Алты Алашқа аты көптен та ныс, қазақ жұртының жүрегіне сұлу



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата17.01.2017
өлшемі9,29 Mb.
#2110
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сауле АЛИМБАЕВА,

методист областного 

учебно-методического кабинета 

В 

объективе областной 

августовской конференции - МКШ

7

 

Жайық ұстазы

10 қыркүйек, 2014 ж.

** Оқушылардың жазғы демалысы **

Батыс өлкенің ежелгі көшпенділері 

Ә

скери-патриоттық лагерьде

** Жаңа кітап тұсаукесері **

** Қыз тәрбиесі: ел назарында **

«Батыс Қазақстан тарих 

және археологиялық орталығы» 

-  қазіргі  таңдағы  ұлттық 

тарих пен мәдениетке деген 

қызығушылық пен сұранысты 

қанағаттандыру мақсатында 

және мәдени мұраларды зерт-

теу мен қорғауға мамандан-

дырылып  Қазақстан тари-

хында тұғыш рет құрылған 

мекеме. Тамыз айындағы ар-

хеология күніне орай аталмыш 

мекеменің ұйымдастыруымен  

БҚО «Нұр Отан» партиясы 

кіші залында өңіріміздің та-

рихынан сыр шертетін «Ба-

тыс  Қазақстанның  ежелгі 

көшпенділері  (Тақсай  1 

кешені туралы)» кітабының 

тұсаукесері болды.

Тұсаукесерде  кітап  ав-

торлары  –  БҚО  тарих  және  археология 

орталығының директоры, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Мұрат Сдықов хабар-

лама жасады. Құрылғанына 10 жыл болған 

орталық облыс  териториясы көлемін түгел 

қарастырып болған. Бүгінге дейін батыс 

өңірінде 1600 мәдени ескерткіштер анықталып, 

6000 қорған табылған, солардың ішінде облыс  

аудандарындағы 120-ға  жуық қорғанда қазу 

жұмыстары жүргізіліп, зерттеліпті. Археолог-

тар мектебі жұмыс істейтін орталық ХІІІ-ХІҮ 

ғасырлар шамасындағы «Жайық» пен «Өзені» 

аталатын 2 кала мекендерін, Қырық оба мен 

Алтын ханшайым обаларын тауып, зерттеу 

жұмыстарын жалғастыруда.

Бұдан  кейін  орталықтың  ғылыми 

қызметкері, экспедиция отрядының жетекшісі 

Яна Лұқпанова 2012 жылдың сәуір айында 

табылған Теректі ауданындағы 5 

оба кешені туралы хабардар етті.

Осы және басқа да тарихи 

құндылықтар туралы жазылған 

кітап біздің дәуірімізге дейінгі 

ежелгі батысқазақстандықтар 

туралы деректер беретінін және 

қазу  жұмыстары  жүргізілген 

№3,  №4,  №6  кешендерінен 

табылған б.д.д. Ү-ҮІ ғасырларға 

жататын ақсүйек әйел адамның 

жерленімі әшекей бұйымдарымен 

табылғандығы 

айтылды. 

Табылған  бұл  жәдігерлердің 

барлығы Қазақстанның Орталық 

мұражайына табысталып, зерт-

телу үстінде.

Батыс  өңіріміздегі  ежелгі 

көшпенділер тарихын зерттеу 

тақырыбына арналған бұл құнды 

дүние Қазақстан тарихын тың 

деректермен толықтырып, тарихымызды 

түгендеуде сүбелі үлес қосатын болады.

Әйтсе де, журналистердің сұрақтары 

кезінде анықталғандай ұлттық тарихымыз-

ды зерделейтін қазба жұмыстарын жүргізуге 

кедергі келтіретін жағдайлар да көп екен.  

Әсіресе, жеке шаруашылықтарға тиесілі жер-

лерде археологиялық жұмыстар жүргізу про-

блемалары туындап жататыны, жұмыс күші 

мен оларға төленетін еңбекақының аздығы 

және бар. Мұндай олқылықты болдырмас 

үшін Жермен жұмыс істейтін мекемелер 

облыстық тарих және археология орталығы 

ұлықсатымен жұмыс істегені, ол жерлер 

заңмен қатаң қорғалғаны керек. Мемлекет та-

рапынан тарихи жәдігерлерді жер қойынан 

жарыққа шығаратын археолог тарихшыларға  

лайықты қамқорлық жасалуы керек.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында «Ақ от-

ау» отбасы орталығының ұйымдастыруымен 

«Отбасын жоспарлаудағы бүгінгі таңдағы 

мәселелер,  оның  болашағы»    және  «Ана 

бақыты» жобасымен таныстыру мақсатында 

дөңгелек үстелі өткізілді. 

№1 қалалық емхананың мәжіліс залын-

да өткен бұл жиынға  қала мектептеріндегі 

медицина қызметкерлері, қалалық некеге 

тұрғызу мекемесінің, салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығының, мүгедек бала-

лар ұйымдарының және денсаулық сақтау са-

ласы қызметкерлері мен гинеколог мамандар 

қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан қалалық «Ақ от-

ау» отбасы орталығының төрайымы Алтынай 

Есқалиева баяндама жасады:

-  2006  жылы  тіркеліп,  өз  жұмысын 

бастаған бұл отбасы орталығы көптеген 

әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыр-

ды. Орталық ауқымында: жастар мен балалар, 

көпбалалы және жас отбасылар, жалғызілікті 

адамдар мен үйсіз-күйсіз адамдар мәселелері 

бар. Бес жылдан бері тұрақты орны жоқ 

адамдарды қолдау шаралары ұйымдастырылса, 

үш жылдан бері Юбилейный селосында «Ау-

ыл балапаны» орталығы жұмыс істейді. 

Ал, жыл сайын күз айында Сырым Датұлы 

алаңында «Күзгі вальс» акциясы өткізіліп, 

үстіміздегі жылы «Ана бақыты» жобасы от-

басын жоспарлауға, жастардың денсаулығын 

репродуктивті тәсілдермен сақтау және 

салауатты өмір салтын орнату, жастар-

ды адамға жат қылықтардан сақтандыру 

мақсатында насихат жұмыстарын жүргізуге 

бағытталды. 

- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың: 

«Ұлт  денсаулығы  әйел  құрсағында»  де-

ген аталы сөзді ұран еткен ақотаулықтар 

жобаны  жүзеге  асыруда  ана  мен  ба-

ла денсаулығына жете көңіл бөліп келеді. 

Тек денсаулығы мықты отбасы мүшелері 

ғана дені сау бақытты ұрпақты дүниеге 

әкелетінін ойласақ, Қазақ Елінің болашағы 

да осы балалар қолында. Сондықтан жа-

стар мен жас отбасылар арасында жоспар-

лы түрде өздері аңсаған сәбидің күтімі мен 

тәрбиесі, оларды дұрыс тамақтандыру тұтас 

ел мен әулет алдындағы ұрпақтан ұрпаққа 

жалғасатын дәстүр екенін түсіндіру және 

оны қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде 

- деді, баяндамашы. Облыстың Орал, Ақсай 

қалалары мен Шыңғырлау  ауданы терито-

риясында жұмыс істеп жатқан жоба 1000 

адамды  қамтыған  9  игілікті  шараларды 

ұйымдастырыпты. Соның ішінде әлеуметтік 

жағдайы қиын әйелдер мен қыздарға, Шаңырақ 

жатақханасында тұратын балалар үйінде 

тәрбиеленген қыз-келіншектерге, көп бала-

мен 3х4 метр жерде тұратын аналарға отба-

сын жоспарлау, денсаулықты репродуктивті 

тәсілдермен сақтау мәселелері төңірегінде 

жұмыстар істеліпті. Жобаның жұмыс ба-

рысында жастардың ерлі-зайыпты өмірге, 

болашақ ана болу жауапкершілігіне  дайын 

еместігі анықталыпты.

Қызу  пікірталаста  өткен  дөңгелек 

үстелде жас жұбайлармен жұмыс істейтін 

некеге тіркеу мекемесінің қызметкерлері 

тек  құжат  толтырып,  тіркеумен  ғана 

шектелетіндіктері,  осы  мекеме  жаны-

нан  медициналық,  психологиялық,  өмірді 

көрген адамдардан кеңес алу мәселелері не-

ге қарастырылмаған деген мәселе көтерілді. 

Сондай-ақ, мектеп жасындағы қыз балалар-

ды болашақта қауіпті аурулардан сақтандыру 

үшін вакцинация жүргізу мәселесі сөз бол-

ды. Бұған қоса, мектептерде қыз және ұл 

тәрбиесіне жете көңіл бөліп, мектептерде 

қыздар жиналысымен қатар ұлдар жиналы-

сын да өткізу мәселелері айтылды. Сондай-

ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру 

және жастар орталықтарына сын айтылып, 

олардың қандай жұмыстармен айналысып 

жатқандығы мәселе етіліп көтерілді. 

Жастар бірлестіктерінің жауаптары-

нан білгеніміз қаламызда жастармен жұмыс 

істейтін  «Жалын»,  «Қамқор»,  «Жігер», 

«Сенім» ұйымдары бар екен. Әйтседе, бір 

әттегенайы осы ұйымдар өз жолын та-

ба алмай, дос-жарандарынан алшақтанған 

жасөспірім  жастармен  жұмыс  істесе, 

жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылық пен 

адамға жат қылықтардан бойлары мен ойла-

рын аулақ салған болар еді. 

Осындай жастар арасындағы проблемалық 

мәселелерді көтерген дөгелек үстел қызу пікір 

таласта өтті.

Орал қаласы жанында үнемі самал желі 

есіп тұратын Шаған өзенінің  солтүстік бетінде 

орналасқан «Жігер» әскери-патриоттық лагеріне  

барғанымызда аула қақпасында күзетте тұрған 

әскери киімдегі екі бала кәдімгі әскерилерше оң 

қолын шекесіне апарып, мән-жайды сұрап, ішке 

енгізгенде, лагерьде қалыптасқан әскери тәртіпті 

байқап разы болдық. 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы 

«Самал» облыстық балалар мен жасөспірімдер 

туризмі және экологиялық орталығына қарасты 

«Жігер» әскери-патриоттық лагері үстіміздегі 

жылдың шілде айынан бастап жұмыс істей ба-

стады. Екі ауысымда жұмыс істеген лагердің 

негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың алдын 

алу бойынша аймақтық бағдарламаны орын-

дау  болатын.  Оның  ішінде  балалардың 

қадағалаусыз қалмауын, қылмыстың алдын 

алу мен жасөспірімдерді патриоттық рух-

та тәрбиелеу міндеттері де бар. Екінші ауы-

сым жұмысын бастаған лагерь жұмысы тура-

лы лагерь меңгерушісі А.И.Будникке алғаш 

жолыққанымызда бізге былай деді:

- І ауысымда лагерьде 33 оқушы болды. 

Бұлар негізінен облыстық кәсіптік білім беру 

ұйымдарында оқитын балалар. Олардың ішінде 

көпбалалы отбасынан шыққан 9, ата-анасынан 

айырылғаны 1, ата-ананың қамқорлығынсыз 

қалған 1, жартылай жетім 1, аз қамтылған 9, 

тәртібі де, әлеуметтік жағдайы да қалыпты 

1, есепте тұрған 2, патронаттық тәрбиедегі 

2 оқушы бар. Балаларға алғашқы күннен ла-

герь тәртібі, күн тәртібі, өрт қауіпсіздігі, суға 

түсу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары 

жүргізілді. Лагерь оқушылары 4 бөлімшеге 

бөлінген. Оларды бөлім командирлері басқарады. 

Бірінші бөлімше командирі Ж.Досмұхамедов 

атындағы педагогикалық колледждің алғашқы 

әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлыбек 

Өтеғалиев, - деп, әскери киімдегі қара торы 

жігітті таныстырды. №1. бөлімше командирі 

Нұрлыбек Закарияұлы: 

- Менің бірінші бөлімшемде 9 оқушы бар. 

Ал, екінші бөлімшеде 10 бала. Оны Орал мұнай, 

газ және салалық технологиялар колледжінен 

Тәжік-ауған соғысының ардагері Манарбек 

Әмірғалиев басқарады. Үшінші бөлімшені Ба-

тыс Қазақстан инженерлік-технологиялық кол-

леджден Қ.Байғалиев, қарамағында 9 бала бар. 

Құрамында 6 оқушысы бар, төртінші бөлімшені 

Орал индустриалды колледжінен Бисембай Жа-

натаров басқарады. Бұлардың бәрі де аталған кол-

ледждерде алғашқы әскери дайындық пәндерінің 

оқытушылары.

Ал  лагерьді  Орал  қалалық  білім  беру 

бөлімінің АӘД әдіскері, №37 мектептің АӘД 

пәнінің мұғалімі, Тәжік-ауған соғысының ардагері 

Мерлан Нұрқанов басқарады. Жасөспірім жа-

стармен психолог А.Бөлеген жұмыс істейді. 

Мында теннис ойын бөлмесі, арнайы ойын алаңы 

мен асхана бар. Асханада да ұлттық дәстүр 

қалыптасқан. «Ас дәмді болсын» деп, ұлықсат 

берілгеннен кейін ғана дәм татуға болады. Астан 

соң, ас қайырылады.  

Оқушылар жатын орнына келгенде де әскери 

қызметке лайықты жинақылықты аңғардық. №1 

бөлімше командирі бұл жөнінде бізге:

- Алғашқы үш күніміз балаларға  төсек пен 

киімдерін жинау тәрізді ұқыптылыққа үйрету 

үшін кетті. Олар киімдерін қалай болса, со-

лай шешіп, төсекті де дұрыс жинау білмейтін. 

Қазір көріп тұрсыз, бәрі орнында деп, ұқыпты 

жиналған жатын бөлмелерін көрсетті. 

Осы жерде бізге жолыққан лагерь басшысы 

Мерлан Аманжолұлы:

- «Балалардың бос уақытын тиімді өткізу 

мақсатындағы бұл лагерь әскери бағыт пен 

тәртіпке  лайықталған.  Постыда  күзетке 

тұрудан бастап, ату қауіпсіздігі бойынша: қару-

жарақты алдын-ала тексеру, қаруды қолдана 

білу, олардың техникалық ережелері балаларға 

жеке-жеке түсіндіріледі. Бұған қоса лагерьде 

психологиялық тренингтер өтіп тұрады, деді.  

Лагерьде өткен «Өмір қандай тамаша», 

«Менің есімім» атты бір-бірімен еркін таны-

сатын психологиялық жаттығу, «Дәл бүгін» 

бағдарламасы бойынша сұрақ-жауап, пікір-

талас ұйымдастырылып, тренингтен жақсы 

көңіл-күймен шыққан оқушылар лагерьдің 

ақпарттық бөлімшесінде «Жігер» әскери-

патриоттық лагері туралы бейнефильм тама-

шалапты.

Ал,  лагерьдің  ашылу  салтанаты-

на қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім 

бастығы подполковник М.Б.Тоқпаев, БҚО 

«Ауғанстан ардагерлерінің одағы» қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы О.В.Пимонов, БҚО 

білім басқармасы кәсіптік білім және кад-

рларды  даярлау  бөлімінің  басшысы 

М.М.Сапарғалиев, Астана қаласындағы БҚО 

«Ауғанстан ардагерлері Одағы» қоғамдық 

бірлестігінің уәкілі Н.Б.Атолов, Облыстық ба-

лалар мен жасөспірімдер туризмі және эко-

логия орталығының директоры В.П.Фомин 

қатысыпты. Ашылу салтанатында патриоттық 

әндер шырқалып, ант қабылдаған. Салтанаттан 

соң оқушылар Ақтөбе, Атырау байкерлерімен 

кездесіп, сұхбаттасуы, сол сәтте  әлем чемпионаты 

өтуіне байланысты байкерлермен жолдастық кез-

десу ұйымдастырылуы лагерьдегі балларға үлкен 

әсер қалдырыпты. Бөлімше командирлері «Елімнің 

қорғаны бол» тақырыбында саяси сабақтар өткізіп, 

түскі астан кейін спорттық іс-шаралар өткен. Кеш-

те лагерь кезекшіліктері ұйымдастырылып, мәдени 

шаралар кезінде топ-топ болып, шырқалған 

патриоттық әндер сайысы өткізілген.

Лагерьде жұмыстардың бәрі арнайы жоспарға 

сәйкес жүргізіледі. Командирлер «Сап және оның 

элементтері» жөніндегі саптық дайындықтан ба-

стап, «Отанды қорғау» мемлекеттің маңызды 

қызметі», «Рота бойынша тәуліктік кезекші», «Ту-

ризм әліппесі» тақырыптарында оқу сабақтарын 

өткізді. Әр бөлімше арасында туризм техника-

сынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс ілмелі 

өткел арқылы өту, маятник және қосарланған 

жаралыны тасу тәрізді төрт кезеңнен тұрды. 

Қорытындысында 1-бөлімше І орын, 3-бөлімше 

ІІ орын, 4-бөлімше ІІІ орын, 2-бөлімше ІV орын-

ды иеленді.

Әр күні жаттығулармен жалғасатын ла-

герьде бөлімше аралық пневматикалық вин-

товкадан ату сайысы ұйымдастырылды. Сай-

ыс қорытындысында Жалпақтал колледжінің 

оқушысы Ерасыл Ерлікбаев І орынды, Жаңақала 

колледжінің оқушысы Қолғанат Ғайнуллин ІІ 

орынды, Дидар Құрлысов пен Асхат Бақытжанов 

ІІІ орынды бөлісті. 

Алдын ала Ауған соғысы ардагерлері туралы 

мағлұматтар алынып, кездесуге БҚО «Ауғанстан 

ардагерлері  Одағы»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы О.В.Пимонов шақырылды. 

Жайық өзені Еуразиялық интеграциялық Ресей 

Федерациясы мен Қазақстан Республикасы экс-

педиция мүшелерімен кездесу өткізілді. Сондай-

ақ, әскери оқу орнын бітірген және әскери оқу ор-

нында оқитын Жәнібек ауданы студенттерімен 

кездесу өткізілді. «Гауһар жолы» қоғамдық 

бірлестігінің қатысуымен жасөспірімдер арасын-

да суицидтің алдын алу мақсатымен семинар-

тренингтер өткізіліп, Х.Есенжанов атындағы 

кітапхана қызметкерлерімен әдеби кітаптар оқу 

ұйымдастырылды. 

Лагерьде  дәрігер  бар.  Ол  оқушыларға 

медициналық білім негіздерінен дәріс оқып 

тұрады. Мұнда әр балада бір-бір велосипед бар. 

Бөлімше аралық велосипедпен және  кедергілерден 

өту жарысы ұйымдастырылып, қорытындысында 

І орынды Ақсай колледжінің оқушысы Ди-

дар Құрлысов иеленсе, ІІ орынды Жымпиты 

колледжінің  оқушысы Дарын Сағидолла, ІІІ 

орынды Орал мұнай, газ және салалық техноло-

гиялар колледжінің оқушысы Владимир Гуняев 

иеленді.


Маусым соңында оқушылар осы уақыт 

аралығында алған патриоттық тәрбие мен әскери 

білімдері бойынша БҚО білім басқармасының 

кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің 

басшысы М.Сапарғалиевке өз білімдерін практика 

жүзінде көрсетті.

Алғашқы маусымдағы лагерьдің жабылу сал-

танаты. Әскери форма киініп қаз-қатар тізілген 

оқушылар. Салтанатқа шақырылған Облыстық 

прокуратураның бастығы генерал-майор Серік 

Қараманов, БҚО «Ауғанстан Ардагерлер Одағы» 

қоғамдық  бірлестігі    төрағасы  О.Пимонов, 

Облыстық дін істері басқармасының бас има-

мы Руслан Сұлтанов, БҚО білім басқармасының 

бас маманы Луара Қайрекенова, Облыстық ба-

лалар мен жасөспірімдер туризмі және экология 

орталығының директоры В.Фомин қатысуда.

Салтанатта демалушы оқушылар өз өнерлерін 

көрсетіп, бірі домбыра мен күй күмбірлетсе, 

бірқатары автоматты жартылай бөлшектеу, қайта 

жинау нормативтерін тапсырды. Арасында қоян-

қолтық шайқас өнерін ортаға салып, әскери 

өнерлерін көрсетті. 

Салтанат  соңында  лагерь  басшысы 

М.Нұрқанов «Жігер» әскери-патриоттық лагерінде 

үлгілі тәртібімен, жарыстарда жауапкершілігімен 

көзге түскен оқушылар мен командирлерді 

«Мақтау қағазымен», «Алғыс хатпен» марапат-

тады.

Балаларды әскери жинақылыққа, жігерлілікке, 



ең бастысы, Отанды сүюге, патриоттық рухқа 

тәрбиелеп жатқан «Жігер» лагерінен тағы да разы 

болып аттандық.

Қайырбек БАЙҒАЛИЕВ,

БҚО инженерлік-технология 

колледжінің АӘД оқытушысы,  

бөлімше командирі,

Рысты ХАЛАУҚЫЗЫ

Беттегі материалдарды дайындаған: «Жайық ұстазы» 

газетінің арнаулы тілшісі Рысты ИСМАҒҰЛОВА


8

Жайық ұстазы

10 қыркүйек, 2014 ж.

О р а л   г у м а н и т а р л ы қ

  т е х н и к а л ы қ   к о л л е д ж і

Ж.Досмұхамедов атындағы 

педагогикалық колледж

Педагогический колледж 

имени Ж.Досмухамедова

Мемлекеттік лицензия АБ №0036433

МАМАНДЫҚТАР (ақылы негізде):

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу 

және білім беру»

0102000 


«Тәрбие 

жұмысын 


ұйымдастыру»

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

0105000 «Бастауыш білім беру»

0106000 «Бейнелеу өнері және сызу»

0107000 «Технология»

0108000 «Музыкалық білім беру» 

0111000 «Негізгі орта білім» 

1304000  «Есептеуіш  техника  және 

программалық жабдықтау» 

0506000 «Шаштараз өнері мен сәндік 

косметика» 

0501000 «Әлеуметтік жұмыс» 

0510000 «Іс – қағаздар жүргізу және 

мұрағаттану»

0507000 «Қонақ үй шаруашылығы мен 

туристік кешендерге қызмет көрсетуді 

ұйымдастыру» 

0512000 «Аударма ісі» 



ОҚУ МЕРЗІМІ:

Күндізгі оқу бөлім: 9 класс негізінде – 3 

жыл 10 ай;  11 класс негізінде – 2 жыл 10 ай.

Сырттай оқу бөлім: 11 класс негізінде – 

2 жыл 10 ай



Қабылдау  емтихандары  кешенді 

тестілеу мен шығармашылық емтихан 

түрінде өткізіледі. Ағымдағы және өткен 

жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге  

қатыспаған  түлектер колледжде өтетін 

кешенді тестілеуге қатысады. 

Оқуға өтініш қабылдау

күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 20 

тамызға дейін, 

сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 

қыркүйекке дейін жүргізіледі. 

Қабылдау емтихандары: 

күндізгі оқу бөліміне 1 тамыздан 25 

тамызға дейін; 

сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан  25 

қыркүйекке  дейін.

Азаматтарды  білім  алушылар 

қатарына қабылдау конкурстық негізде 

жүргізіледі: 

күндізгі  оқу бөліміне 25 тамыздан 30 

тамызға дейін; 

сырттай оқу бөліміне 15 қыркүйектен 

30 қыркүйекке дейін.

ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: 

• білімі туралы  құжат (түпнұсқа); 

• №086-У, 063 нысанындағы медициналық 

анықтама флюрография суретімен (І және 

ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан 

мүгедектер  үшін медициналық-әлеуметтік 

сараптама қорытындысы); 

• 3х4 мөлшерлі 4 фотосуреті; 

• ҰБТ сертификаты;  

• жеке төлқұжаты, паспорт немесе 

тууы туралы куәлік (оны ауыстырушы 

құжат), 

• еңбек кітапшасының көшірмесі (сырт-

тай оқу бөліміне жұмыс істейтіндер үшін); 

• оқу орнынан мінездеме (күндізгі оқу 

бөлімі үшін).

Государственная  лицензия  АБ 

№0036433

СПЕЦИАЛЬНОСТИ (на платной 

основе):

0101000 «Дошкольное воспитание и обу-

чение» 

0102000 «Организация воспитательной 



работы» 

0103000 «Физическая культура  и спорт»

0105000 «Начальное  образование»

0106000 «Изобразительное искусство и 

черчение» 

0107000 «Технология» 

0108000 «Музыкальное образование» 

0111000 «Основное среднее образова-

ние» 

1304000 «Вычислительная техника и 



программное обеспечение»

0506000 «Парикмахерское искусство и 

декоративная косметика» 

0507000 «Организация обслуживания го-

стиничных комплексов»

0501000 «Социальная работа»

0510000 «Делопроизводство и архивове-

дение» 


0512000 «Переводческое дело» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет