USES ‹модульдер тiзiмi›;
USES- арнайы сӛз; ‹модульдер тiзiмi›- программа және модульдердi бiр-бiрiмен
байланыстыруға қажеттi модульдердiң тiзiмi. Бұл сӛйлемдi қолданылатын модульдер спецификациясы
деп атайды және ол негiзгi программаның тақырыбынан соң орналасу қажет. Егер аталмыш модуль
басқа бiр модульдiң объектiлерiн қолданса, онда осындай спецификация Interface түйiндi сӛзiнен соң
бiрден орналасады. Пайдаланылатын модульдердiң спецификациясы келтiрiлген жағдайда программаға
қосылған модульдiң интерфейстiк бӛлiгiнiң барлық сипаттамалары белгiлi деп саналады.
Модульдiң интерфейстiк бөлiгiнде негiзгi программада және басқа модульдерде қолданылатын
аталмыш модульдiң барлық сыртқы (ашық) объектiлерi (түрлер, кластар, iшкi программалар
процедуралар және функциялар) анықталады. Паскаль программасы сияқты бұл анықтамадағы
объектiлердiң ретi кез - келген түрде бола алады. Интерфейстiк бӛлiкте iшкi программалардың тек
қана тақырыптары келтiрiледi, ал олардың толық анықтамасы модульдiң орындалатын бӛлiгiнде
кӛрсетiледi.
Модульдiң орындалатын Implementation бӛлiгiнде интерфейсте кӛрсетiлген iшкi программалар
орындайтын жұмыстар анықталады. Iшкi программалардың орналасу ретi интерфейстiк бӛлiкте
кӛрсетiлген ретпен бiрдей болмауы да мүмкiн.
Инициялизациялау (алғашқы рет iске қосу) бӛлiгiнде осы модульдердi iске асыратын
программаның жұмысы басталғандағы операторлары орналасады. Модульдердiң iске асырылуы
программаның Uses бӛлiгiнде кӛрсетiлген ретпен орындалады. Бұл бӛлiк Initialiяation сӛзiмен
басталады және бұл бӛлiктiң болмауы да мүмкiн.
Егер программада инициялизациялау бӛлiгi бар болса, онда деинициялизациялау бӛлiгi де болуы
мүмкiн. Бұл бӛлiк Finalization сӛзiнен басталады және оның құрамына программа жұмысын
тоқтатқандағы орындалатын операторлар кiредi. Модульдердi деинициялизациялау әрекеттерi
бағдарламаның Uses бӛлiгiнде кӛрсетiлген ретке керi бағытта орындалады.
Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де құрылады. Жалпы программа құрамында кӛптеген
формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкiн.
45
Жоғарыдағы құрастырылған формаға сәйкестелген модульдiң кодын File =>Open опцияларын
орындау арқылы Example файлын ашып кӛруге болады (1-сурет). Модульдiң коды орналасқан файл
келесi:
Модуль кодын ашу терезесi
Бұл мәтiндi DelphI ортасы ӛзi құрастырады. Жоғарыда айтылғандай, жобаның файлына
араласуға тиым салынған, ал модульдiң файлына әртүрлi жұмыстарды орындауға негiзделген
ӛзгерiстердi енгiзуге болады.
Модульдiң интерфейстiк бӛлiгiнде бiр түр (TfmExample класы) және бiр объект- кластың
туындысы - fmExample айнымалысы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |