Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар
Келесi процедуралар мен функцияларды кез келген түрдегi (мәтiндiк, типтiк және типсiз)
файлдарға қолдануға болады:
Procedure AssignFile (var F; FileName:String) - файлдық айнымалы шаманы сыртқы файлмен
байланыстырады. FileName - сыртқы файлдың аты (кейде маршруты кӛрсетілуі ықтимал), F - файлдық
айнымалы шама. Name MS - DOS ережесi бойынша файл орналасқан директорияның атын қамтуы
қажет. Файлды инициялизациялау дегеніміз - осы файлмен мәлімет алмастыру бағытын кӛрсету.
Object Pascal - да файлды оқуға, жазуға немесе бірден оқуға, жазуға даярлап ашуға болады;
Procedure Reset (var F) - файлды тек қана оқуға даярлап ашу процедурасы. Файл кӛрсеткіші
файлдың басына, яғни реттік нӛмірі 0 - компонентіне орналасады;
Procedure Rewrite(F) - жаңа файлды жазуға даярлап ашу процедурасы, егер F файлы бұрыннан
бар болса, онда ескi файлды жойып, жаңа бос файл құрады;
Function ChangeFileExt (const FileName,Extension: string): string - файл атының кеңейтілуін
Extension параметрімен анықталған кеңейтілуге ӛзгертеді;
Procedure ChDir(Path: string) - ағымдағы директорияны ӛзгертеді. Path параметрi жаңа
директорияның аты мен тұрағын қамтуы қажет;
Procedure CloseFile ( var F) - байланысын үзбей, файлды жабады. Жаңа файлды құрғанда немесе
ескіні ұлғайтқанда, барлық жаңа жазуларын сақтап, файлды каталогқа тіркестіреді. Егер программаның
жұмысы дұрыс аяқталса, онда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады;
FunctionDateTimeToFileDate(DateTime:TDateTime):Integer - DateTime түріндегі берілгеннің мәнін
файлдың құрастырылған немесе ӛзгертілген уақытының жүйелі форматына түрлендіреді.
Function DiskFree(D:Byte): LongInt - кӛрсетілген табақшадағы бос орын кӛлемін анықтайды.
Мұнда, D - табақшаның нӛмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы,
т.с.с). Егер жоқ табақшаның нӛмірі кӛрсетілсе, онда ―- 1‖ мәні қайтарылады;
Function DeleteFile (const FileName: String):Boolean - FileName арқылы аты және тұрағы
анықталған файл жойылады. Операция сәтті ӛтсе, онда нәтижесі True болады;
Function DiskSize(D:Byte):LongInt - кӛрсетілген табақшаның кӛлемін анықтайды. Мұндағы, D -
табақшаның нӛмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер
жоқ табақшаның нӛмірі кӛрсетілсе, онда ―- 1‖ мәні қайтарылады;
Function Eof (var F) - файлдың соңын анықтайтын функция. Егер файл кӛрсеткiшi файлдың
соңына жетсе, онда функцияның мәнi True, ал басқа жағдайда - False болады. Файлға жазылғанда
келесi компонент - файлдың соңына жалғастырылады деп саналады, ал файлдан оқылғанда - файлдың
соңына жеткен белгiсiн кӛрсетедi. Сыртқы файл даярланғанда, файлдың соңы ^Z (CTRL - Z) - пен
анықталады;
Procedure Erase (var F) - сыртқы файлды жояды. Файл алдын ала жабылған күйде болу керек;
Function FileAge (const FileName: string):Integer - FileName атты файлдың соңғы ӛзгертілу
уақытын анықтайды. Егер ондай файл жоқ болса, онда ―- 1‖ мәні қайтарылады.
38
Procedure GetDir(N: byte; var S: string) - файл орналасқан табақшада директорияның атын
анықтайды. S айнымалы шамасында директорияның маршруты мен аты жазылады, ал N табақшаның
нӛмірін кӛрсетедi (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с);
Procedure MkDir(Path: string) - жаңа директорияны құрады. Path параметрi жаңа директорияның
маршруты мен атын қамтуы қажет;
Procedure Rename (var F: file, NewName: string) - файлдың атын ӛзгерту процедурасы. F -
файлдық айнымалы шама, NewName - файлдың жаңа аты;
Procedure RmDir(Path:string) - бос директорияны жою процедурасы;
Достарыңызбен бөлісу: |