Object Pascal тiлiнде күрделi программаны құрастыруда модульдiк принцип қолданылады.
тyғызатын бӛлек компиляцияланатын әр түрлi интерфейстiк (қарым - қатынастық) бӛлiгiнiң
Интерфейстiк бӛлiгiнде объектiлердiң пайда болуы негiзгi программаның немесе басқа
модульдердiң осы объектiлерге қол жеткiзу мүмкiндiгiң туғызады. Ал аталмыш модульдiң денесi оның
44
Модульдер тек қана программаның құрамында орындалады.
Delphi ортасы программаға кiретiн әр формаға бӛлек модуль құрастырады және сол формаға
орналастырылған барлық басқару элементтерiнiң сипаттамаларын бiр ғана программалық бiрлiкте
сақтайды.
Модульдер- программаның үзiндiсiн орналастыру үшiн қолданылатын программалық бiрлiк.
Модуль деп программаның белгiлi бiр тәуелсiз бӛлiгiн атайды және олар стандартты және
бейстандартты болып екi топқа бӛлiнедi. Модульдiң коды программаның бет алысын анықтайды.
Модуль - басқа модульдерде және программаларда пайдалану мүмкiндiгiн тyғызатын, бӛлек
компиляцияланатын (компьютердiң тіліне аударылатын) әр түрлi типтердiң анықтамалық бӛлiгiнен
және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын программа. Модульдер қолданбалы
программалардың жиынын құрастыруға мүмкiндiк бередi және олар жадтың бӛлек сегментiнде
орналасады. Жалпы модульдер бӛлек орындала алмайтын программа. Модульдердi қолдану арқылы
күрделi программаларды құруға болады.
Кез-келген модуль келесi бӛлiктерен тұрады:
Тақырыбы;
Интерфейстiк бӛлiгi;
Орындалатын бӛлiгi;
Терминатор.
Модуль тақырыбы Unit арнайы сӛзiнен басталады, сонан соң модуль атауы және үтiрлi нүкте
тұрады. Интерфейстiк бӛлiгi Interface түйiндi сӛзiмен, ал орындалатын бӛлiгi Implementation түйiндi
сӛзiмен басталады. Модульдiң терминаторы программаның терминаторы сияқты, яғни нүктелi End.
Модульдiң атауы оны басқа модульдермен және негiзгi программамен байланыстыру үшiн
қолданылады. Модульдiң интерфейстiк объектiлерiне қол жеткiзу үшiн программада қажеттi TPU
(машина тiлiне аударылған) файлдың атын кӛрсету керек. Бұл байланыс келесi сӛйлем арқылы жүзеге
асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: