№3(79)/2015 Серия педагогика


The system of education in kazakh family



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата18.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#2183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

The system of education in kazakh family 
The article is devoted to the problem of formation of the Kazakh family for several centuries. Also, it de-
scribes and analyzes the overall concept of the family, which is interconnected with the growing changes in 
society. The article informed about the tradition of family education, national values and household necessity 
in the history of the Kazakh people. Also, it formed the basic principles of the traditional family education of 
the Kazakh people and influencing factors, presents educational tools and methods. The basis of the Kazakh 
family education is the role of parents in the education and the elderly, even indicated family responsibilities, 
and discusses the changes in society today. At the end of the article describes that, nevertheless, to date, the 
development of society shows that the tradition of education in Kazakh families so exceeds demand in society. 
 
 
References 
1  Nurgaliyev R.N. Philosophical dictionary, Almaty: Ana-tili, 1990, 423 p. 
2  Koyanbaev Zh., Koyanbaev R.M. Pedagogy, Almaty: Zhalyn 1995, 276 p. 
3  Kaliev S., Zharykbaev K. Kazakh education and training, Almaty: Sanat, 1996, 350 p. 
4  Kazakh yurt. National mapping of the world, Prepared B. Kayyrbekov, Almaty: Rodnoi yazyk, 1998, 80 p. 
5  Argynbaev H.A. Kazakh family, Almaty: Kainar, 1996, 288 p. 
6  Kaydar A. What Kazakh people? Almaty: Dyke-Press, 2008, 652 p. 
7  Bes gasyr zhyrlaydy: two volumes, Almaty: Zhazushy, 1989, 496 p. 
8  Seidimbek A. Kazakh world, Almaty: Sanat, 1997, 464 p. 
9  Akpanbek G.A. Ak Zeljko, 1995, 1, р. 14, 15. 
10  Hadith, edit. M.G. Mynbaev, 1, Almaty: Zhalyn, 2003, 224 p. 
11  Kunanbayev A. Words of edification, Almaty: Ana-tili, 1993, 91 p. 
12  Balasagunsky Yu. Kutty bilik, Almaty: Zhazushy, 1986, 358 p. 
13  Oserov N., Estaev Zh. Islam and the traditions of the Kazakhs, Almaty: Kazakhstan, 1992, 150 p. 
14  Zhumabaev M. Pedagogy, Almaty: Rodnoi yazyk, 1992, 160 p. 
 
 
 

Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
39 
ƏОЖ 610.1 
К.С.Бабаева 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан 
(E-mail: altinay.babayeva@iktu.kz) 
Дəрігер-ұстаз қызметінде құзыреттілік бағытының  
мəні мен маңызы 
Мақалада  «құзыреттілік»  жəне  «құзыретті  мүмкіндіктер» (компетенции)  ұғымдары  қарастырылды. 
Болашақ  дəрігер  оқу-үйретіміне  құзыреттілік,  құзыретті  мүмкіндіктер  бағытын  енгізу  қажеттілігі 
айқындалып,  кезігетін  қиыншылықты  проблемалар  талқы-сарапқа  салынды.  Дəрігер-педагогтарды 
оқыту  үдерісінде  құзыреттілік  бағытын  қолдануды  үйретудегі  біздің  əдістемеміз  мысалға  алынды. 
Тəжірибелік  жұмыстар  нəтижелерінде  дəрігердің,  оқытушының  жəне  оқытушы-дəрігердің  пəндік, 
пəнаралық,  тұлғалық  жəне  əлеуметтік  құзыреттіліктері  белгіленді.  Мамандыққа  сəйкес  тəжірибелік 
сабақтарды құзыреттілік бағытында ұйымдастыру талқыланды.  
Кілт сөздер: құзыреттілік, құзыретті мүмкіндіктер, ұстаз құзыреттілігі, дəрігер құзыреттілігі, педагог-
дəрігер құзыреттілігі, құзыреттіліктерді дамыту, портфолио. 
 
Қазақстан  Республикасының  Болон  декларациясына  қол  қоюы    өз  ізімен  білім  беру  сапасын 
жақсартуды  негізгі  мақсат  ретінде  қабылдап,  еліміздің  жоғары  оқу  орындары  жоғары  мектепті 
реформалау  үдерісіне  белсенділікпен  кірісті.  Соңғы  уақытқа  дейін  барша  отандық  жоо-ы  мамандар 
дайындығында БЕД (оқу орнының өз түлегіне күні ілгері берген Білімдері, Ептіліктері, Дағдылары) 
арқылы  өрнектелетін  модельді  арқау  ететін.  Алайда  мұндай  бағыт-бағдар  бүгінгі  таңда  заман 
талаптарына  сай  келмейді.  Жаңа  шешімдердің  қажеттігі  əлемде  инновациялық  индустрияландыру 
«Нұрлы  жол»  бағдарламасына  түскен  елімізде  қарқынды  жүріп  жатқан  ұнамды  өзгерістерге 
байланысты  туындауда.  Ең  алдымен,  экономиканың  жаһандық  сипат  алуы  мен  бұрын-соңды 
болмаған  технологиялардың  екпінді  дамуы.  Білімнің  даму  шапшаңдығы  соншалықты — түлек 
дайындығының  айналымы  аяқталмай  тұрып-ақ,  ол  ескіреді,  осыдан  «білімдік»  парадигманы  ұстану 
түлектердің өздерін де, жұмысқа тартушыларды да қанағаттандырмайды. Тіпті, мықты іргелі пəндік 
білімдердің өздері табысты кəсіби қызметтің кепілі бола алмайды. Жоғары деңгейлі маман болу үшін 
пəндік  білімдерден  өзге  пəнаралық  білімдер,  ептіліктер  жəне  дағдылар  қажет.  Мұндай  пəндер 
тоғысында  пайда  болған  білімдерді  қалыптастыру  əрі  дамыту  əбден  қажет,  ал  жоғары  мектеп  осы 
мəселенің шешімін беретін бірегей ғылыми-зерттеу мекемесі.  
Маман дайындау мен тəлім сапасын жақсартудың негізгі талаптары ретінде еуропалық ғылыми-
педагогикалық  қауымдастық  тарапынан  оқытудың  құзыреттілік  бағыты  алға  тартылған, 
«құзыреттілік» ұғымы да 2010 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық оқыту үдерісін модернизациялау 
тұжырымына  енгізілген  болатын.  Осыған  орай  жоғары  мектеп  бұл  бағытты  іске  асыру  мен 
түлектердің  оқу-үйренімі  аяқталғаннан  соңғы  жалпы  да  арнайы  құзыреттілігін  өрнектеуге 
байланысты маңызды міндеттердің шешімін табуы қажет.  
Жоғары  медициналық  мектепте  құзыреттілік  бағытты  қолдануға  қатысты  мəселелер  ақпарат 
көздерінде кең талқыға алынуына қарамастан, осы күнге дейін шешімін тапқан емес. Бұл салаға орай 
зерттеулер де жоқтың қасы, ғылыми əдебиеттер де жоқ. Ең алдымен, баршаны қанағаттандырғандай 
болашақ  дəрігерлерге  байланысты  құзыреттілік  ұғымы  да  анықталмай  отыр.  Жалпы  құзыреттілік 
мəселесімен  айналысқан  академик  И.А.Зимняя  құзыреттілікке  келесідей  анықтама  ұсынады: 
«Құзыреттілік — бұл  кейбір  əлеуетті,  жасырын  психологиялық  жаңа  құрылымдар  (білімдер, 
түсініктер,  іс-əрекеттер  бағдарламасы,  құндылықтар  мен  қатынастар  жүйесі),  кейін  бұлар  адам 
құзыреттілігінде  көкейкесті,  ісшеңдік  сапа  түрінде  көрінеді» [1]. «Құзырет  мүмкіндігі»  ұғымын 
құзыреттілікті арқау етіп анықтаудың өзі бұл екі ұғымның мазмұнын ашу мүмкіндігін бермейді. 
Мəндік тұрғыдан жақын келетін жалпы анықтаманы академик А.В.Хуторской берген: «Құзырет 
мүмкіндігі — бұл  сапалы  да  тиімді  іс-əрекет  үшін  қажет  заттар  мен  үдерістердің  белгілі  тобына 
орайлас  берілетін  тұлғаның  өзара  байланысқан  сапаларының  бірігімі» [2]. Бұл  анықтамада 
психологиялық көзқарас тұрғысынан білімдер мен ептіліктерді, іс-əрекет дағдылары мен амалдарды 
тұлға  сапалары  ретінде  қарастыру,  сондай-ақ  адам  сапаларын  заттар  мен  үдерістер  шеңберіне 
қатысты «беруге» болатындығы күдік тудырады. Тұлғалық сапалар адам бойында əрқашан жасырын 

К.С.Бабаева 
40 
Вестник Карагандинского университета 
қалыпта болады, ал білімдер, ептіліктер мен дағдылардың өздері, Платонов түсінімінде, «жеке-дара 
мəдениет», «дайындық» не «тəжірибе» [3].  
Бұл  екі  анықтаманы  біріктіруші  маңызды  да  ортақ  түсінім  кəсіби  іс-əрекеттің  табысты  іске 
асырылуына қатысты түлектің құзырет мүмкіндігінің мəнділігін мойындаудан туындап отыр. Мұның 
жəне бір қыры — жаңа құрылымдардың — құзырет мүмкіндігі мен құзыреттіліктің — екі деңгейін 
айыра қарастыру. 
Əңгіме  арқауы  болған  «құзыреттілік»  мəселесінің  бізді  аса  қызықтыратын  тараптары — бұл 
аталған  категорияның  екі  тарапы,  яғни 1) оның  мазмұндық  функциясы  мен 2) құрастырушылық-
техникалық қызметі. 
Құзыреттіліктің  мазмұндық  функциясы — бұл  сапаның  болашақ  дайындығының  алғашқы 
қадамынан бастап, соңғы нəтижеге дейін көрініс беретіні. Қандай да құбылыс, заттың барша қажетті 
байланысын  ашумен  бірге,  сол  құбылыстың  өзін,  яғни  клиникалық  ауытқуды  үздіксіз  қозғалыста, 
басқа  да  тұлғаның  қоршаған  ортадағы  жағдайларымен,  пайда  болуы  жəне  «жойылу»  үдерістерімен 
өзара  бірлікте  қарастыруға  ойыстырушы  диалектикалық  логикаға  арқа  сүйеу.  Қай  теорияда  да, 
практикада да «диалектика» бөлек қарастырылатын анықтамалар өздігіне бірі біріне өтеді, кірігеді, өз 
болмыстарының табиғи күштерімен бірлікке келеді [4]. 
Сонымен,  болашақ  дəрігердің  құзыреттілік  сапасын  қалаудағы  мазмұндық  функцияда  ең 
алдымен  назар  аударатын  өзекті  мəселе  ол  дəрігердің  кəсіби  қызметі  нысанының  шексіз  дамып 
баруы, соның нəтижесінде үздіксіз жетілуі. Болашақ дəрігер үшін кəсіби қызмет нысанын игеру – бұл 
медициналық оқу-үйретім/үйренім үдерісінде атқарылатын арнайы байсалды дайындықты білдіреді. 
Осы  үдерісте  дəрігерлік,  емдеу  технологиялары  іске  асып  барады.  Болашақ  дəрігер  бойында 
құзыреттілік,  құзыреттілік  мүмкіндіктерді  қалыптастыруға  арналған  біртұтас  педагогикалық  үдеріс 
мəні  дəрігер-педагог  пен  дəрігер-студенттің  арасындағы  қызметтер  алмасуы  ғана  емес,  сол 
қызметтердің (педагогтың ұстаздық қызметі мен студенттің шəкірттік қызметінің) əрқандай құбылыс 
ретінде дамуында өріс жайып өркендеуіне [5]. Құзыреттілік категориясының мазмұндық функциясы 
медициналық  тəлім  үдерісінің  дамуын  алға  тартушы  қозғаушы  күштерді,  білуде,  туындап  жататын 
қайшылықтарды  айқындап,  талдай  алу  ептілігінде,  шынайы  медициналық  мəселеге  сəйкес  оларды 
əрекетке келтіруде айқын көрініске келеді. 
Болашақ  дəрігер  субъекттің  нысан  (науқас)  мазмұнын  бейнелей  алу  құзыреттілігі  тереңдей 
теориялық  білімдерді,  практикалық  ептіліктер  мен  дағдыларды  талап  етеді.  Болашақ  дəрігерлердің 
кəсіби  құзыреттілік  дайындығында  медициналық  ғылымдардың  теориялық  «іргетасын»,  іс-қызмет 
құзыреттілігін сүйеніш ету білімдер мазмұнын түбегейлі пайдалана білуге əбден қажет. 
Дəрігер-педагогтарымыздың  көтерілген  мəселеге  байланысты  жəне  бір  назар  аударған 
проблемасы — бұл  «құзыреттілік»  категориясының  құрастырушылық-техникалық  функциясы. 
Бұл қызмет  жəне  бірде  «қолданбалық  немесе  нормативтік»  деп  те  аталады [5]. Дəрігерлік  кəсіби 
қызметте құзыреттілік, құзыреттілік мүмкіндіктер функциясы екі қырымен қажеттілік танытады: 
1) теориялық білімдер жүйесі ретінде; 
2) ғылыми-зерттеушілік, яғни практикалық, іс-қызмет жүйесі ретінде. 
Ғылыми-практикалық іс-əрекет жүйесінде субъект құзыреттілігі тікелей əдіснамалық зерттеулер 
жүргізуге,  сондай-ақ  дəрігерлік  зерттеу  ісін  əдіснамалық  қамсыздандыруға  əбден  қажет. 
Алғашқысында  біртұтас  медициналық  тəлімнің  практикамен  байланысындағы  даму  заңдылықтары 
мен  бағдар-бағытын,  дəрігерлік  тұжырымның  тиімділігін  жəне  сапасын  көтерудің  принциптерін 
ашып, солардың түсініктеме аппараттарын талдап, құрамдас бөліктерін тануға мүмкіндік ашылады. 
Осыдан клиникалық жұмыстың мазмұндық сапасы негізделеді жəне бағаланады. 
Құзыреттіліктің құрастырушылық-техникалық функциясы төмендегі аталған қызметтер бабымен 
айқындалады: 
 таңдалған медициналық (дəрігерлік) ғылым саласын меңгеру; 
 дəрігерлік іс-қызмет сипатын, оның медициналық ғылым аймағындағы ерешеліктерін анықтау; 
 зерттеу нысанын айырып алу; 
 əрқилы зерттеу шаралары мен əдістерін пайдалану; 
 мазмұн іріктеуде шығармашылдық сапаларды іс жүзінде көрсете білу; 
 дəрігерлік  зерттеу  жұмыстарының  даму  критерийлерін,  көрсеткіштері,  өрістеу  динамикасын 
құрастыру; 
 қолданған (қолданылатын) дəрігерлік танымның көкейкестілігін, өткізу логикасын негіздеу. 

Дəрігер-ұстаз қызметінде құзыреттілік… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
41 
Əрине,  бұл  құзыреттілік  қызметтердің  бəрінің  де  орындалуы  дəрігер-педагог  үшін  де,  оның 
шəкірті  үшін  оңай  болмастығы  айдан  анық,  солай  бола  тұрса  да  осыларға  үйрету-үйрену 
медициналық факультет қабырғасындағы аса қажетті міндет. 
Біздің  пайымдауымызда,  құзыреттілік  психологиялық  жаңа  құрылым  ретінде  құзыретті 
тұлғаның  бірігімді,  тұрақты  сипаттамасы.  Біз  ойлағандай,  құзыретті  адам  өзіне  пікір  айтуға, 
жауапкершілікпен  шешім  қабылдауға,  яғни  нақты  салада  тиімді  болуға,  мүмкіндік  беретін  қажетті 
шамадағы  білімдер  мен  ептіліктерге  ие.  Бұл  орайда,  біздің  пікірімізше,  құзыреттілік  мазмұнына 
білімдер,  ептіліктер  мен  дағдылар  ғана  емес,  сонымен  бірге  тұлғалық  қатынастарды,  қалыптасқан 
құндылықтар  жүйесін  де  қамтиды.  Ал  құзырет  мүмкіндіктері — бұл  өз  ішіне  əлеуметтік  мəнді 
сапаларды қамтыған, əрбір нақты пəнге үйретуде күтілетін нəтиже есебіндегі алдын ала белгіленген 
нормалар. 
Мұндай пайымда, «құзырет мүмкіндігі» ұғымы соңғы уақыттарға дейін танымды болып келген 
білім, ептілік жəне дағдылардың бірігімді ұғымынан мəн-мағына тұрғысында анағұрлым кең, əрі ол 
өз  ішіне  жауапкершілік  пен  өзіндік  дербес  тəжірибені  қамтиды.  Осылайша,  жоғары  мектеп  нақты 
саладағы  кəсіпкерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  əлеуметтік  кемелді  тұлғаны  дайындауға  тапсырыс 
алады.  Кейінгі  кезге  дейін  оқу-үйренімнің  соңғы  нəтижесі  ретінде  қабылданған  білім,  ептілік  жəне 
дағдылар  маманға  қажет  қасиеттерді  əрқилы  деңгейлерге  «тарата  тартып»  келген  болса,  енді  əр 
құзырет мүмкіндігінің белгілі, нақты мазмұнына (жалпы пəндік не кəсіптік) білімдерге, ептіліктерге, 
дағдыларға  енгізіледі.  Осыдан  əрбір  құзырет  мүмкіндігі  тəжірибенің  барша  деңгейлік  қасиеттерін 
біріктіруші  жүйелі  ұғым  мəнін  алады.  Бұл  маман  дайындауда  жүйелі  бағыт-бағдар  қолдануға 
мүмкіндік  береді.  Құзыреттілік  бағытты  ұстану  маманның  жеке  пəндік  те,  пəнаралық  білімдері, 
ептіліктері  мен  дағдыларына  қойылатын  талаптарды  бірыңғай  құзырет  мүмкіндігі  мен  олардың 
ансамблінде біріктіруге болады.  
Жоғары  медициналық  тəлімде  құзыреттілік  бағыт  мəнін  түсіну  проблемасы  ойлағаннан  гөрі 
біршама  шапшаң  шешімін  тауып,  іске  асты,  себебі  барша  медициналық  тəлім  студенттің  оқу-
үйретім/үйренімінің  тиімділігін  бағалауда  əрқашан  да  болашақ  дəрігердің  əрқилы  мамандануына 
белгіленетін білімдер, ептіліктер мен дағдыларды сүйеніш еткен [6]. 
Жоғары  білімді  реформалау  қажеттігін  түсіну  мен  құзыреттілік  бағыт  көкейкестілігі,  оны  іске 
қосу  шешімін  күткен  проблема  болып  қалуда.  Бұл  проблеманың  мəні — құзыреттілік  бағыттың 
əдіснамалық сипатын түсіну жəне оның практикаға енуін іске асыру. Ең алдымен аталатын жайт — 
студенттің  кəсіби-біліктілік  моделін  сипаттау  үшін  қолданылатын  өзекті  құзырет  мүмкіндіктерінің 
бірыңғай  келісілген  тізімі  бүгінгі  таңда  жасалмаған.  Тəлімдік  үдерісті  құру,  оқу-үйренімді  бағалау 
мен  сапаларды  қамсыздандыру  əдістеріне  қатысты  жұмыс  тəсілдерін  өзгерту  қажеттілігіне 
байланысты біршама күрделіліктер əлі сақталуда.  
Мұндай  жəне  ұқсас  қиыншылықтарға  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университетінің  медицина  факультеті  педагог-ұстаздарының  да  кезігіп  жатқанын  түсіне  отырып, 
факультет құрамында ұйымдастырылған үздіксіз кəсіби даму секторында медицина ғылымдарының 
докторы Ж.С.Шалхарованың басшылығымен өз жұмысын бастаған курста «Құзыреттілік бағытында 
оқу-үйретім/үйренім  жəне  бағалау  əдістерін  əзірлеу»  модулі  бойынша  семинарлар  өткізілуде. 
Бұл семинарларда  педагог-мамандар  құзыреттілік  жəне  құзырет  мүмкіндігі  ұғымдарының 
анықтамасымен  жəне  оқу  үдерісін  құзыреттілік  бағыты  арнасында  ұйымдастырудың  негізгі 
жолдарымен танысты. 
Оқу-үйретім/үйренім  сабақтары  уақытының  көп  бөлігі  тыңдаушылардың  өзіндік  жұмыстарына 
бөлініп,  олардың  белсенділігі  негізінде  жүргізілді.  Алғашқы  семинарда  барша  топты  белсенді 
жұмысқа  қосуға,  тыңдаушылардың  көпшілігінде  құлшыныс  оятатын  мегажоспарлы  əдістер 
қолданылды.  Бұл  семинардың  негізгі  мақсаты — болашақ  дəрігер-түлектерге  қажетті  кəсіби 
құзыреттіліктерді  бөле  ажыратуда  ұстаздарға  жəрдемдесу,  сонымен  бірге  өз  қызметін  құзыреттілік 
бағытында  табысты  іске  асыруда  педагогтардың  өздеріне  керекті  құзырет  мүмкіндіктерін  саналы 
сезінуге көмектесу.  
Тыңдаушылар  үш  топқа  бөлініп  дəрігердің,  педагогтың,  дəрігер-педагогтың  өзекті 
құзыреттіліктерін  қалыптастыру  бойынша  өзіндік  жұмысқа  тартылды.  Дəрігердің  өзекті 
құзыреттіліктеріне медициналық білімдер, ептіліктер мен дағдылары болған медициналық амалдарды 
біліктілікпен  орындау,  диагноз  дəлдігін  сақтау,  қызметтік  техниканы  меңгеру,  медициналық 
құжаттарды сауатты толтыру жəне т.б. тұлғалық жəне əлеуметтік құзыреттіліктер жатады. Дəрігердің 
тұлғалық  құзыреттіліктері  арасында  тыңдаушылар  келесілерін  атады:  өз  жауапкершілігіне  алу 

К.С.Бабаева 
42 
Вестник Карагандинского университета 
ептілігі, рефлексия (өз əрекеттері мен эмоционалдық қалпын талдау), өзіндік реттеу-түзету, сындарлы 
(ақпарат  ағымына,  жарнамаға  қатысты),  өзіндік  даму  қажеттілігі  мен  оған  ұмтылыс.  Əлеуметтік 
құзыреттіліктері  арасында  көбіне  пациентпен  жəне  олардың  туысқандарымен  сұхбаттасу  ептілігі, 
əріптестерге деген сыйластық жəне олармен таласты жағдайларды ашық талқылау қабілеті, пациентті 
емделуге  ынталандыру,  пациенттер  құқығын  сақтау  мен  олардың  діни  əрі  ұлттық  ерекшеліктерін 
құрметтеу. 
Жоо  ұстаздарының  өзекті  құзырет  мүмкіндіктері  арасында  курс  тыңдаушылары  əдістемелік 
мəселелер  ретінде  қажет  деп  атағандары:  өз  пəні  бойынша  замандық  ақпараттарды  меңгеру,  оқу-
үйретім/үйренім  үдерісінде  ақпараттық  технологияларды,  студент  жетістіктерін  бағалаудың 
прогрессивті  формаларын  пайдалану  жəне  т.б.  Сонымен  бірге  ерекше  назар  əлеуметтік  жəне 
тұлғалық  құзырет  мүмкіндіктеріне  аударылды.  Əлеуметтік  құзырет  мүмкіндіктеріне  байланысты 
ұстаздың  қарым-қатынас  түзу  ептілігі,  студенттерді  сыйлау,  ортақтасу  адалдығы,  оқу  материалын 
түсінікті  баяндау  ептілігі,  басқаларды  ынталандыру  шеберлігі  жəне  т.б.  Тұлғалық  құзырет 
мүмкіндіктеріне  байланысты  рефлексия,  көңіл-күй  тұрақтылығы,  көрегенді  шығармашылдық, 
орынды өзіндік баға, тағы басқалар аталды. 
Педагог-дəрігердің  басты  құзырет  мүмкіндігін  жоғарыда  өз  алдына  бөлек  аталған  дəрігер  мен 
ұстаздың құзырет  мүмкіндіктерін  олардың қосындысына  телуге əбден  болмайды. Бұл  тұста  ерекше 
деңгейлік  «дəрігер-науқас»  жəне  «ұстаз-студент»  нақты  ситуациялар  шеңберіне  сыймайтын,  кең 
мəнді  жағдай  құзыретін  ажырата  білу  қажет.  Бұл  деңгейге  тыңдаушылар  жаппай  медициналық 
жүйеге  деген  жаһандық  жауапкершілікті  жатқызды,  себебі  дəрігер-педагогтар  іскерлікпен  қызметін 
атқарып жүрген клиницистер ғана емес, олар дəрігерлердің жаңа əулетін тəрбиелеуде, осы тұрғыдан 
олар  бойында  практикалық  емдеу  сапа-қасиеттерінің  болуы,  тыңдаушылар  пікірінше,  міндетті. 
Өздерінің  кəсіби  іс-əрекетін  бұлайша  түсінуінен  педагог-дəрігер  студенттермен  қатынасын  кіші 
əріптестерімен  байланыс  жасаудың  бірегей  мүмкіндігі  деп  біледі,  яғни  ол  ендігі  қызметін  «ұстаз-
студент»  деңгейінде  ғана  түзіп  шектелместен, «дəрігер-дəрігер»  деңгейінде  атқаратын  болады. 
Осыдан студенттің ынта-ықыласы арта түседі, оқу-үйренім, ғылыми іс-əрекет белсенділігі көтеріледі, 
ұстаздың абырой-беделі шыңдала түседі. 
Екінші  кезең — бұл  əрқилы  деңгейлі  құзырет  мүмкіндіктерінің  дамуын  көрнекі  пайымдауға 
арналған  практикалық  сабақтарды  дайындауға  бағытталды.  Осы  кезеңде  педагогтар  елеулі 
қиыншылықтарға  кезігіп,  келесідей  сұрақтар  қыспағына  түсті:  əлеуметтік  жəне  тұлғалық  деңгейлі 
құзырет  мүмкіндіктерінің  дамуын  дəріс  құрылымына  қалай  енгізуге  болады,  бұрын  өрнектелген 
құзырет  мүмкіндіктерінің  даму  деңгейін  қандай  жолмен  бағалау  қажет,  егер  студент  пəндік 
құзыреттерден  жақсы  білімдер  мен  ептіліктер  байқата  білсе,  бірақ  əлеуметтік  жəне  тұлғалық 
құзыреттен қателік жіберген болса, педагог оның бағасын төмендетуге құқы бар ма? Студенттердің 
жетістіктерін  бағалауда  субъективтіктен  қалай  құтылуға  болады?  Алайда  дəрігер  кəсібі  ежелден 
«адам-адам»  деңгейінде  іске  асырылатын  кəсіпке  жататынына  қарамастан,  жоғарыда  аталған 
сұрақтар  қайталанудан  тиылар  емес,  демек,  белгілі  əлеуметтік  жəне  тұлғалық  сапалар  дамуына 
негізделген деонтологиялық көзқарас көпшілік пəндерді игеруде өз мəн-маңызын сақтауда. 
Шешім  көзі — нақты  пəнді  өткеннен  кейін  студент  меңгеруі  тиіс  қажетті  құзыреттіліктердің 
ресмилестірілген тізімінің, сол құзыреттіліктерге қойылатын бағаның айқын болуы. Бұл студенттерге 
оқу-үйретім/үйренім  бастауынан  құзыреттілікке  сай  дағдылардың  қалыптасуына  саналылықпен 
атсалысуға,  əрі  олардың  кəсіби  маңызды  болатыны,  баға  не  балл  қойылуда  есепке  алынатыны 
жөнінде  түсінім  дамытуға  көмектеседі.  Осыдан  педагог-дəрігер  студенттің  нақты  құзыреттілікті 
игеру дəрежесіне сай баға қоя алады.  
Мұндай  құзырет  мүмкіндіктерін  өрнектеу  студенттердің  оқу-үйретім/үйренім  практикасына 
белсенді үйрену əдістерін, рольдік ойындарын, клиникалық жағдайлар талдауын енгізу арқылы ғана 
мүмкін. Себебі дəл осы үйретім/үйренім тəсілдерінде жеке пəндік кəсіби құзырет мүмкіндіктері ғана 
емес,  солармен  бірге  дəрігердің  əлеуметтік  те,  тұлғалық  та  құзырет  мүмкіндіктері  интегралдық 
байланысқа түскен. 
Дəрігер-педагогтың  өзіндік  құзырет  мүмкіндіктерін  түсіне,  пайымдауда  «Портфолио» 
технологиясының  жəрдемі  орасан.  Курс  дəрістерінде  тыңдаушылар  осы  технологияны  үлкен 
қызығушылықпен  игеру  жұмыстарын  орындады.  Тыңдаушылар  пікірінше,  мұндай  технология  курс 
барысында  меңгерген,  өзіндік  кəсіби  тəжірибеден  не  əріптестер  практикасынан  алған  ақпараттарды 
талдауға  септігін  тигізді.  Бұдан  өзге, «Портфолио»  өзіндік  құзыреттіліктерді  іштей  сезіммен  түсіне 
тануға  көмектесіп,  оларды  əрі  қарай  жетілдіріп  отыруға  ынталандырады.  Бұл  сынды  мазмұны  бай 

Дəрігер-ұстаз қызметінде құзыреттілік… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
43 
жұмыс үйретуші педагогқа өзінің ұстаздық құзыреттіліктерінен дəрігер құзыреттіліктеріне, одан соң 
дəрігер-педагог  құзыреттіліктеріне  біртіндеп  өтіп,  студенттер  бойында  болашақ  дəрігердің 
құзыреттіліктерін тіктеп, одан шынайы маман қалыптастыруға айдын жол ашып береді. 
 
 
Əдебиттер тізімі 
1  Зимняя И.А. Ключевые компетенции — новая парадигма результата современного образования. — [ЭР]. Режим дос-
тупа: www.eidos.ru  
2  Хуторской  А.В.  Определение  общепредметного  содержания  и  ключевых  компетенций  как  характеристика  нового 
подхода к конструированию образовательных стандартов. — [ЭР]. Режим доступа: www.eidos.ru  
3  Безродная Г.В., Севостьянов Д.А., Шпикс Т.А. Принципы компетентностного подхода в медицинском вузе // Меди-
цина и образование в Сибири. — 2008. — № 2. — С. 12, 13. 
4  Дайкер А.Ф., Нечитайлова Е.П., Успанов К.С., Сманова Г.Т. Общее и особенное в формировании профессионально-
значимых качеств учителя // Под науч. ред. Н.Д. Хмель. — Алматы, 1990. 
5  Рысбаева А.К. Категории педагогики в системе научного знания: Учеб. пособие. — Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 
2005. 
6  Русина Н.А., Алексеева С.В. Компетентностный подход в деятельности врача-преподавателя // Медицина и образова-
ние в Сибири. — 2008. — № 2. — С. 14, 15. 
 
 
К.С.Бабаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет