Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата18.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#2182
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

– Өнердегі ұстазыңыз жайлы айта 

кетсеңіз. 

– Менің ұстазым – КСРО халық 

артисі Хадиша Бөкеева. 1973 жылы Қазақ 

Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер 

институтының театр факультетін, Хадиша 

апайымыздың класы бойынша бітірдім. 

Менен бұрын Хадиша апайымызда Құман 

ағаларың білім алған. Хадиша апамыз 

ғажап актриса, ұлағатты ұстаз, Кеңес 

Ода ғы ның Халық артисі, лауреат еді. Сон-

дай адамнан тәрбие алғанымыз біз үшін 

мақтаныш.  

Хадиша  апайымызбен бірге белгілі 

театр сыншысы, жазушы Әшірбек Сығай 

ұстаздық етті. Ол кісімен бірге  театр-

да да жұмыс істедік. Театр атты киелі 

шаңырақтың бүгінгі келелі мәселелерін 

ортаға салып, пікір бөлісетінбіз.



– Өнер жолыңызды кинодан баста-

дыңыз. Дегенмен, жаныңызға театр жақын 

ба, әлде кино ма?

– Театр – үлкен өнер. Ол–менің екінші 

үйім. Сондықтан маған театр жақын. 

Көрерменмен бетпе-бет жүздесіп, сахнада 

өнер көрсетудің орны бөлек.  Себебі актер 

мен көрермен арасында шынайы байла-

ныс орнайды. Сахнада көрерменнің ішкі 

жан дүниесіне үңіліп, оның толғаныс-

тебіреністерін тереңірек түсінесің. Жас 

күнімізде бос уақытымыздың көбін 

театрда өткізетінбіз. Демалыс күндері 

дайындық болса қуанатынмын. Себебі 

театрдың әсері  керемет. 

– Соңғы жылдары қандай фильмдерге 

түстіңіз?

– «Махамбет», Астана жайлы «Арман 

қала», «Секіріс» фильмдерінде, сондай-ақ 

«Хабар» агенттігінің «Жаным» телесери-

алында ойнадым. Осы сериалдағы рөлім 

өзіме жақынырақ. 



– Әйел бақыты дегенді  қалай түсінесіз?

– Әйел заты үшін  отбасы, ошақ қасы 

әрдайым алғашқы орында болуға тиіс. 

Сондықтан  бақыт деген қызмет те емес, 

шен де емес, ол – отбасы.  Қазақ әйелі 

қай заманда болмасын ошақтың берекесі 

мен татулығын сақтаушы, сәнін кіргізуші 

бола білген. Сондықтан бүгінгі қыз-

келіншектерге айтарым, отбасы бақытын 

с а қ т а ң ы з д а р ,   ш ы д а м д ы ,   с а б ы р л ы 

болыңыздар. Отбасының жарасымдылығы 

мен берекесі тек сіздердің қолдарыңызда 

дер едім. Әсіресе, жастар «үйлену оңай, үй 

болу қиын» екенін ұғынып, отбасы алдын-

дағы жауапкершілікті түсінсе деймін. 

Құман ағаларың екеуміздің отау құр-

ғанымызға 45 жылдан асты. Аз уақыт 

емес. Оқуды да, өнерді де – бәрін қатар 

алып жүрдік. Бір-бірімізді түсіне білеміз. 

Бала ларымызды да осылай тәрбиеледік. 

Сондықтан бүгінгі жастарға айтарым,  

шыдамдылық, төзімділік және еңбекқор-

лық қажет деп санаймын. 

– Әңгімеңізге рақмет!  

Әңгімелескен 

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Мөлтек сыр

МәденИет

Ж

үгіре басып келемін. Аялда-



маға он метрдей қалды. Автобус 

сырғып келіп аялдамаға тоқтады. 

Аяз бетімді қарып барады. Ав тобусқа секіріп 

мінгенше асықтым. іші жып-жылы. Жолау-

шылар үнсіз. Суықтан жылы жерге кіріп, 

сүйсінгендей маужырап отыр. Қалтамнан 

айнамды алып қа ра сам, аяз қарыған бетім 

алмадай қызыл, кірпігімнің үстіндегі қырау 

шық тамшылары сияқты. 

Оқулыққа нық толы сөмкемді иығыма 

асынып алып, түсуге ың ғай ландым. есік ал-

дына үлкен қытай дорбасын сүйрей бір әжей 

жақындады:

– Қарағым, шығуыма көмек тесші, – деп, 

бір ер кісіден өтінді. Ол естімегенсіп, автобус 

тоқтаған бойда әжейді бір шетке итере-мите-

ре табалдырықтан секіріп түсіп жөнімен кетті. 

Тағдыр кәрілікке қарсы тұра алмайды. 

Бетін әжім басқан, жүзі солғын, киген киімі 

де жұпыны. Әлгі кісі  түрінен қорықты ма 

екен, әлде қаңғыбас кемпір деп ойлады ма 

екен, неге шошынғандай тұра қашты екен? 

Мен қарт әжейдің сөмкесінен қаттырақ ұстап, 

сүйрете түстім. Неткен ауыр еді өзі! Әжей:

– ей, айналайын, енді қолыңды бер, 

 тайып құлап тырайып жатпайын, – деді. 

– Әже, қайда барасыз? – деп сұрадым.

– Немерелеріме, балама, келініме 

тамақ  апара жатырмын. ешқайсысы жұмыс 

істемейді. Балалары өскен. Жетпейді ғой... 

– деп көңіліндегісін шұбырта жөнелді әжей.

– Жоқ, қай үйге, қай көшеге барасыз?-

деп сұрадым.

– А? е? – деп естімеді. Басындағы шәліні 

бір шетке ысырып:

– Ау, қарағым! – деді.

– Алыс па? Баратын жеріңіз алыс па? 

Жеткізіп  салайын, – дедім мен. 

 екеуіміз ақырындап келе жатырмыз. Бір 

тоқтап демалғанымызда:

– Атың кім, балам? – деп сұрады.

– Менің атым  – Аида, – дедім.

– Жақсы қыз екенсің, бақытты бол 

қарағым! – деді.

Аяз шымырлатып, тістелеп барады. 

Сөмкесін қалай жеткізбек болды екен деп 

ойланып келемін. Балалары жұмыс істемесе, 

науқас шығар. Байғұс әжей солардың қамын 

жеп, аязды күні тамақ тасып келеді. екеулеп, 

демала сүйреп, жеттік-ау, әйтеуір! 

– енді, қалқам, ең жоғарыға көтеріл 

де, оң жақтағы есікті қағып, біреуін шақыр, 

көтерсін өздері! – деді әжей. Мен жоғары 

көтеріліп, есікті қақтым. Жым-жырт. Қарт 

адам сонау жерден сөмкесін сүйреп кел-

генде, үйлерінде ешкімнің болмағанын 

қарашы, деп абыржыдым. Біраз үмітімді 

үзбей, есікті қағып тұрдым. Әжей тоңып 

қалатын болды-ау! үстіне киген киімі де 

жұқа. Солай тұрғанымда, есікті тыжырынып 

еңгезердей бір кісі ашты. 

– Что надо?! – деді. Мен:

– Там бабушка вас зовет, – дедім.

– Че за бабушка?

– Ваша бабушка. Она уже замерзла. 

– Передай! Пусть зайдет! 

– У нее сумка тяжелая. Вы ей помо-

гите подняться, – дедім. Сол кезде арғы 

жақта қанша адам бар екені белгісіз, бірақ 

АялдАмАдАғы 

кездесу

АялдАмАдАғы 



кездесу

бір-біріне «Сен бар! Жоқ, сен бар!» деп, 

айғайласты да кетті.

 Мен өз сөмкемнің ауырлығынан жел-

кемнің ұйып қалғанын да сезер емеспін. 

Әлгі әжейді подъездге сөмкесімен бірге 

сүй ретіп кіргізіп кеттім. Қол-аяғымның сон-

шама қалтырағаны, неден екенін білмедім. 

Аяғымды тез басып үйге де жеттім. 

Саусақтарымның икемі жоқ. Қоңырауды әрең 

бастым. есікті әжем ашты. Әлгі жағдайдан 

ішім өртеніп, ызаға булыққан күйі сөмкемді 

тастай салып, әжемді бас салып құшақтадым 

да, өкіріп тұрып жыламасым бар ма! Шерім 

тарқар емес. Әжем аң-таң: 

–Қарағым-ау, не болды? Біреу рен жітті 

ме? – деп сұрады.

  – Жоқ, әже, сені сағындым! Мектептен 

үйге жеткенше қатты сағындым! – дедім 

де, әжім басқан бетінен, қолдарынан әбден 

сүйдім. 

Біз отбасымызбен әжемнің көңіліне 

қаяу түсірмей, бәріміз тек қуанышымызды 

көрсеткіміз келіп жүреміз. Сол күннен бастап 

әжемді бұрынғыдан да қатты жақсы көретін 

болдым.


Аида СЫЗДЫҚОВА 

АСТАНА 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет