ComboBox компоненті ListBox тізімінің және Еdit редакторының комбинациясын ұсынады,
сондықтан барлық қасиеттері осы компоненттерге тәуелденген. Редакторлау терезесімен жұмыс жасау
үшін Edit- тегі тәрізді Text қасиеті, ал таңдау тізімімен жұмыс жасау үшін ListBox –тегі тәрізді Items
қасиеті пайдаланылады. Style қасиетімен анықталатын компоненттің 5 модификациясы болады.
csSimple модификациясында тізім әрқашанда ашық, қалғандарында ол редактордың оң жағындағы
батырманы басқаннан кейін ашылады.
ListBox және ComboBox компоненттері Компоненттер Палитрасының Standard бетінде
орналасқан.
BitBtn компоненті Компоненттер Палитрасының Additional бетінде орналасқан және
стандартты Button батырмасының әртүрлілігін кӛрсетеді. Оның ерекшелігі – Glyph қасиетімен
анықталатын батырманың үстінде расторлық суреттің бар болуы. Бұдан басқа, 11 стандартты әртүрлі
батырмалардың ішінен біреуін беретін Kind қасиеті бар. Бұлардың ішінен bkCustom және bkHelp –тан
басқа кез-келгенін басу модалды терезені жабады. bkClose батырмасы негізгі терезені жабады және
программа жұмысын аяқтайды.
5.1.2 Оқиғаларды ӛңдеуші процедураларды құру
Қосымшаны жүктеу кезінде, Интерфейс панелі экранға шыққан кезде пайдаланушы үшін
курсордың ComboBox компонентінің редакторлау ӛрісінде орналасқаны ыңғайлы. Форманың
активтелуі кезінде OnActivate оқиғасы пайда болады, бұны ComboBox компонентіне енгізу фокусын
беру үшін пайдалануға болады. Осы оқиғаның ӛңдеу-процедурасын құру үшін Объектілер
Инспекторында Form1 компонентін таңдау қажет, Events бетінде OnActivate оқиғасын тауып және
оның оң жақ(ақ) бӛлігінен ―тышқанмен‖ екі рет шерту керек. Курсор Форма активтелу оқиғасы ӛңдеу-
процедурасының procedure TForm1.FormActivate(Sender: TObject) мәтінінде орналасады.
5.1 сурет
ComboBox
Label3
BitBtn
Label1
Label2
34
Процедураның осы жерінде ComboBox1 компонентіне фокустың берілу операторын теріңіздер
(қ. 5.1.3 келтірілген UnStr модуль мәтінін қараңыздар).
Тапсырмаға сәйкес Enter пернесін басқан кезде, пайдаланушы редакциялау терезесінде терген
символдар жолы ComboBox компонентінің таңдау тізіміне ауысуы қажет. Осы оқиғаның ӛңдеу-
процедурасын құрған кезде Объектілер Инспекторында ComboBox1 компонентін таңдау керек ,
Events бетінде OnKeyPress оқиғасын тауып, оның оң жақ бӛлігінен ―тышқанмен‖ екі рет шерту керек.
Курсор пернетақтадан пернелерді басу оқиғасының ӛңдеуші-процедурасының :
procedure TForm1.ComboBox1KeyPress(Sender:TObject;var Key:Char) мәтініне орналасады.
Процедураның осы жерінде UnStr модуль мәтінін пайдаланып Enter пернесін басқан кезде жолды
редакторлау ӛрісінен таңдау тізіміне ауыстыратын және редакторлау ӛрісін тазартатын операторларды
теріңіздер.
Таңдау ӛрісінде procedure TForm1.ComboBox1Click(Sender: TObject) ―тышқан‖ пернесін
басу оқиғасы ӛңдеушісінің процедурасының құрылу үрдісі ComboBox1 компонентінің OnClick
оқиғасы үшін ұқсас орындалады.
UnStr модулінің мәтінін пайдаланып, таңдалған жолдың символдарын ӛңдеудің негізгі
алгоритмін орындайтын операторларды теріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |