Компоненттер жинағы - Delphi-дiң негiзгi байлығы болып табылады. Ол негiзгi терeзенiң оң
жағында орналасып, қажеттi компонентті тез табуға арналған белгiлерден тұрады (3-сурет).
Компонент деп белгiлi бiр қасиеттердi иемденген және форма терезесiнде кез-келген объектiнi
орналастыру мүмкiндiгiн туғызатын функционалды элементтi айтады. Delphi ортасының
компоненттері 19 топқа бӛлiнген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер кӛмегiмен
программаның негiзi бөлiгi құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тiзiмдерi және т.с.с).
Батырмалар панелi сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшiн компоненттер
палитрасына кiретiн кез-келген пиктограмманы тышқан тетiгiнiң оң батырмасымен сырт еткiзiп,
арнайы редакторды iске қосу керек. Ашылған менюдегi Properties (қасиеттер) пунктiн таңдағанда 4–
суреттегi оң жақ терезе шығады.
Мысалы, 3-суретте кӛрiнбейтiн компоненттер арасындағы Dialogs парағын алға жылжытсақ,
бұл парақта жиi қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшiн 4-суретте келтiрiлген терезеде
Dialogs пунктiн тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктiн Data Aсcess
пунктiнiң орнына қою керек.
2-сурет. Негiзгi терезенiң кӛрiнiсi
3-сурет. Компоненттер жинағының терезесi
|