Ілеспе аударма саласында жиырма жыл-
дан астам тәжірибесі бар білікті маман әрі
белгілі журналист Бақытжан Жұмалиева
бұл саланың қыр-сырын жетік білетін
санаулылардың бірі десек, қателеспессіз.
Осы материалды дайындау барысында біз
тәжірибелі маманның ой-пікіріне жүгінбей
кете алмадық.
– Сіз қай жылдан бері ілеспе аударма
жасап келесіз және бұл саланың қандай
маңызды мәселелерін атап өткен болар
едіңіз?
– Мен ілеспе аудармамен айналысу-
ды 1988-89 жылдары бастадым. Еліміздің
Жоғарғы Кеңесінде ең бірінші Philips
құрылғылары орнатылды. Ірі-ірі жиындар-
да, Парламент сессияларында, ЮНЕСКО
тәрізді халықаралық маңызы бар жиындарда
ілеспе аударма жасадым. Ол кезде мұндай
аудармашылар өте аз болатын. Орыс тілін
жетік, қазақ тілін жақсы білгендіктен ілеспе
аудармаға ден қойдым. Ең бірінші мәселе,
әрине, ілеспе аудармашылардың дайындық
мәселесін айтар едім. Мамандарды дұрыстап
даярлау керек. Ілеспе аудармаға арналған
құрылғылар жеткілікті болуы керек. Бір
тілден екінші тілге ілеспе аударма жасау
қиынның қиыны. Оған екінің бірінің ша-
масы келе бермейді. Тілдік дайындық өз
алдына, аударма жасайтын салаңды, оның
ұғымдарын жақсы білуің керек. Біздің елде
бүгінде ілеспе аудармашыларды Абылай хан
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және Әлем тілдері университетінде даяр-
лайды деп естідім. Менің ойымша, ілеспе
аудармашы боламын дейтін студенттер-
ге практик мамандар дәріс оқуы керек.
Өйткені бұл саланың қыр-сыры өте көп.
Аударма жасау барысында небір тосын
жағдайлар болып жатады. Соның бәрін
ілеспе аудармашы қиыннан қиыстырып
жол таба білуі керек. Бұл сала өмірлік және
қызметтік тәжірибемен байланысты. Ол
жай аударма жасау емес, арнайы кабинада
адамның дауысын естіп отырып, сөйлеген
сөзін ілесіп аударып отыруың керек. Одан
қалып қалмай, бір жағынан тыңдап, екінші
жағынан сөзіне ілесіп аударып отыру – бұл
үлкен өнер деп айтар едім.
– Ілеспе аудармашы болу үшін адамға ең
алдымен не керек? Қандай қасиеттерге ие
болуы керек? Қандай құзыреттілік талаптар
бар?
– Ілеспе аудармашы болу үшін адамға
ең бірінші тіл байлығы керек. Мысалы,
бір сөздің баламасын лезде таба қою оңай
нәрсе емес. Оның үстіне әр адам әртүрлі
сөйлейді. Олардың бәрі бірдей шешен
емес. Кейбіреулер жып-жинақы, қысқа әрі
тұжырымды сөйлейтін болса, кейбіреулері
керісінше сөздерін ұзартып айтады.
Қазақстанның әр өңіріндегі адамдар бір
заттың атауын әртүрлі айтуы мүмкін. Шал-
барды – сым, ақ бөкенді – жез киік, жез
мұрын деген сияқты. Немесе бір адамның
дикциясы нашар болып, сөйлеп отырған
сөздерінің жұрнақтары, әріптері ұғынықсыз
болуы мүмкін. Ал сондай кезде ілеспе ау-
дармашы бәріне дайын болуы керек. Бұл
үшін, өмірлік тәжірибе, үнемі жаттығу мен
ізденіс қажет.
Бізде ілеспе аудармашыларға қатысты
Заң жоқ. Ілеспе аудармашылардың
қызметін лайықты төлеу тетіктері де
қарастырылмаған. Бұл саланың адам
денсаулығына тигізетін зиянын да көбісі
біле бермейді. Миға салмақ түседі. Үздіксіз
сөйлеуден аудармашы шаршайды, құлақ
тұнады. Дұрысында – ілеспе аудармашылар
әр 20 минут сайын үзіліс жасап, демалуы
керек екен. Өйткені жүйкеге түсер салмақ
та, жауапкершілік те өте үлкен.
– Өзіңіздің тәжірибеңізде қандай тосын
жағдайлар кездесті?
– Аударма жасау барысында әртүрлі
ж а ғ д а й л а р б о л ы п т ұ р а т ы н . К е й б і р
сөйлеушілердің дикциясы нашар келеді.
Мысалы, бір үлкен ақсақалдың сөзін ажы-
рата алмай қиналғаным бар. Ол арақ деп
отыр ма, әлде арал деп отыр ма немесе
ара деп отыр ма? Осы үш ұғым да айтып
отырған әңгімесіне сай келіп тұрды. Сон-
да жобалап арақ туралы айтып отырған
шығар десем, ол Арал мәселесін қозғап
отыр екен. Ал тыңдауыштан оны ажы-
рату өте қиын болды. Қазақтар мақал-
мәтелдеп сөйлегенді жақсы көреді ғой.
Мақал-мәтелді тікелей аударсаң, түсініксіз
болуы мүмкін. Оның да қыр-сырын өзге
тілдегі мағыналас нұсқаларын жақсы білуің
керек. Мәселен, «Екі қошқардың басы бір
қазанға сыймайды» дегенді «Две головы
барана в одном казане» десең, орыстілділер
оны түсінбей қалуы мүмкін. Ал «Два мед-
ведя в одной берлоге» деп сол халықтың
менталитетіне сай аударсақ, бәрі де түсінікті
болып шығады.
– Ілеспе аудармашылардың еңбегін
бағалау жағы қалай?
– Бұл мәселе бізде дұрыс шешімін
таппаған. Бізде ілеспе аударма өте ар-
зан бағаланады. Әсіресе, қазақ тілі мен
орыс тілінің ілеспе аудармасы. Кезінде
ЮНЕСКО-ның бір үлкен жиынында
Мәскеуден ілеспе аудармашылар келіп
жұмыс істеді. Сонда оларға сағатына
350 доллардан төленді. Сол кезде олар
бізге төленетін ақша туралы естіп қатты
таңғалған. Жағаларын ұстаған. Ілеспе
аудармашылардың еңбегіне лайықты баға
төлеуді заң арқылы реттеуіміз керек. Еңбегі
үлкен, еңбегіне сай бағасы да болуы қажет.
Қаншама сөздіктерді ақтарасың, балама
сөздер іздейсің. Бізде сөздік мәселесі де
қиын. Керек сөзіңді таппай әуре-сарсаңға
түсесің. Қазақшадан орысшаға ілеспе ау-
дарма кез келген алқалы жиында, ресми
басқосуларда, баспасөз мәслихаттарында
шетелдік өкілдерді қабылдау кезінде
және т.б. маңызды жиындарда үздіксіз
беріліп тұрғаны жөн. Әйтпесе, қазақша
білмейтіндер ақпарат бәрібір де орыс тілінде
айтылады деп жайбарақат отыра береді.
Орысша нашар сөйлейтіндер бар,
қазақша да нашар сөйлейтіндер бар.
Олардың бәріне ілеспе аударма қызметі
көрсетілуі керек. Қазақша баяндама жа-
салып жатса, орыстілді азаматтар оны
түсінбей қарап отырады. Ал қандай мәселе
көтеріліп жатқанын білгісі келмейді. Орыс-
ша түсінбейтіндер де солай. Ілеспе аударма
соның бәрін бір-біріне жалғап, айтылып
жатқан ойларын, сөйленіп жатқан сөздерін
жеткізіп отырады. Кеңес Одағы кезінде
«мемлекеттік аудармашы» деген мәртебе
болды. Ондай адамдар билік басындағы
адамдардың тікелей аудармашылары бо-
латын. Оларға арнайы куәлік те берілді.
Сондықтан біз бұл мәселені мемлекеттік
дәрежеде көтеруіміз керек.
Тағы бір айтатын мәселе, ілеспе
аудармашылардың жұмысына ыңғайлы
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
тҮйІН.
– Ілеспе аударма – теориялық жағынан келгенде,
аударманың еркін түрінің бір формасы (нысаны) болып та-
былады. Бұл бұрын біздің елімізде болмаған, 90-жылдардан
бастап қолға алына бастаған, аударма қызметіндегі жаңа
бағыт. 90-жылдары Президент Әкімшілігінде, Жоғарғы
Кеңесте ілеспе аударманың алғашқы үлгілері пайда болды.
Сол уақыттан бері Жоғарғы Кеңестің, қазіргі Парламенттің
қос палатасының отырыстарын тұрақты түрде орысшадан
қазақшаға, қазақшадан орысшаға ілесе аударып отырудың
белгілі бір тәжірибесі қалыптасты. Осы салаға маманданған
аудармашылар тобы пайда болды. Бұрынғы кеңестік заман-
да, Қазақстанда ілеспе аударма мамандары түгіл, жалпы
аударма мамандығы бойынша кадрлар көп даярланбайтын.
Сол себепті тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ілеспе аударма-
шылар табу қиын болды және ілеспе аударманың принциптері
мен функциясы да көпшілікке таныс емес еді. Алғашқы
кезекте ілеспе аудармаға мемлекеттік аппараттардағы
жұмыс істейтін аудармашы қызметкерлер тартылды.
Және де бүгінгі қалыптасқан ілеспе аудармашылар солардың
арасынан шықты. Қазақстанның жоғары оқу орындары
қазір аударма ісі, ілеспе аудармашы мамандығы бойынша
кадрлар даярлауды жолға қойды деуге болады. Осыдан бірер
жыл бұрын СІМ-де ілеспе аудармашылар базасын жасауды
қолға алып, осы мақсатта белгілі жоғары оқу орындарымен
хабарласқанымызда, кез келген деңгейде ілеспе аударма-
ны жүзеге асыруға әзір тұрған жүздеген мамандардың бар
екеніне көз жетті. Демек, ілеспе аударма – бүгінгі таңда
аударма ісінің нақты саласы ретінде орнықты деуге бола-
ды. Ең бастысы – олар қазақ тіліне бұрынғыдай орыс тілі
арқылы емес, тікелей ағалшын не басқа тілдерден аудара
алатын аудармашылар. Бізге осы бағытты күшейту керек.
Парламент сияқты орын жаппай қазақша сөйлеуі үшін қазақ
тілінен орыс тіліне ілеспе аудару жағын күшейту, көбейту
керек. Мамандарды да осы бағытқа орай әзірлеу керек. Мы-
салы, Парламентте жалпы отырысты айтпағанда, жұмыс
тобының, Комитеттердің отырысын қазақшалау не үшін
керек? Ілеспе аударма мәтін түсініксіз жағдайда қажет, ал
орыс тіліндегі сөзді бәрі түсінеді. Оны қазақшаға аударып беру
неге қажет? Егер оны біреу тыңдап жатса, мәселе басқа.
Одан да сол отырыстарда қазақша сөйлеуді көбейту қажет,
сол сөздерді орысшаға аударған жөн. Осы арқылы біз ілеспе
аудармашылардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеміз.
– Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университеті 05020726-«Қазақ тілінен
өзге тілдерге ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша
Білім және Ғылым министрлігінің тапсырысы негізінде
2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мамандар дайындай-
ды. Мемлекеттік тілден шет тіліне және шет тілінен
мемлекеттік тілге аударатын ілеспе аудармашыларды
дайындауға Білім және Ғылым министрлігінің мемлекеттік
гранттары жыл сайын бөлініп келеді. Халықаралық деңгейдегі
ілеспе аудармашы мамандарды дайындау оқу үрдісінің негізгі
мақсаты – халықаралық ілеспе аудармашыларды дайындау
талаптарына сай заманауи инновациялық технологияларды
қолдана отырып, кәсіби, тілдік, мәдениетаралық және ау-
дарма біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аударма
пәндері өзекті салаларды қамтиды: экономика, саясат,
медицина, ауылшаруашылығы, құрылыс, мұнай және газ,
мәдениет, білім және ғылым. Оқу барысында студенттер
әр сала бойынша кәсіби білімімен қатар сөздік қор жинап,
аударма тәсілдері мен стратегияларын үйренеді. Кәсіби
мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында, негізгі шет тіліне
(ағылшын тіліне) қоса екінші шет тілді оқиды. Ауызша аудар-
ма түрлері арнайы жабдықталған дәрісханаларда үйретіліп,
машықтандырылады. Студенттер оқу барысында меңгерген
білімдері мен машықтарын конференцияларға, көрмелерге,
республикалық және университеттік олимпиадаларға
қатысу арқылы тәжірибеде қолданады. Оқушылардың ғылыми
жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінеді. 2013 жылы алғашқы
ілеспе аудармашылар оқуын тәмамдады. Түлектердің басым
бөлігі бакалавр деңгейінде алған білімдерін «Болашақ», «Эрас-
мус Мундус» сияқты білім бағдарламаларымен магистра-
тура деңгейінде шетелде, сондай-ақ өзіміздің университет
қабырғасында магистратура бөлімінде игеруде. Сонымен
қатар, түлектеріміз ірі шетел және отандық компанияларда,
Сыртқы істер министірлігінде, елшіліктерде, аударма бюро-
ларында қызмет атқарады. Ілеспе аударма жалпы аударма
түрінің ең қиын түрі болып саналады. Студенттер ілеспе
аудармамен қатар ізбе-із (последовательный перевод) және
жазбаша аударма түрлеріне машықтанады.
Серікқали БӘЙМЕНШЕ,
филология ғылымының докторы, Қазақстанның құрметті журналисі:
Гүлзада ЕШНИЯЗ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдер университеті Ілеспе аударма кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы:
6
№9 (1319)
3 – 9 наурыз
2016 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
7
№9 (1319)
3 – 9 наурыз
2016 жыл
азақ қызы – ұлттың ұяты
Бүгінде сексеннің сеңгіріне аяқ басып, ауыл-аймаққа абыз ана атанған зәуре
Махамбетова кезінде Сыр өңірінің ажарлы ару қыздарының бірі болған.
Мақтааралдың Қарақыр ауылына келін болып түсіп, жарты ғасырға жуық
шәкірт тәрбиелеген ұстаздың, ардақты ананың өмір жолы өнегеге толы.
дәуір дауысы
Мектепте оқып жүргенде газет
беттеріндегі «Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі төралқасының хатшысы
Б.Рамазанова» деген аты-жөн
көзімізге жиі шалынатын. Есімі
елге танымал сол кісімен арада
қырық жылдай өткенде бетпе-бет
жүздесіп, сыр бөлісерміз деген ой
өң түгілі, түске кірген бе? алайда
өмірде бәрі де болады екен. Міне,
атына сырттай жақсы қанық
қайраткер апамызбен таяуда атап
өтілер аналар мен арулар мерекесі
қарсаңында кездесіп, әңгімелесудің
сәті түсті.
Жоғарыда Бижамал
Рамазанқызының Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі төралқасының
хатшысы болғанын тілге тиек
еттік. Ел құрметіне бөленген
ардақты жанның өмір жолдарынан
аңғарғанымыз, Бижамал апа
биліктің бұл баспалдағына жетерге
дейін бірқатар жауапты қызметтерді
атқарған.
Мектепте мұғалім болып жүргенде
талдықорған облыстық комсомол
комитетіне қызметке шақырылады.
Мұнан соң Қаратал аудандық және
талдықорған қалалық, облыстық
комсомол комитеттеріне жетекшілік
етеді. одан әрі талдықорған
облыстық атқару комитеті
төрағасының орынбасары, алматы
облыстық партия комитетінің
хатшысы... болып жалғасады.
– Мен өзімді бақытты жан санай-
мын. Ата-анамның жалғыз баласы едім.
Елімнің арқасында өстім, жетілдім.
Халық құрметтеген көптеген азаматтар-
мен кездестім, бірқатарымен қызметтес
болдым. Соған шүкіршілік етемін.
– Бір естеліктеріңізде жұмыс ба
-
рысымен де, жеке бастың шаруасымен
де, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен
кездескеніңізді еске түсіресіз. Солардың
бірі жөнінде айтпас па екенсіз?
– Димаш Ахметұлын алғаш көруім
1958 жылдың мамыр айы. Ол кезде ол
кісі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасы. Мен Талдықорған облыстық
атқару комитеті төрағасының орынба-
сары қызметіндемін. Бірде ол уақытта
Киров, қазір Көксу аталатын ауданның
«Орта өзек» баурайында малшылардың
облыстық жиналысы өтті. Жиынға
Димекең қатысып, сөз сөйледі. Ауыл-
шаруашылығының алдында тұрған
міндеттер туралы айтты, ойларымен
бөлісті.
Сол жылдың тамыз айында Дін-
мұхамед Ахметұлының қабыл дауын да
болуға тура келді. Талдықорған қа ла-
сында Мәдениет үйінің құрылы сын
бастағанбыз. Алайда қаражат же тіс-
пегендіктен құрылыс жұмысы тоқтап
қалды. Облатком төрағасы Нығмет
Қамбаров ағамыз бұл мәселе бойынша
Министрлер Кеңесі ғана көмектесе ала-
тынын айтты.
Үкімет үйіндегі Димаш Ахметұлы-
ның көмекшісіне келіп, ол кісінің
қабылдауына сұрандым. Көп кешік-
тірместен рұқсат етті. Димаш Ахметұлы
жарқын жүзбен қарсы алып, істің
мән-жайына қанық болғаннан кейін:
«Талдықорған қаласы – жаңадан құ-
рылған облыс орталығы. Мәдениет үйі
әбден қажет. Сондықтан құрылысты
тоқтатпау керек. Үшінші тоқсанның
қорытындысы бойынша қаражаттан
көмектесеміз» деді. Мына сөзді естіп,
қатты қуандым. Рақметімді айтып,
сыртқа көңілді шықтым.
Димаш Ахметұлының қамқорлы-
ғымен бой көтерген сол Мәдениет үйі
күні бүгінге дейін жұртшылыққа қызмет
етіп келеді.
Біздің бала кезімізде біліммен
тереңірек шұғылдануға мүмкіндік бол-
мады ғой. Ерте есейдік. Он бес жасымда
мұғалімдік қызметті бастадым. Білімнің
кәусар бұлағына қанығу арман болды.
Сол себептен де ғылыми кандидаттық
диссертация қорғауға талпыныс жаса-
дым. Осыны әлдекімдер біліп: «Рамазано-
ва қызметін пайдаланып, еңбексіз ғылым
кандидаттығын алмақ» деген сөз тара-
тады. Бұл Орталық партия комитетінің
бөлімдерінде әңгіме болды. Осының бәрі
маған ауыр тиді. Бастаған жұмысыңды
орта жолда тастағың келмейді. Оның
үстіне «еңбексіз» дегендері де ашындыр-
ды. Бұл әңгіменің «Біріншіге» жететінін
білдім. Сондықтан Димаш Ахметұлымен
Талдықорғанда алғашқы рет ақындар ай-
тысы өтті. Жұртшылық ризалық білдірген
бұл тағылымды шараның өтуіне ұйытқы
болған сол кездегі Талдықорған облыс-
тық атқару комитеті төрағасының орын-
басары Бижамал Рамазанова еді. Сол
жолы Бижамалдың аты-жөніне жақсы
қанық қарт ақын Қалқа Жапсар баев дом-
бырасын қолына алып, мына жолдарды
төгіп-төгіп жіберген екен:
Ал, Бижамал қарағым,
Талдықорған – тұрағың.
Ерік бермей барады,
Қалқа ақынға жыр – ағын.
Құлақ салып тыңдасаң,
Өзіңе сөзді бұрамын.
Құтты болсын орының!
Биліктің шыққан шыңына,
Солай деп өзім жорыдым.
Мақтауға әзір тегіңді,
Тайсалмас жорға торыңмын.
Нағашыңа мінезің,
Анаңа тартқан порымың
Рамазан өз әкең –
Толымбектің болысы.
Жалайырдан қыз алған,
Дұрыс болған онысы.
Уәзипа анаң – Андастан,
Ұрпағы Балпық бабаның.
Қара қылды қақ жарған,
Жаза баспай қадамын.
Рамазан әкең қарағым,
Орақтының жиені,
Орақты батыр киелі.
Үш жүздің бар баласы,
Соған басын иеді.
Бөжекей қызы Рабиға –
Уәзипаның анасы,
Орақтының қызы еді.
Әділетті жол қуған –
Әбділдә биге жар болған.
Әжеңнің де төркіні,
Анаңның да төркіні.
Жалайыр елі біз едік.
Төрт құбылаң түгел би,
Бұл құдіретті қарашы!
Өзің-ақ айтшы әділін,
Өңкей мықты нағашың.
Халқыңа артар қадірің
Ел-жұртқа қамқор дарасың.
Аруақ қолдап әлі де,
Жоғары өрлеп барасың.
Өсиет сол Қалқадан –
Ұлтыңның бөлме арасын!
Қалқа ақын сол кезде-ақ «Жоғары
өрлеп барасың» дегенді жайдан-жай
айтпаса керек. Бижамал апамыздың
қарым-қабілетін, алдағы алатын асу-
ларын іші сезгеннен кейін осылай деп
отыр. Расын айтқанда, ақынның айтқаны
келді ғой. Елдің сенімінің арқасында
биікке өрлеп, жауапты қызметтердің
тізгінін ұстады. Негізі, бар гәп қызметте
емес-ау. Мәселе адамның адамдығында,
төңірегіндегілердің шынайы ілтипатына
бөленуінде ғой. Бір кездері Талдықорған
облысы тарайтын болып, сол уақытта
жергілікті жастармен кездесіп қалған
Орталық Комитеттің екінші хатшы-
сы Фазыл Кәріпжанов «Ал, бізге ай-
тар қандай тілектерің бар?» дегенде
жастардың жетекшісі Зылиха Тамшыба-
ева суы рылып шығып: «Ағалар, облыс
тарайтын болды дедіңіздер. Сіздерден
жалғыз бұйымтайымыз бар. Біздің об-
лысымызда Рамазанова апайымызды
қалдырыңыздар. Біздің жағдайымыздан
хабардар, бізді түсінетін кісі еді» деуі бас-
шы үшін қандай мәртебе! Зылиханың ау-
зына «осылай айт» деп ешкім салмағаны
а н ы қ . Р а м а з а н о в а н ы ң б а с ш ы л ы қ
қ а б і л е т і н е , а д а м д а р м е н қ а р ы м -
қатынасына көңіл толғаннан кейін осын-
дай өтініш айтылып отыр. Міне, басшы
бағы деген осы.
Алматы облысының Алтынемел
алқабында қазақтың мақтанышы, Шоқан
Уәлихановқа арналған ескерткіш-
құлыптас барын жақсы білеміз. Осы
биік тұғырдың көтерілуіне сол кезде
облыстық атқару комитеті төрағасының
орынбасары болып қызмет еткен Бижа-
мал Рамазанованың көп еңбек сіңіргенін
біреу білсе, біреу білмес.
Архитекторды, мүсіншіні тапқан,
жобаны Мұхтар Әуезовке, Сәбит
Мұқановқа көрсетіп, ақыл-кеңесін алып
жүрген Бижамалдың өзі еді. Гранитті
таңдау да оңай болмады. Алматыдағы
Үкімет үйінің құрылысын басқарған
бас инженер А.Станиславскийді тауып
алып, сол кісінің кеңесімен Қордай
граниті пайдаланылды. Ескерткіш-
белгі Мәскеудің Мытищенский зауы-
тында қоладан құйылды. Оның ашылу
салтанаты 1958 жылы 12 қазанда өтті.
Академиктер Ә.Марғұлан, С.Бәйішев,
жазушы С.Мұқанов, халық ақындары
Т.Рүстембеков, Қ.Жапсарбаев және
басқа да азаматтар қатысқан жиынды
ашқан да Бижамал болатын. Қайраткер
апамыздың бұл еңбегін де ескере
жүргеніміз абзал.
...Әңгімеміз бітіп, үйден шығарда
бөлмедегі орындықтың арқасында ілулі
тұрған Бижамал апамыздың камзолына
көзіміз түсті. Жақындап келіп көріп едік,
екі омырау толы орден-медальдар. Еңбек
Қызыл Ту мен Құрмет белгісі ордендері
әрқайсысы екеуден. Тәуелсіздік жыл-
дарында «Құрмет» орденімен және
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен мара-
патталыпты. Алматы облысының, Ал-
маты және Талдықорған қалаларының,
Ақсу ауданының Құрметті азаматы деген
төсбелгілерді көзіміз шалды.
Мұның бәрі өмірі өнегеге толы,
жасының ұлғайғанына қарамастан
әлі де кездесулерге қатысып, жастар-
ды Отанды сүюге, адал еңбекке үндеп
жүрген қазақтың аяулы қызына берілген
лайықты баға еді.
Нұрперзент ДОМБАЙ
қыз-келіншектер жырлайды
Ұлағатты ұстаздар әулеті саналған
Датқаевтар шаңырағының түтінін түзу
ұшырып, тәлімі мен тәрбиесін бойына
сіңіріп, күні бүгінге дейін қара қазанын
оттан түсірген емес. Әйел адамның
бақыты арқа сүйер азаматы мен бауы-
рын жылытар балалары емес пе. Осы-
ны санасына мықтап сіңірген Зәуре апа
ағайын-туысқа – мейірбан, абысын-
ажынға – сыйлы, жарына – адал,
балаларына – аяулы ана, шәкірттеріне
ұла ғатты ұстаз бола білді.
Өмірлік серігі, марқұм Мәлік
Датқаев та халық ағарту саласы-
на еңбегі сіңген білікті ұстаз еді.
Көнекөз қариялардың айтуынша,
Мәлік ата кісілігі мен кішілігі мол,
талапты, алдына қойған мақсатына
табандылықпен жете білген азамат бо-
лыпты. Әкелерінің сол ізгі қасиеттері
бес перзентінің бойынан табылады
десек, қателеспейміз.
Зәуре апа жарынан жиырма то ғыз
жасында көз жазып қалса да, ба ла-
ларын жетектеп жүріп жет кізді. Ал-
тын асықтай бес ұлына асқар тау дай
отағасының есімін ардақтап, ұлық-
тауды үйретті. Оларға әкелерінің ор-
нын жоқтатпауға тырысты. Арала-
рында небәрі екі жас айырмашылығы
бар ұлдарын қатарынан қалдырмауды
ойлап, ұстаздық етті. Ара-арасында
дүкенде сауда жасады, мақта да терді.
Қазақ жесірі мен жетімін жылатпаған
дана халық қой. Ер-азаматынан ерте
айырылған Зәуреге қайынжұрты қам-
қор лығын аямады. Әсіресе, қайнысы
Әбдіхалықты балалары ерекше құр-
мет тұтады. Қанатымен су сепкен
қарлығаштай болған «мырзағасы»
мыр залық танытып, ұлдарын оқытуға,
аяқтандыруға зор көмегін тигізіпті.
Сол кездері дүкен меңгерушісі
болып қызмет еткен қайынағасы
Зәурені сатушы етіп жұмысқа алады.
Қиындықта жанына демеу болған
жандардың жақсылықтары есіне түсті
ме, әлде студент кезінде дүниеден
озған Қуатын сағынды ма, кейуана
иегі кемсең қағып, үнсіз қалды. Нұры
Достарыңызбен бөлісу: |