерін ӛзгерту;  

·   бұлардың оқиғаға реакциялауын жазуға айналады. 

Бұл  ерекшелiк  –  визуалды  (көрсеткiш)  программалаудың  негiзi  болып  табылады. 

Программалаушы  әр  мезгiлде  құрылатын  программаның  терезесiн  бақылап  отырып,  қажеттi 

ӛзгерiстердi кез-келген мезетте енгiзу мүмкiндiгiне ие болады.  

Форма  бетінде  орналысқан  әрбір  компонент  Объектілер  Инспектор  терезесінде  (Object 

Inspector)  бейнеленіп  кӛрсетіледі.  Объектілер  Инспектор    терезесі  екі  беттен  тұрады  -  "Properties" 

(Қасиеттер)  және  "Events"  (Оқиғалар).  Объектiлер  бақылаушысының  беттері  екi  бағанадан  құралған 

кесте:  сол  жақ  бағанасында  параметрдiң    немесе  оқиғаның  атауы,  ал  оң  жақта  –  параметрдiң    мәнi 

немесе оқиғаны ӛңдейтiн iшкi программаның атауы орналасады. Кестенiң кез келген жолын тышқанды 

сырт еткiзу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделi болуы мүмкiн: 

6-сурет. Компоненттердің  құрама қасиеттерi

 

7-сурет. Программада анықталған компоненттер және оқиғалар тiзiмi



 


 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет