Unit Glob;
Онда модуль мәтiнi табақшадағы Glob.pas файлында орналасқаны жӛн.
Модульдiң атауы модульдi басқа модульдермен және негiзгi программамен байланыстыру үшiн
қолданылады. Бұл байланыс келесi сӛйлем арқылы жүзеге асырылады:
Uses ‹модульдер тiзiмi›;
Uses - арнайы сӛз; ‹модульдер тiзiмi› - программа және модульдердi бiр - бiрiмен
байланыстыруға қажет модульдердiң тiзiмi.
Тiзiмдегi модульдер бiр - бiрiнен үтiрмен ажыратылады және тiзiмнiң соңында ―;‖ таңбасы
тұрады. Бұл сӛйлемдi қолданылатын модульдер спецификациясы деп атайды және ол Interfase немесе
Implementation сӛздерiнен соң немесе екi сӛзден де соң орналасуы ықтимал.
Мысалы, Uses Windows, SysUtils, MyUnit;
Егер аталмыш модуль басқа бiр модульдiң объектiлерiн пайдаланса, онда осындай спецификация
Interface түйiндi сӛзiнен соң бiрден орналасады. Пайдаланылатын модульдердiң спецификациясы
келтiрiлген жағдайда программаға қосылған модульдiң интерфейстiк бӛлiгiнiң барлық сипаттамалары
белгiлi деп саналады.
Ендi модульдiң интерфейстiк объектiлерiне қол жеткiзу әрекеттерi осы объектiлер кәдiмгi негiзгi
программада анықталған сияқты орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |