Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Серіктің атын шығарып, есімін елге танытқан



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата18.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#2182
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Серіктің атын шығарып, есімін елге танытқан 

ақындық дарынының даралығы екендігі 

екінің біріне белгілі шындық. Қаршадайынан 

қазақтың қараөлеңінің сиқырына арбалып, 

жас жүрегін жыр тербеген боздаланың 

бозбаласына ақындық қасиеттің даруы 

тәңірдің сыйы болса, ал оның ұшталып, 

қанаттануына дем берген ән мен күйге, өлең-

жырға бөленген, қаймағы бұзылмаған таза 

қазақы орта. Сондай-ақ осы өлкенің байтақ 

елге белгілі Нұрқан, Сырбай, Қайныкей, Ғафу, 

шәміл сынды шайырларының өлеңдерімен 

ауызданған шәкірттің жыр жазуға талпынуын 

табиғи құбылыс деп қабылдаймыз. Енді 

бір есте болатын қызық жағдай бар. 

Серіктің екі құрдасы, іргелес ауылдардың 

балалары Кеңшілік пен Серікбайдың да 

өлеңдері аудандық газетте жиі жарияланып 

тұратындығы. онжылдықты бітіре сала үшеуі 

де арман қуып алматыға аттанды, кейінірек 

үшеуі де таланттарымен танылып, қазақ 

ақындарының қатарын толықтырды. 

Баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы 

әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев 

жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығына орай жыр-

терме орындаушылардың республикалық байқауын 

өткізу жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің 

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы 

бастама көтергендігіне тоқтала келе, «Жамбыл 

бабамыздың бұған дейінгі мерейтойларында талай 

өнер байқаулары ұйымдастырылған. Бірақ бұрын-

соңды еліміздегі үздік жыршы-термешілердің басын 

қосып, Жамбыл Жабаевтың жыр-дастандарын 

насихаттаған байқау болмапты. Сондықтан бұл 

Жамбыл – Жәкемнің жырларын жұртшылықтың 

жүрегіне жеткізіп қана қоймай, термешілердің де 

рухын көтеріп, абыройын аспандататын іс-шара 

болмақ» деген ниетін жеткізді.

Жыр-термеге сусындаған халық залға лық 

толды. Сахна шымылдығы облыстық қазақ драма 

театрының артистері сомдаған ақынның өмірбаяны 

жайлы театрландырылған қойылыммен ашылып, 

әп дегеннен көрерменді өзіне баурап алды. 

Мінбеге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары 

Ерқанат Манжуов көтеріліп, баба жырларының 

ұлттық рухтағы ерекшеліктеріне тоқталды.  Алыстан 

ат арытып жеткен, ұлттық өнердің шын жанашыр-

ларына сәттілік тіледі. 

Еліміздің әр аймағынан қатысқан 30 

орындаушыға да кезек келді. «Сен тұр, мен атай-

ын» дейтін кіл жүйріктер. Бір-бірінен қалысқысы 

жоқ. Мәнерлі мақам, зерделі сөз, орындаушылық 

шеберлік тыңдаушының бәрін ұйытып алғандай.   

Ұлттық өнердің құдіретінде шек жоқ қой, шіркін. 

Арасында «Әп, бәрекелді!», «Өркенің өссін!» деген 

үлкендердің жарқын дауыстарын естіп, өзіңнен-

өзің рақат сезімге бөленесің. Тіпті «Қызылордадан 

құдама қыдырып келіп едім, жыр-терменің бола-

тынын естіп келдім, – деген қарияның: – мұндай 

тағзыМ


жИын

шара


жарыстар біздің өңірде де ұйымдастырылса ғой» 

дегенін де естіп қалдық. 

Байқауға қатысу шарттары алдына ала 

хабарланғанымен, қызу додаға келе алмай, қатыса 

алмай қалған өңірлер де бар. Осы олқылықты 

байқаған Қапаш Құлышева: «Байқауға менің туған 

өлкем Көкшетаудан ешкім қатыспапты. Батыс 

өңірден келгендер көбірек. Бұл сол батыс өңіріндегі 

ұлттық тәрбиенің, қазақилықтың басым, ұлттық 

құндылықтарымыздың насихатталуының деңгейі 

жоғары екендігін, бала кезінен бойына сіңіріп 

өсетіндігін білдірсе керек» деген пікірін білдіріп, 

терменің ұлттық тәрбиеде алатын орнына тоқталды.    

Кіл жүйріктердің арасынан мықтыны анықтау 

да қазылар алқасына оңай соқпасы анық. Қазылар 

алқасының төрағасы Манарбек Ержановтың 

ізін жалғастырушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері, жыршы-термеші Дүйсенбек Өмірәлиев 

бастаған, ҚР еңбек сіңірген артисі, Қазақ ұлттық 

өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының 

доценті, дәстүрлі әнші Қапаш Құлышева, ҚР еңбек 

сіңірген мәдениет қайраткері, «Парасат, «Құрмет» 

ордендерінің иегері, сазгер, күйші Әбдімомын 

Желдібаев, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 

«Құрмет» орденінің иегері, жыршы-термеші Аяз 

Бетбаев, Қазақ ұлттық өнер университетінің 

ұстазы, жыршы-термеші Елікбай Иса қостаған 

халқының алғысына бөленіп жүрген өнер иелері әр 

орындаушының мақамына, шеберлігіне, сахнадағы 

өзін ұстау мәдениетіне қарап шешім шығарды.

Қ а з ы л а р   а л қ а с ы н ы ң   ш е ш і м і м е н   б а с 

жүлдені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 

өнер академиясының 1-курс студенті, бірнеше 

байқаулардың лауреаты Данияр Рахымбай (Ал-

маты қаласы) иеленді. Ол С.Аронұлының «Ақын 

болдым жиырмамда», Ж.Жабаевтың «Менің 

пірім – Сүйінбай» атты шығармаларын нақышына 

келтіре орындап, көпшілікті өзінің орындаушылық 

шеберлігімен, керемет дауысымен тәнті қылған еді.

Бірінші орынды Жамбыл Жабаев атындағы 

мемлекеттік филармонияның әншісі Мақпал 

Тоқтағанова (Алматы облысы) және Жамбыл 

облыстық филармониясының әншісі Сұлужан 

Әбенова (Жамбыл облысы) иеленсе, екінші орын 

– Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің дәстүрлі өнер-жыр мамандығының 

3-курс студенті Жарасхан Төлебайға (Қызылорда 

облысы), Талдықорған қалалық өнер мектебінің 

ұстазы Ерболат Шалдыбековке (Алматы облысы), 

Зайсан аудандық мәдениет үйінің «Айнакөл» 

халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі 

Мұратхан Донбаевқа (Шығыс Қазақстан об-

лысы), үшінші орын Қызылорда облыстық 

филармониясының дәстүрлі әншісі Марат 

Сүгірбайға (Қызылорда облысы), Қазақ ұлттық 

өнер университетінің халық әні факультетінің 

2-курс магистранты Құрман Байтасовқа (Астана 

қаласы), Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылдық 

мәдениет үйінің әншісі Төлеген Шәкәрімовке 

(Шығыс Қазақстан облысы) бұйырды.

Сүйінбай атындағы арнайы жүлдені ақтөбелік 

Ғазиза Абдирова, Қабан жырау жүлдесін 

жамбылдық Қарлыға Жамбаева, Сауытбек 

атындағы жүлдені жамбылдық Жұлдыз Ысқақов,  

Бармақ ақын атындағы жүлде атыраулық Байбақ 

Ыдырбай, Кенен Әзірбаев атындағы жүлде 

шығысқазақстандық Гүлмира Темірбекова, Аяз 

Бетбаев атындағы жүлдені қостанайлық Абзал 

Алпысов иеленді. Қатысушылардың барлығына 

ақшалай сыйлықтар тапсырылып, арнаулы дип-

ломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар Жамбыл Жабаевтың 

шөберелері Мұратқан Әлімқұлұлы мен Бекмұрат 

Жам быловтың иығына шапан жауып, алғыстарын 

білдірді.

...Елімізге белгілі күйші, атақты «Ерке сылқым» 

күйінің авторы Әбдімомын Желдібаевтың «Мен 

«Ана тілі» газетінің белсенді оқырманымын» деп, 

риза кейіппен айтқан сөзі көңілге қанат бітіріп, 

абы ройымызды аспандатты. Осындай абыз 

қарттарымыз, сөз қадірін түсінер абзал азаматта-

рымыз аман болғай.    



Бағдагүл БАЛАуБАЕВА

АЛМАТЫ – ТАРАЗ – АЛМАТЫ

ормандары мен сұлулығына сұқтандырған 

Шәйтан көлін өлеңге көшіруі де керемет. 

...Сен Жезқазғансың, 

Мен сөз қазғанмын... 

Рас, рас, байқамай байлығыңды,

Талай ғасыр мен сенен көз жазғанмын. 

...Жезге ұқсайды сарыала таңы, сірә, 

Жезге ұқсайды қынай бел қамысы да. 

...Жез далада жүйткиді жезкиіктер,

Жез жусанға тұяғын малып алып...

...Бұл өлкенің жезге ұқсап батқан күні, 

Жезге ұқсайды жайқалып жатқан гүлі. 

...Бұл өлкеде жез кірпік дән өседі, 

Бұл өлкеде жезтаңдай ән еседі... 

Керемет кен байлығымен әлемге танылған 

өлкенің өлең жолдарындағы көркем суретіне 

сүйсінесің. Ақынның тапқыр теңеулері әрі әсем, 

әрі қарапайым. Жүйткіген желаяқ киіктері де, 

батқан күні мен жайқалған гүлі де, жез кірпік 

дәні мен жезтаңдай әні де – кені мен жері егіз 

қозыдай бір-біріне ұқсап кеткен.

Ел аралап, жер көріп, Қазақстанды қырық 

айналып шыққан шайыр қайда барса да аялы 

атамекеннің саялы, сұлу табиғатын тамашалау-

мен шектелмей, сол аймақтың көне тарихынан, 

атақты адамдарының өмірлік өнегелерінен сыр 

сабақтап, оқырмандарымен ой бөліседі. Серіктің 

Семей, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, 

Атырау, Маңғыстау, Торғай, Ақтөбе туралы 

толғақты толғаныстары туған жердің қадір-

қасиетін ардақтап, сол елдің ер-азаматы ретінде 

перзенттік парызымызды адал атқаруды есімізге 

салып отыр. Бір кездері телегей-теңіздей 

шалқып-тасып, көздің жауын алған, балығы 

тайдай тулаған Арал мен Балқаш көлдерінің 

жаны ашымастың салдарынан суы тартылып, 

мүшкіл халге түскені ақын жүрегін жаралап, 

тебірене жыр жаздырғанын білеміз. 

...Жетуші еді жолаушы мұнда асығып, 

Жатушы едің мың тулап, мың басылып. 

Қасық суды қалдырмай қасаң тартып, 

Қайда кетіп барасың құмға сіңіп?! 

...Бәлкім, 

Бәлкім, арнаңда қайта ағарсың, 

Құрағыңмен құлпырып жайқаларсың... 

...Арал мен Балқаш арасы –

Көзімнің ағы-қарасы. 

Жабырқау, жадау жанымның, 

Жазылмай жатқан жарасы, – деп мұңын 

шаққан ақын әйтсе де келешектен үмітін үзбейді:

...Арал мен Балқаш арасы, 

Адамнан ба екен жаласы?

Азаға сені қалдырмас, 

Азамат Ердің баласы! – деп сенім білдіреді. 

Егемен болғалы өлара мезгілдің өткінші 

қиындықтарына көнбіс көңіл, төтенше 

төзімділік танытып, келер күннің қамын жеген 

жұртының жүректегі сөзін, тірліктегі тілегін 

айтуға асыққан ақынның ағынан жарылған 

жырлары да жеткілікті. Жарқын болашақтың 

оңайлықпен орнамасын сезінген және соған 

жететініне риясыз сенген замандастары атынан 

айтқан сөзінің ақиқаттығы айдан анық: 

...Бір құдірет

Бар екенін білемін. 

Онсыз тірлік тар екенін білемін.

Алып шығар ақиқаттың ішінен

Намыс пенен Ар екенін білемін... 

Иә, ар ойлап, намысқа тырысқан адамның 

арман-тілегіне жетуіне жол ашық екені рас қой...

Озбыр отаршылық заманның, кесірлі 

кеңестік кезеңнің бар ауыртпалық, бар қайғы-

қасіретін басынан өткізген халқының тағдыр 

кешулерін есіне түсіріп, ендігі жерде күйбең 

тірлік, күйгелек мінезге беріліп, уақытты бекер-

ге өткізбеуге үндеген ақын кеңесіне құлақ асу 

қажет-ақ.

...Өзімді-өзім өтірікке сендірдім, 

алмауды көк се ген ақын жамиғатты дүниені 

дүрліктірмей, асып-саспай, сабасына түсіп, 

сабыр сақтау қажеттігін есіне салуы қандай жа-

расымды. Ереуілдей беру елге абырой әпермесі 

белгілі ғой. 

...Көшеде, 

Тар қуыста – қалтарыста

Таласпа, тайталаспа, арпалыспа!

...Тудырар мың күн қырсық бір күн егес, 

Жөні жоқ айқайлаудың жыртып өңеш...

Жер-жаһанды жасантып, құлпыртып, 

сағынтып келетін көктемдей аңсаған азаттық 

келгеніне жүрегі жарыла қуанған сәруар сәтіндегі 

ел-жұртының шаттықтан шалқыған көңіл күйін 

ақын өз өлеңімен өрнектеген.

...Келді бір күн...

Ақыры сол көктемім 

Тұла бойды толқытып, тебіренткен. 

Төзіп өткен, бәріне көніп өткен,

Сезіп өткен, бәріне сеніп өткен, 

Келдің, менің көктемім, 

Қайта туып –

Абыройың, атағың кеміместен,

Шығармаспын мен сені өмірі естен...

Бақытты еді қазақтың елі неткен!

Өмірдің ұлы көшінде ұлтының талай тар жол, 

тайғақ кешулерден өтіп, ақыры ата-баба аңсаған 

азаттыққа жеттік, алайда еркін елдің іргесін 

бекітіп, басқа қонған бақыт құсынан айырылып 

қалмау одан да қымбат. Алаң көңіл ақынның 

соған арнаған өлеңін оқып көрейік: 

...Тәуелсіздік...

Болмас үшін сөз ғана.

Ұйқыңды қи, күлкіңді ти, бозбала, 

...Алшаң басып жүре берсең еш қамсыз, 

Серіктің


Өзімді-өзім өкінішке көндірдім. 

...Қасиетін айырмадым асылдың, 

Қасіретін танымадым ғасырдың.

...Діні бар деп ойламадым әкемнің, 

Тілі бар деп ойламадым анамның.

...Тірлік тонын «шешіндірген» секілді, 

Тоқыраған көшім жүрген секілді.

Талай жылдар 

Талып қалып, тіл қатпай, 

Енді ғана есім кірген секілді, – деп ақын 

халқының атынан кешегі келмеске кеткен 

заманның зарын, бодандық бұғауында жүріп, 

надандығынан көрген қорлығын, өкінішін 

айтып, енді етек-жеңді жиып, елдіктің іргесін 

бекітетін кез келгенін өлеңінде өрнектеп отыр. 

Өткен заманға өкпе көп. Соның бірі – ана 

тілінің амалы таусылып, күресінге итеріліп, 

керексіз күй кешкені еді. Тәуелсіздік алсақ та, 

сол тілдің әлі де жолы ашылмай, бағы байла-

нып, зиялы қауымның зығырданын қайнатып 

жүргені белгілі. Өз елінде өгей баланың өксікті 

өмірін кешкен қазақ тілінің дертіне дауа іздеп, 

аласұрған ақын сөзі зілді болса да ізгілікті ой-

пікірімен көкейге қонымды:

...Тұманды мынау торланған, 

Қуатын арай таң керек. 

Қорланған, әбден зорланған, 

Қазақ тіліне қан керек!

...Ұрпақ болса уызына жарыған,

Ана сүті өн бойына дарыған. 

Арылармыз дәл осынау дерттен де, 

Аяз болып арқамызды қарыған. 

Бұдан асырып, бұдан артық ашынып айтуға 

бола ма?!

Жалпы, ақынның әлеуметтік тақырыптағы 

өлеңдері қазіргі кездің қиындықтарын айта оты-

рып, жасып-жабырқамай, жігерленіп, елдіктің 

ертеңіне жарқын болашақтың бағдарын мезгеп, 

рух беретін сипатымен ерекшеленіп тұр. Рас, 

ақынның да көп нәрсеге көңілі көншімейді. Ел 

азаматтарының әйтеуір, аштан өлмей, көштен 

қалмай, тірі жүргеніне мәз болып, халқының 

қамын жеп, жоғалғанын іздеп, жоғын тауып, 

керегіне жарауға ұмтылмай, күн оздырып, 

тон тоздырып, алды-артын ойламай, бейқам 

тіршілік кешулеріне қанша ашу-ызасы келсе де, 

келешегінен үмітін үзіп, теріс айналып кетпей, 

сабырға шақырып, санасына сәуле түсіруге 

бейіл. 

...О басында батыр туған ел едік, 



Қар асаған, мұз мүжіген, жел еміп!

...Өткен заман заңын айтсаң көп нүкте...

Айтамыз деп талай азап шектік те!

Қарыс қадам қорамыздан шыға алмай, 

Қорқа-қорқа қоян болып кеттік пе?!

...Тілегенге түбінде бір жетерміз, 

Босқа уақыт өткізбеппіз бекер біз. 

...Қорқа-қорқа 

Қордаланып ой-пікір,

Ақырында 

Батыр болып кетерміз!

Кешегі кеңестік кер заманда Алаш арыстары 

ақиқатты айтамыз деп атылды-асылды. Кейінгі 

ұрпақ сол сұмдықты ұмыта алмай, үрейден 

үркіп, қарадай қорқып өмірі өксумен өтті. Енді 

ел азаттық алған сәтте секемденіп, күдіктеніп, 

жалтақтап ғұмыр сүрудің жөні жоқ. Іште өліп 

жатқан запыранды сыртқа шығарып арылу, 

кемшілікті бетке басып, қысылмай айтып, 

ақиқаттың алдына жүгіну парыз. 

...Ұялаған кеудемнің түбіне мұң, 

Қорықпаймын келсе де бүгін өлім. 

Шүберекке түйіп ап қу жанымды, 

Шындық үшін шырқырап жүгіремін. 

Бұл азаматтық борышын ойлаған ақын 

кейіпкерінің ұйғарымы. 

Тұрмыстық тауқыметтердің шылауына 

шырмалып, ел тәуелсіздігінің бағасын түсіріп 

Тәуелсіздік келтіреді тәубеңе. 

...Басылмасын туған елдің думаны, 

Арманым сол –

Аңсарым сол туғалы. 

Желбіреген желтоқсанның желімен, 

Қолдан түспей тәуелсіздік тулары. 

...Тәй-тәй басқан қолтығынан демейік,

Тәуелсіздік дейтін

Титтей сәбиді!...

Ақындар ақиқатын айтып, дүние дерті 

сөз емімен жазылсын деген уыз тілекті, ақ 

жүректі Серік шайырдың өміршең өлеңдеріндегі 

ақжолтай ақиқатқа қуана қол соқпасқа не шара?!

Менің байқауымша, ақын Серіктің айрықша 

шабытпен, түйсіне де сүйсіне жазатыны – арнау 

жырлар. Бұлар қызыл сөздің қыздырмасынан, 

жайдақ ой, жалаң мадақтан бас құраған жасық 

жырлар емес. Мақсаты айқын, мағынасы терең 

өлеңдерді оқи отырып, оның жағымпаздық 

сипаттағы ода еместігіне көзіңді жеткізесің. 

Оларды екі топқа бөліп қарастырсақ деймін. 

Біріншісі, бүгінгі ел тізгінін ұстаған, сөзін 

сөйлеп, өнеге көрсетіп жүрген жақсылар мен 

жайсаңдар да, екіншісі, азаттық жолында аянбай 

жанқиярлық көрсетіп, мерт болған марқасқалар 

хақындағы топтама жырлар. Бұл өлеңдерде қазақы 

қалпын, ата салтын, дәстүрін дәріптеп, көзінің 

қарашығындай сақтап жүрген, атажұртының 

алдындағы азаматтық борышына адал, кісілікті 

кейіпкерлерінің поэтикалық портреттері сом 

алтындай сөздермен сомдалған. Ұлттық бет-

бейнесі, халықтық қасиеті бар, ел болудың жо-

лында бар білім-білігін жұмсап жүрген, перзенттік 

парыздарына адал арлы азаматтар туралы ой-

толғамдарында, тапқыр, бейнелі теңеу, жанды, 

көркем сөзбен, олардың рухани келбеттерін ашып, 

өлеңдеріне арқау еткен ақынның шығармашылық 

шеберлігін, өміртанымын жазбай аңғарасың. 

Серіктің осы орайдағы өлеңдерінің сан сыр-

лы, алуан қырлы иірімдеріндегі июі қанған, 

жасындай жалынды асыл сөздеріне көңілің 

құлай құлақ түресің, жаныңмен түсінесің. Ал 

көзі көргендері мен көңіліне түйгендерін сыр 

сандықтан жыр сандыққа айналдырған ақынның 

осынау поэтикалық портреттердегі өмір туралы 

толайым толғаныстарының мәнін, әсерін қара 

сөзбен әңгімелегеннен гөрі сол өлеңдерді өзің 

оқығаның дұрыс. Енді үзік үзінділерге кезек 

берсем, сыры мен сипаты саналуан кейіпкерлер 

бейнесімен дидарласасыз, ақынның суреткерлігі 

мен тапқырлығына сүйсінесіз. 

...Кешіре гөр, хан ием –

Мәртебеге мәңгі ием!

Қасиетті халқыңа

Қайтып келген әулием («Абылай хан 

аруағына»).

...Қазағымның қамы үшін, 

Қамшылаған намысын...

Көсілгенде – көсемім, 

Шешілгенде – шешенім. 

Артық туған Арысым! («Кемеңгерім–Кене-

кем!»).


Құдай – жалғыз!

Содан соң Абай – жалғыз!

Мәңгілік боп түбінде Абай қалар! («Нағыз 

ақын»).


 

...Тілін, 

Дінін, 

Әдетін, ғұрпын сүйген. 



Елін-жерін, 

Жамағат-жұртын сүйген. 

Ұғымы мен ойы артық 

Ұлы Адамды,

Одан қалған өмірлік мұраларды 

Өлтіре алмас ешкім де, сірә, мәңгі! («Ахмет»).

...Өлең жазса – топ ішінде тайпалған, 

Мақалаға маңмаңгердей майталман. 

«Оян, қазақ» деген сөзді сол кезде, 

Т у м ы с ы н а н   н о я н   қ а з а қ   а й т а   а л ғ а н . 

(«Міржақып»).  

...Құдірет қой, 

Мықты ғой мына Мағжан. 

Көз алдында бір бейне тұра қалған. 

Мына Мағжан, 

Ғажайып мынау Мағжан, 

Болған екен тілегі шын адалдан. 

Қайтып келді халқының құшағына,

Қ ұ т ы л д ы   д а   қ а н д ы қ о л   с ұ м   а ж а л д а н . 

(«Мағжан»). 

...Соңғы сөзін айта алмаған ақ көкем, 

Қабырғаңа қандай қайғы батты екен?

Бәлеменен, 

Дәнемемен ісі жоқ, 

Адал жанды қандай адам атты екен?! 

(«Бейімбет»).

 

...Өлең-жыры жалын оттай лаулаған, 



Сөз дегенде ағын судай саулаған.

Әттең, әттең, Ілиястың тағдыры 

Өзі жазған Құлагерден аумаған («Ілияс»). 

...Мұның жөнін кім бар дейсің байқаған, 

Білмесе егер жалғыз Құдай құдірет. 

Мұқтар болу мүмкін емес

Қайтадан 

Өз анаңнан тусаң-дағы мың рет! («Мәңгіліктің 

ай-күні»). 

...Өлеңді жазушы едің мөлдіретіп, 

Халқыңды сөйлеуші едің елжіретіп.

Арқырап өте шыққан тұлпарым-ай,

Ақ туын ақындықтың желбіретіп («Қабір 

басындағы сөз»). 

Негізінен, поэзиялық шығармаларды 

т а л д а ғ а н   к е з д е   ж и і - ж и і   н а қ т ы   м ы с а л -

дар келтіріп, тікелей өлеңнің өзіне жүгінуге 

мәжбүрбіз. Себебі оны жалпылама алып, 

қара сөзге көшірсең сөзінің мәні мен сәнін 

қашырып, қарадүрсіндікке ұрынасың. Бұл өлең 

шумақтарын шұбыртып мысал алғанымызды 

ескертіп, ақталу емес, мәселенің мәнісі осыған 

саяды. Серіктің зиялы замандастарына арнаған, 

олардың өмір жолдарын өлеңге айналдырып, 

ізгілікті істерін ұлықтап, ұлтының үлгі алуын 

көздеп жазған жырлары биқисап. Мен бірер 

мысал алумен шектелдім. Олар тұтас бір кітап 

шығаруға сұранып тұр. 

Ақын Серіктің қанатты қаламынан туған 

көптеген дастандары бар. Бұл орайда ол қатарлас 

әріптестері, қазақ жырының жанпоздары Иран-

бек, Жәркен, Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым, 

Несіпбек сияқты ерекше танылған тарлан та-

лант. Дастандарының көбісі тарихи тақырыпқа 

жазылған. Кейіпкерлері де кілең қазақтың атақ-

даңқын шығарған тұлғалар: «Махамбет және 

Жәңгір хан», «Кейкі батыр», «Сәкен – сұңқар», 

«Кенесарының Ақмолаға шабуылы» және 

тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. 

Аталымдарынан-ақ көп жағдайды аңғарарың 

анық. Ерлік пен елдікті дәріптеп, халқына ерен 

еңбегін сіңірген, есімдері тарихта таңбаланған 

атақты адамдардың өнегелі өмір жолдарын, бек-

зат бейнелерін көркем сөзбен сомдаған аталмыш 

дастандар қазақ поэзиясының алтын қорына 

қосылған шырайлы шығармалар екендігі айдан 

анық. 

Даста н дары н ы ң кей і п керлері тари х и 



тұлғалар болғандықтан да олардың өмір жо-

лын, тағдыр кешулерін ойдан шығарылған 

оқиға лар емес, дәлелді дәйектерге сүйене 

суреттелген. Сосынғы бір ерекшелігі – сю-

жет  желісі ні ң  ж ү йелі  өрбі п-өрі леті н ді гі. 

Сондай-ақ  бұл дастандардың бәрі де ежел-

ден ел есінде сақталып, қазақ әдебиетінің 

алтын қоры, рухани қазынасына айналған 

эпостық шығарма лардың үздік үлгісінен 

тағылым алған туындылар. Оқи бастағаннан-

ақ осындай ой түйіп, әсерленесің. Махамбет, 

Жәңгір хан, Кейкі батыр, хан Кене, Сәкен 

ақын, Тоқтар Әубәкіров сынды саңлақтар 

бейнелерінің сомдалуына қарап баяғының 

батыр-бағландарын ойыңа түсіресің. Әйтсе де, 

ақын шындықты әсірелеусіз, боямасыз қаз-

қалпында баяндап шыққан. Әлбетте, дастан-

дар құрғақ баяндауға бой алдырмай, көркемдік 

кестесі келісті нағыз поэтикалық шығарма 

деңгейіне көтерілген. Ұлттық рухымыздың 

оянуына қозғау са лып, тарихи санамызға 

серпі ліс беретін, ел тағдырын дағы қ и лы 

кезеңдердің оқиғаларынан тағылым алып, 

тәуелсіздіктің туын көкке көтеріп, бүгінгі 

бақытты заманға жетуімізге өздерінің ғазиз 

ғұмырларын арнаған ардагер ерлеріміздің 

өнегесі кейінгі ұ рпақ қа ж ұ ғысты болып, 

жалғасын табуын діттеген осынау дастандар 

елдік пен бірлікті дәріптейтін, көркемдік 

көрігінде шыңдалған шығармалар. Бұл да-

стандарды жеке-жеке талдап, саралап, пікір 

айтып, баға беруге шағын мақаланың шама-

сы келмесі белгілі. Сондықтан жалпылама 

сипаттап, түйін түйдік. Ал азаттық жолында 

арпа лысып, жанқиярлық ерлік көрсеткен 

ардақтыларымыздың қазағының бастан кеш-

кен наласын айтып, намысын жыртқан, зұлмат 

заманның зорлығы мен қорлығын көп көрген 

ел-жұртының қилы тағдырын бедерлі бей-

неленген шоқтығы биік, шындығы шынайы, 

көркемдігі келісті поэтикалық шығармалар 

жазған ақынның талантына тәнтіміз.

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, өрнекті 

өлеңдерімен, тарихи дастандарымен, он үш жыл 

бойы Астана театрының сахнасында қойылып, 

көрермендер көңілінен шыққан «Мұқағали» 

пьесасы бастаған бірнеше драматургиялық 

шығармаларымен және қоғамдық өмірге белсене 

араласып, қайраткерлік көрсетумен танылған 

дарыны дара Серік ақынның алдағы ғұмырының 

да, шығармашылық жолының да жемісті жалғаса 

беретініне сеніміміз зор. Арқалы ақынның сыр-

лы әлеміне терең бойлаған оқырман қауымның 

ой-тілегі де осындай екендігі күмәнсіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет